Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Электронды-есептеу техникасы мен байланыс каналдарын қорғау



Pdf көрінісі
бет89/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Электронды-есептеу техникасы мен байланыс каналдарын қорғау 
бөлімінің негізгі қызметі: 
 конфиденциалды мәліметтердің кетудің техникалық каналдарын ықтимал 
фактілерін айқындау; 
 конфиденциалды мәліметтердің техникалық құралдар мен каналдар 
арқылы кетуін алдын-алу; 
 бәсекелестер және т.б. туралы мәлімет алу үшін техникалық құралдар 
қолдану; 
 қауіпсіздікке төнген қауіптер туралы мәліметтерді ақпараттық-
аналитикалық бөлімге беру. 
Мейрамхана және қонақ үй қауіпсіздігі қызметтері қажет болса өз 
әрекеттерін реттеп, келісім шартқа сәйкес әрекет етеді. Бұл үрдіске ақпаратпен 
алмасу, жағдайды бірігіп қолдану, алдын - алу шараларын бірігіп жүргізу 
жатады. 
Мейрамхана және қонақ үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлкен 
физикалық, моральді – психологиялық жүктемелер мен материалды 
шығындардан тұратын күзет қызметі көмегімен жүзеге асады. 
 


135 
8. 
МЕЙРАМХАНА ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ЖАРНАМА 
ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ 
Жарнама туралы түсінік. Бәсекелес ортада кәсіпорынның табысы оның 
нарыққа коуникативті әсер етуіне байланысты. Кәсіби нарықтық әрекетпен 
айналыспайтын адамға маркетингтік коммеикациялардың алуан түрлілігі мен 
көптігі аса белгілі. Бұл жүйеде орталық орынды жарнама алып жатыр. Жарнама 
анықтамалары ішінде келесілерін атап көрсетуге болады: 
Жарнама танымал спонсор атынан идея немесе қызметтерді таныстыру 
және өткізудің кез-келген ақылы түрі.
Жарнама –бұқаралық ақпарат құралдары немесе басқа байланыс 
құралдары арқылы белгілі бір тауар ды, марканы немесе фирманы үгіттейтін 
ақылы қызмет.
Жарнаманың негізгі сипаттамалары: 
Жеке емес сипат. Коммуникациялық дабыл ықтимал тұтынушыға жеке 
сатышудан емес, әртүрлі делдалдар арқылы түседі. 
Жарнаманың бір жақты бағыты сатышудан сатып алушыға бағытталады. 
Жарнама тиімділігін өлшеу көзқарасынан белгісіздік. Бұл сипаттама 
алдыңғы 
сипаттамасаның 
логикалық 
жалғасы 
болып 
абылады. 
Коммуникацияда ықтималдылық және белгісіздік спатқа ие. Сатып алу фактісі 
бірқатар факторларға тәуелді. Мысалы, ең жақсы жарнамалық кампания 
жарнамаланып жатқан өнім партиясының өндірудегі ақаумен сәйкес келуі 
мүмкін. 
Қоғамдық сипат. Жарнамаланатын тауар заңды және жалпы қабылданған 
болып саналады. Сондықтан біз заңмен тыйым салынған тауарлар жарнамасын 
кездестірмейміз.
Жарнама хабарламасында спонсор, жарнама беруші нақты анықталған.
Жарнама әділдікке ұтылмайды. Жалпы жарнамада жарнамаланатын тауар 
немесе қызмет артықшылықтарына көңіл бөлінеді, олардың кемшіліктері 
аталмауы да мүмкін.
Айқындылық және үгіттеуге қабілеттілігі. Жарнаманы көп рет қайталау 
тұтынушыға белгілі бір психологиялық әсер етп, сатып алуға итермелейді.
Жарнаманы жіктеу кезінде бірқатар критерийлер терең талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет