Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Коммерциялық ақпаратты табу бөлімінің



Pdf көрінісі
бет88/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   101
Коммерциялық ақпаратты табу бөлімінің негізгі қызмет келесі 
мәліметтер алудан тұрады: 
 мейрамхана және қонақ үйдің орналасу жері мен оның басшылары мен 
персоналы тұратын жерде криминалды элементтер туралы
 мейрамхана және қонақ үй бәсекелестері мен ықтимал клиенттері туралы; 
 мейрамхана және қонақ үй қызметтері саласында нарық коньюктурасы 
туралы; 
 мейрамхана және қонақ үй нарыққа шығуға жоспарлаған аймақтағы 
жағдай туралы. 
Бұл бөлім ірі сомаға несие немесе басқа келісімдер орнатылған серіктестер
мен клиенттерді тұрақты түрде тексеруге міндетті. Ол сонымен қатар 
мейрамхана және қонақ үйдің басқа нарыққа шығу үшін қолайлы жағдай 
тудыру бойынша шаралар жүргізу керек. Барлық алынған мәліметтер 
қауіпсіздік қызметінің ақпараттық-аналитикалық бөліміне беріледі. 
Ақпараттық-аналитикалық бөлімінің негізгі қызметтері: 
 мейрамхана және қонақ үй қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері 
бойынша қауіпсіздік қызмет бөлімінен мәлімет жинау; 
 құрастырылған және енгізілген ақпараттық жүйе бағдарламасына сәйкес 
осы мәліметтерді өңдеу; 
 мейрамхана және қонақ үй басшысы мен қауіпсіздік қызмет талабына сай 
мәліметтер базасындағы ақпаратты беру; 
 мәліметте базасына түсетін ақпараттарды зерттеу және мейрамхана және 
қонақ үй басшысына аналитикалық шолу мен басқа құжаттарды беру


134 
 мәліметтер базасын бұзудан және ішіндегі ақпараттың криминалды 
элементтер мен бәсекелестерге кетуден қорғау; 
 басқа мәліметтер базасымен ақпарат алмасу мен өзара әрекетті 
ұйымдастыру. 
Тәртіп және күзет бөлімінің негізгі қызметтері: 
 мейрамхана және қонақ үй басшылығын, территориясын, жабдығын және 
т.б қорғау тәртібін құрастыру және жүзеге асыру; 
 Мейрамхана және қонақ үйде орнатылған тәртіптерді қызметкерлердің 
орындауын бақылау; 
 бәсекелестердің ықтимал акцияларына физикалық қарсы әрекет ету; 
 мейрамхана және қонақ үйдің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
мәмелелерінде мемлекеттік құқық қорғау органдарымен өзара әрекет ету; 
 мейрамхана және қонақ үй қауіпсіздігіне қатысты мәліметтерді 
ақпараттық-аналитикалық бөліміне жинап беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет