Климат қалыптастырушы үрдістерге мыналар жатады:
1
)
жылу айналымы
— өңірдің жылу режимін анықтайіын үрдістср
мен көрсеткіштер - жалпы күн радиациясы, радициялық баланс,
орташа жылдық температура және температураның маусымдық
өзгерістерімен сипатталатын температуралық режим;
23
2
)
ылгал
айналымы
өңірдің
ылгалдық
режимін
келесі
көрсеткіштер арқылы сипаттаидыі жылдык жауын-ішшіын мөлшері,
олардың маусым бойынша таралуы, ылгалдылык типі, жылдық булану
мөлшері және ылғалдану коэффициенті;
3
)
циркуляция
нәтижесінде желдің маусым бойынша таралуы, сол
аркылы басым болатын желдер қалыптасады.
Олар жалпы циркуляция желдері (пассаттар, муссондар т.б) және
жергілікті желдер (арыстан, ебі, бесқонақ т.б.) деп бөлінеді. Кез
келген өңірдің немесе жалпы планетаның климаты осы және баска да
климат қалыптастырушы факторлар мен климат калыптастырушы
үрдістер әсерінен іске асады. Ауа массасының типтері қай климатттық
белдеуге жататындыгьша және ылгалдылык мөлшеріне байланысты
калыптасады. Климаттык белдеулердің негізгі ауа массаларының
типтері
солардың
атауларына
сәйкес
аталады
(арктикалық,
антарктикалық,
қоныржай,
трюпикалық,
экваторлык).
Аралык
климаттық
белдеулерде
(субарктикалық,
субантарктикалык.
субтропикалық, субэкваторлық) эр маусым сайын өзінің климаттық
белдеуінде жыл бойы басым болатын ауа массалары еніп отырады
(қыста полюстер жагынан соқса, жазда экватор жагынан соғады ).
Барлық негізгі ауа массаларының типтері (экваторлықтан басқа)
қалыптасу орны теңіз не құрлық болгандыгына байланысты теңіздік
немесе континенттік тип тармагына бөлінеді.
Б. П. Алисовтың климат жіктеуі бойынша кұрлықтың әртүрлі
юшматтық белдеулерінде келесі негізгі климат типтері қалыптасады.
Э к в ато р л ы қ белдеу экваторлык ендіктерде орналаскан, кейде
8
° ендікке дейін жетеді. Жылдьпс қосынды радиация мөлшері
100-160 ккал/см2.
1
Ыстық ылгалды экваторлық климат
экваторлық белдеудегі
құрлықтың ортаңгы және батыс бөліктерін, Үнді мұхиты мен Малай
архипелагының аралдарын қамтиды. Жыл бойы орташа айлық
температура + 25+28 °С шамасында болады. Циркуляция түрі
муссондык: қаңтарда жел солтүстіктен, шілдеде оңтүстіктек согады.
Жылдык жауын-шашын мөлшері 1000-3000 мм (кейде одан да көп),
жыл бойы бірқалыпты жауады. Қүн ылғи ыстық және ауанын
ылгалдылыгы жогары болатындыгына байланысты бұл климат типі
адамға, әсіресе еуропалықтар үшін өте ауыр. Жылына екі рет өнім
алатын тропикалық егіншілік мүмкіндігі бар.
С у б эквато р л ы қ белдеулер екі жартышардың субэкваторлык
ендіктерінде орналасқан, кей жерлерде
2 0
° ендіктерге дейін жетеді.
Жылдық қосынды күн радиациясы 140-170 ккал/см2, радиаци
5
ілық
баланс 70—80 ккал/см . Жылдың әр маусымында ауа массасының
24
желдің және ауа райының маусымдық ауысуы болып тұрады. Қыста
эр жартышарда экваторға бағытталған пассат желі басым болып,
циклондық ауа райы қалыптасады. Жазда әр жартышарда пассагқа
қарсы экватордан соғатын экваторлық муссон желі басым болып,
циклондык ауа райы қалыптасады.
Субэкваторлық
климаттың
ылғалдылығы
жеткілікті,
субэкваторлық белдеудің тропикке шекаралас бөліктерінен басқасын
толык қамтиды. Қысқы орташа температура # 20+24 °С, жазда
+ 24+29 °С, температура ауытқуы 4-5 °С. Жылдық жауын-шашын
мөлшері 500-2000 мм. Қысқы маусымда ауа райының кұргақ болуы
құрлықтың тропиктік ауасының басым болуына байланысты, ал жазгы
маусымда
ылгалдың
жоғары
болуы
экваторлық
муссондарга
байланысты және ол жарты жылға дейін созылады. Климат тропиктік
ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге өте қолайлы.
Ылгалдылыгы
төмен
субэкваторлық
климат
тропикпен
шектесетін өңірлерде - Оңтүстік Америкада-Каатинг, Африкада-
Сахель және Сомали түбегі, Азияда Индоганг ойпатының батысы мен
Индостанның
солтүстік-батысы,
Австралияда-Карпентария
бұгазының оңтүстік жағалауы мен Арнемленд түбегінде қалыптасады.
Қыскы орташа температура + 15+24 °С, жазда солтүстік жартышарда
бұл ендіктерде құрлық байтақ аумақтарды қамтитынына байланысты
күн оте ыстық + 27+32 °С, оңтүстік бөлігінде біраз төмен + 25+30 °С;
жылдың он айына жуық антициклондық ауа райы тұрады. Жылдык
ылгал мөлшері 250-700 мм. Қысқы маусымның құргак болуы
тропиктік ауа массасына байланысты, ал жазғы ылғалды маусым
экваторлық муссонға байланысты, ол жарты жылга жуық, кейде екі
айға ғана созылады. Бар аумағында ылғалдылық аз болганымен
агротехникалық шаралар қолдану мен егістіктерді суару арқылы
тропиктік ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге мүмкіндік бар.
Тропиктік белдеулер тропиктік ендіктерде орналаскан, кей
жерлерде 30-35° ендіктерді қамтиды: оңтүстік жартышарда тропиктік
белдеу Оңтүстік Америка мен Африканың батыс шегіне жетеді. Жыл
бойы тропиктік ауа массалары мен пассат циркуляциясы басым
болады. Жылдық қосынды күн радиациясьі планетадағы максимумына
(180-220 ккал/см2) жетеді, радиациялық баланс 60-70 ккал/см2.
Жагалаулардагы
тропиктік шөлдердің климаты материктердің
батыс жағалауларында, мұхиттың суық агыстарының әсерінен
қалыптасады. Қысқы орташа температура +10+20 °С, жазгы
температура +16+28 °С, температураның маусымдық ауытқуы
6 - 8
°С.
Тропиктік теңіздік суыған ауа жыл бойы жағалауларды бойлап
согатын пассатпен тасымалданады. Жылдық жауын-шашын мөлшері
25
пассат инверсиясына байланысты аз — 50—250 мм, кеи жерлерде гана
400 мм жетеді. Ылғалдылык тапшы, ол көбінесе шык пен тұман
ретінде түседі. Тропиктік егіншілік оазистерде агротехникалық
шаралар жүргізіп, егінді үнемі суарганда гана мүмкін болады.
Тропиктік
кұрлықтық
шөлдер
континенттігімен
ерекшеленеді.
Қыстың орташа температурасы + 10+24 °С, жаздікі - солтүстік
жартышарда + 29+38 °С, оңтүстікте + 24+32 °С; тәуліктік температура
ауытқуы кейде 30 °С жетеді. Ылғалдылық өте аз, жазда күн өте ыстық
және құргақ болғандықтан ауыл шаруашылыгына қолайсыз.
Тропиктік ылгалды кяимат
материктердің шыгыс жагалауларына
тән, оган мұхиттың жылы ағысы әсер етеді. Қыстың орташа
температурасы 12+24 °С, жаздікі + 20+29 °С, температураның
маусымдық ауытқуы 4-17 °С. Ылгалдылықтың жылдық мөлшері
500-3000мм, шығыс беткейлерге ылгал екі есе көп түседі. Жауын-
шашын жыл бойы, оның көбісі жазда жауады, климат тропиктік
егіншілікке қолайлы.
С убтропиктік белдеулер субтропиктік ендіктерде орналасқан,
кейде 42-45° ендіктерге жетеді. Бар аумагында ауа массаларының
маусымдық өзгеруі жүреді, қыста қоңыржай, жазда тропиктік ауа
массалары басым болады.
Субтропиктік жерортатеціздік климат
материктердің батыс
жагалауларында және соларга жақын аралдарда қалыптасады. Қыскы
орташа температура +4+12 °С, кейде үсіктер жүреді. ш лтүетіқ
жартышардагы жаздық температура + 16+26 °С, оңтүстік жартышарда
+ 16+20 °С. Ылгалдылықтың жылдық мөлшері 500-2000 мм.
Ылғалдылық
таралуы
бірқалыпты
емес,
батыс
беткейлерге
ылгалдылық екі есе артық түседі. Қысы ылғалды, жазы құрғак болады.
Жауын-шашын көбінесе жауын ретінде, өте сирек қар ретінде жауады,
жауган кар тез еріп кетеді. Климаты қолайлы болғандықтан көптеген
курорттар сонда орналасқан.
Субтропиктік континенттік цүргақ климат
субтропиктік
белдеудің материк ішіндегі өңірлерінде орналасқан. Солтүстіктегі
қысқы орташа температура - 8+4 °С, оңтүстікте + 4+10 °С; жазгы
температура солтүстік жартышарда + 20+32 °С, ал онтүстікте
+ 20+ 24 °С. Жыл бойы континенттік ауа массалары қалыптасады,
Қыста қоңыржай, жаз да тропиктік ауа массалары басым болады.
Солтүстік жартышардагы жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстік
жартышарда 50-500 мм, оңтүстікте 200-500 мм.
Субтропиктік бірыцгай ылгалды муссонды климат
субтропиктік
белдеуде, материктің шыгыс жағалауларында, мұхиттың жылы
агыстары
әсерінен
калыптасады.
Солтүстіктегі
қысқы орташа
26
температура - 8+ 12 °С, оңтүстікте + 6+10 °С. Ылғалдылықтың
жылдық мөлшері 800-1500 мм, кей жерлерде 2000 мм. Жауын-шашын
жьіл бойы жауады.
Қоныржай белдеулер солтүстік жартышарда 58-67 с.е.,
оңтүстікте 60-70 о.е. дейін жетеді. Жылдық қосынды күн радиациясы
60-120 ккал/см2. Антициклондық ауа райы басым болатындықтан
Орта Азияның солтүстігінде ғана 140-160 ккал/см2. Жылдық
радиациялық баланс солтүстік жартышарда 25-50 ккал/см2, онтүстікте
материкте субтропикалық балдеумен шектесіп жатқан құрлықтык
аумақтар көп болғандықтан 40-50 ккал/см2. Жыл бойы қоңыржай ауа
массасы басым болады.
Қоцыржай
теңіздік
климат
материктердің
батыс
жағалауларында және соларға жақын аралдарда жылы ағыстар
әсерінен, тек Оңтүстік Америкада суық Перу ағысы әсерінен
қалыптасады. Қысы жылы + 4+8 °С, жазы салқын: орташа
температуралары + 8+16 °С, температураның маусымдық ауытқулары
4-8
°С.
Климаттың
жұмсақтығы
бақша
жэне
сүтті
мал
шаруашылығына қолайлы.
Ауыспалы қурлыңтық қоңыржай климаттың
қоңыржай теңіздік
климатқа қарағанда қысы біршама суық 0-16 °С, оңтүстікте 0+6 °С
дейін жылынады; жазы өте ыстық емес, солтүстік жартышарда
+ 12+24 °С, оңтүстікте +9+20 °С. Бұл ауыспалы климат ауаның
батыстан шығысқа ауысуы барысында қалыптасады, нәтижесінде
қыста ауа суып, ылғалдылығы кемиді, жазда қызады. Жылына
300-1000 мм ылғал түседі. Жалпы климат адам тіршілігіне қолайлы.
-
Қоңыржай континенттік климат
солтүстік жартышардың
материктерінің ішкі аудандарында ғана қалыптасады. Қоңыржай
белдеулердің қысы суық әрі ұзақ: Солтүстік Америкада - 4-26 °С,
Еуразияда - 16-40 °С; қоңыржай белдеулерде қыстық орташа
температура + 16+26 °С, кей жерлерде + 30 °С; гемператураның
маусымдық ауытқуы Солтүстік Америкада 30-42 °С, Еуразияда
32-56 °С. Еуразияның суықтау болуы материктің өте үлкендігіне
байланысты, қыс мезгілінде тұрақты қысқы антициклон қалыптасады.
Жылдық жауын-шашын мөлшері 400-1000 мм, ол Орта Азияда 200
мм дейін төмендейді.
Ылғалдылық әрқилы:
кей аумақтарда
ылғалдьшық жеткілікті болса, кей жерлерде куаңшылық аудандары да
бар.
Қоңыржай муссондық климат
Еуразияның шығыс бөлігінде
қалыптасады. Қысы суық: орташа температура - 10-32 °С, жазы
ыстық емес, орташа температура + 12+24 °С; ауа массасының, желдің
жэне ауа райының маусымдық ауысуы байқалады. Жылдық
27
ылғалдылық мөлшерінің жаздык максимумы 500—1200 мм. Қыста
шамалы қар жамылғысы қалыптасады, ауа райының континенттігі
шығыстан батыска карай артады. Климат адам тіршіліғіне колайлы:
егіншілік, мал, орман шаруашылығы, т.б. жүрғізуге болады.
Қысы
суьщ эрі
қарлы
климат
солтүстік
жартышардың
материктерінің
солтүстік-шығыс
бөліктерінде
мұхиттың
суық
ағыстарының әсерінен қалыптасады. Қыстың орташа температурасы -
8-28 °С; жаз салыстырмалы түрде қысқа әрі салқын: орташа
температурасы +8+16 °С; температураның маусымдық ауытк>ы
24—36 °С.
7 (
Жылдық ылғалдылык мөлшері 400-1000 мм. Жауын-шашын жыл
бойы біркелкі жауады: қыста арктикадан келген циклондар әсерінен
қар қалың жауады, оның қалыңдығы
1
метрге дейін жетеді, жазда
жауын мұхиттық муссон арқылы келеді. Климат адам тіршілігіне
колайсыз, бүғы шаруашылығын дамытуға жағдай бар, егіншілікке
вегетациялық кезеңнің қысқалығы кедергі жасайды.
С у б ар к ти к ал ы к
белдеу
коңыржай
белдеуден
кейін,
субарктикалық ендіктерде орналасқан, 65-75° с. е. дейін жетеді.
Жылдық қосынды радиация 60-90 ккал/см , радиациялық баланс
+15+25 ккал/см . Ауа массасының жылдық ауысуы *мынадай: қыста
арктикалық, жазда қсдыржай ауа массасы басым.
Субарктикальщ теңіздік клгшат
материктер жагалауларында
субарктикалық белдеуде қалыптасады. Қысы үзақ бірақ қоңыржай
суық: орташа температуралары -1 4 -3 0 °С, тек Батыс Еуропада жылы
ағыстар қысты - 2 °С дейін жұмсартады, жазы қысқа әрі салқын:
орташа температуралары +4+12 °С. Ауа массаларының маусымдық
ауысуы: қыста арктикалық, негізінен теңіз ауасы, жазда қоңыржай
теңіздік ауа массалары ауысуға қатысады. Жылдық ылғалдылық
мөлшері 250-600 мм, ал теңіз жағалауларында 1000-1100 мм.
Адамның тіршілік етуіне қолайсыз, егіншілікке қыска әрі салқын жаз,
ягни
вегетациялық
кезеңнің
қысқалығы
кедергі
болады.
Субарктикалық контииентік климат
субарктикалық белдеуде,
материктердің ішкі бөліктерінде қалыптасады. Қыста үскірік аяз үзақ
тұрады: орташа температуралары —24—50 °С; жазы салқын эрі кысқа,
орташа температуралары +8+14 °С. Жылына түсетін ылгалдылык
мөлшері 200-600 мм. Адам тіршілігіне қолайсыз.
С у б ан тар к ти к ал ы қ белдеу оңтүстік коңыржай белдеуден кейін
орналаскан, 63—73° о. е. дейін жетеді. Жылдық қосынды күн
радиациясы 65-75 ккал/см2, радиациялық баланс +20+30 ккал/см2. Ауа
массасының маусымдық ауысуы: кыста антарктикалық, жазда
қоңыржай ауа басым болады.
Субантарктикалық теңіздік климат
28
бүкіл субантарктикалык белдеуді камтиды. Қысы ұзак әрі салқын:
орташа температуралары - 8-12°С; жазы өте қысқа, ылғалдылыгы
жогары және салқын + 2+4 °С. Ауа массасының маусымдық ауысуы
айқын байқалады: қыста жел Антарктидадан шығысқа соқса, жазда
батыска соғады. Жылдық ылғалдылық мөлшері қысқы максимумда
500--700 мм, ылгалдылық жеткілікті.
Арктикалық белдеу солтүстік
поляр маңы ендіктерінде
орнапасқан. Жылдық қосынды күн радиациясы 60-80 ккал/см2,
радиациялық бапанс + 5+15 ккал/см . Жыл бойы арктикалық ауа
массалары басым болады.
Салыстырмалы түрде жылылау арктикалық климат
Атлант
және Тынық мұхиттың жылы агыстарының әсеріне байланысты:
Солтүстік Америкада - Бофорт теңізінің жағалауларында, Баффинов
жерінің солтүстігінде және Гренландияда қалыптасады; Еуразияда
Шпицберген аралынан Солтүстік Жаңа Жерге, ал материкте Ямал
түбегі мен Таймырдың батысына жетеді. Қыс ұзақ, орташа
температуралары -1 6 -3 2 °С; жазы қысқа, орташа температуралары
0+8 °С. Жыл бойы арктикалық, негізінен теңіздік ауа массалары
басым болады.
Жылдық ылғалдылық мөлшері
150-600
мм,
ылғалдылық максимумы жазда болатыны арктикалық циклонның
әсерінен. Ылғалдылық жеткілікті әрі артық.
Қысы
суьщ
арктикалық
климат
арктикалық
белдеудің
Гренландияның ішкі бөліктерінен басқа қалган аудандарын түгел
қамтиды, Солтүстік Мұзды Мұхиттың суық ағыстарының әсерінде
болады. Қысы үскірік аязды әрі ұзақ, орташа температуралары
- 32-38 °С; жазы қысқа, орташа температуралары
0 + 8
°С; жылдық
ылгалдылық мөлшері 50-250 мм. Ең суық арктикалық климат
Гренландияның ішкі бөліктерінде болады, онда жыл бойы қыс
қайтпайды: орташа температуралары - 36-49 °С; жазда 0-14 °С,
ылғалдылык жеткілікті.
Антарктикалық
белдеу
климаты
оңтүстік
поляр
маңы
ендіктерінде, негізінен Антарктида материгінде орналасқан, климат
Антарктиданың Мұзды қалқанының әсерінен қалыптасады. Жылдық
2
қосынды күн радиациясы 75-120 ккал/см . Жылдық радиациялык
баланс 5-10 ккал/см .
Салыстырмалы
түрде жылылау Антарктикалық клгшат
Антарктида материгінің шеткі сулары үстінде қалыптасады. Қыс ұзақ,
антарктикалық сулардың әсерінен шамалы жұмсарған: орташа
температуралары - 10-35 °С; жазы қысқа әрі суық: орташа
температуралары - 4-20 °С.
29
Жылдык ылғалдылық мөлшері 100-300 мм, жыл бойы кар
жауады.
. . .
Өте суыц аитарктикальщ климат
Антарктида материгінің ішкі
бөліктеріне тән. Жыл бойы температура төмен, күн жылынбайды:
қысқы орташа температура — 45—72 °С, жазгы — 25—35 С, жыл бойы
антарктикалык ауа басым. Жылдық ылгалдылық мөлшері 40—100 мм,
жыл бойы бұлтсыз антициклондық ауа райы тұрады.
Ж ы л ы ж ай құбы лы сы . Кейінгі уақытта Жердегі геохимиялык
айналымның антропогендік бұзылуына тікелей қатысты тағы бір
фактор анықталды. Ол «Жер — атмосфера» жүиесіндегі газ алмасудьщ
құрылымдық өзгеруі. Онын мәні мынада; Жердегі адамзаттың тірлігі
белгілі бір дәрежеде атмосфераның оптикалық қасиеттеріне әсер ете
отырып, оның газдық құрамының өзгеруіне себеп болады. Бұл
өзгерістер соншалықты ауқымды емес, бірақ газ құрамы үнемі
өзгеруде,
осы
жагдайлар
экологтарды
мазасыздандыруда.
Органикалық отындарды (көмір, мұнай, табиги газ, жангыш тактатас,
шымтезек, ағаш) жаққанда атмосфераға жылына
15
млрд т
көмірқышқыл газы мен шаң кететіні белгілі. Планетамыздың массасы
5*1015 т екенін ескерсек, бұл үлкен көрсеткіш емес. Дегенмен,
көмірқышқыл газының аздаған мөлшерінің өзі жылыжай құбылысын
туындатады. Жерден шағылысып қайтқан жылуды жылыжайлық
газдар тұтып қалып, климаттын жалпы жылынуына себеп болады.
Атмосферада шаңның көбеюі, керісінше, оның суынуына себеп
болады,
өйткені
атмосфералық
аэрозоль
ауаньш
мөлдірлігін
төмендетеді. Сонымен қатар, Жер бетіне шаңның қонуы, әсіресе
мұзды зонада альбедоның кемуіне жэне климаттың жьшынуына
экеледі. Қазіргі таңда жылыжай құбылысына ерекше көңіл бөлініп
отыр.
1979 жылы Женевада өткен климат бойынша әлемдік
конференцияда жуық арада климат өзгеруі болатыны жэне оның
қайтымсыз болып кету қаупі бар екені айтылды. 1981 жылы
Ленинградта
өткен
кеңес-америка
эксперттері
басқосуында
жарияланған
бақылаулар
нэтижелері
бойынша,
атмосферадағы
көміркышқыл газы 0,0335 %-ға дейін өскені айтылды, ал XIX ғасырда
ол 0, 029 % құраған еді. Қазіргі таңда атмосферадағы СО
2
мөлшері
шамамен 0,0394
%
деп бағаланады. Б ¥ ¥ 1990 жылдың қарашасында,
Женевада өткен конференциясына қатысушылардың барлығы (онда
600 адам қатысқан),
2 1 0 0
жылы жылу градусқа көтеріледі деген
болжамды мақұлдады. Бұл болжам климат өзгеруі бойынша құрылған
үкіметаралық комиссия кұжаттарының барлығына енгізілді. Ғаламдық
жылынудың накты жылдамдыгын бақылауларға сүйеніп анықтауга
болады. Әдебиеттерде, планетада соңгы 125 жылда температура 0,5 %
30
көтерілген деп көрсетіледі. Температура көтерілуінің көп бөлігі соңғы
40 жылда қатгы байқалған.
1990-1995 жылдар аралыгындағы
температура көтерілуі 0,05 % тең болған. Жылынудың болатындығын
поляр өңіріндегі бақылаулар растап отыр. Америка ғалымдарының
айтуынша соңгы 40 жылда 40 мың км
3
поляр мұзы, негізінен
Антарктида мұзы еріген. Дегенмен, ғалымдар арасында бұл үрдіске
жылыжай құбылысының қаншалықты қатысы бар деген дау үнемі
журіп жатады. В. Г. Горшков пен К. Я. Кондратьев көмірқышқыл
газының климат өзгеруіндегі ролі артық бағалануда, себебі бұл газды
мұхит сіңіріп алады деп есептейді. Расында, атмосфера мен мұхит
арақатынасының
сипаты,
әсіресе
фитопланктон
массасынын
динамикасын қоса есептегенде, көп жағдайда түсініксіз және болжау
модельдерінде сай келмейді. Дегенмен, онда жылыжай кұбылысының
дамуына оң әсер ететін қайтымды байланыс бар болуы мүмкін.
Мәселе мынада, температура көтерілгенде көмірқышқылының өте
үлкен мөлшері жинақталған мүхитта ССЬ еруі кемиді, ол қоршаган
ортаға көмірқышқыл газының көп мөлшері берілетін көзге айналады.
Бұл жылыжай құбылысының және осыган байланысты жылынудың
күрт күшеюіне себеп болады. СО
2
басқа да жылыжай құбылысын
туындататын
газдар
бар.
Олардың
бастылары
метан,
хлорфторкөміртектер, озон, азоггы тотық. С 0
2
жылыжай құбылысы
дамуындағы үлееі 50 %, метанның салыстырмалы үлесі 15 %,
хлорфторкөміртектердікі 13 %, озондікі 10 %, азоттікі 9
%
деп
есептеледі. Метанның түзілуі негізінен топырақ органикасының және
сазды батпақтағы су түбі органикасының ыдырауына байланысты.
Болашақта, метанның рөлі әлдеқайда артып кетуі мүмкін. Жалпы
жылыну ыдырау үрдістерін шапшаңдатып жіберетіні айқын. Жердің
кей өңірлерінде аридтік климат қалыптасып кеткен күннің өзінде де,
Сібірдің байтақ провинцияларындағы тоң еріп, орнында сазды батпақ
пайда болуы мүмкін. Бұдан басқа да тенденция бар - ол мал
шаруашылығы кешеніндегі органиканы қолдану аясын кеңейту,
топырақты өңдеу жолдарын өзгерту т.б. Жылыжай құбылысына
қысқаша сипаттама: Жылыжай ішіне енген күн энергиясы жылу
энергиясына, яғни әйнек арқылы тысқа шыға алмайтын инфрақызыл
сәулеге айналады, жылыжай ішінде температура көтеріледі. Осы
сияқгы, Жер атмосферасы да қызады: күн сәулесі атмосфера арқылы
өтеді, ал инфракызьш сәулелерді жылыжайлық газдар сіңіреді. Газдар
концентрациясы жоғарылаган сайын, атмосфера да соғұрлым қатты
кызады. Сонау 1896 жылы, С. А. Аррениус (1859-1927) айтып кеткен
антропогендік әсерлерге байланысты климаттың галамдык жылынуы
туралы ой өз өзектілігін әлі де жоғалтқан жоқ, ол тұрмақ, қазіргі
31
зерттеулерде бұрынғыдан да нақты мэліметтер келпріліп отыр. Сонда
да, климат жылынуына антропогендік әсердің тигізетін үлесі
мәселенің өте қиын болгандыгына байланысты әлі нақты багаланган
жоқ. Климат өзгеруі - шешуді қажет ететін күрделі проблема; оган
бейжай қарауга болмайды. Кейінгі жылдары климатгы болжау
галамдық зерттеулердің ең басты тақырыптарының бірі болып кеткені
бекер. емес. Болжаулар бойынша өзгерістер алыс болашақта,
80-100 жылдан кейін ғана болады деген күннің өзінде, адамзатқа
тынышталып қалуға болмайды. Себебі, әлемдік шаруашылықты жаңа
жағдайга бейімдеп қайта құру орасан зор күш-жігер мен ұзақ уақытты
талап етеді.
К лн м ат өзгеруін болжау. Климат жылынуының бірінші, айқын
көрінісі - әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуі, ол соңғы
1 0 0
жылда
15 см көтерілген. Болжаулар бойынша алдыңгы жүз жылда, жылынуға
байланысты, теңіз деңгейі тағы 70 см көтерілмек. Егер Антарктида
мұз құрсауынан босаса, су деңгейінің көтерілуі әлдеқайда тез жүруі
мүмкін деген де көзқарас бар. Қалай болганда да жагалаулардағы
қалалар мен кең аумақтарды қамтитын ауылшаруашылық жерлері су
астында қалып, өндірістің табиги әлеуеті әлдекайда кеміп кететіні
айқын.
Мәселелер тек
осымен
бітпейді,
Н.
Н.
Моисеевтің
пайымдауынша, Жер атмосферасының бүкіл құрылымдық айналымы
түгелдей
өзгеріп,
ьшгалдың белдемдік тасымалдануы
кемиді.
Нәтижесінде, шөл және шөлейттер аумағы үлкейіп, адамзат құнарлы
жерлердің көп бөлігінен айрылады. Оның өзі қазіргі өркениет
дамыған өңірлерде - орта ендіктердегі облыстарда болады. Бұл
болжау шындыққа қаншальщты жақын? Оны палеогеографиялық
зерттеулер арқылы анықтауга бола ма? Әрине, бұл жағынан
ақпараттар бар. «Восток» станциясында Антарктида мұзын 2
шакырым тереңдікке бұрғылау нәтижесінде 30 млн жыл бұрын
калыптаскан бұл мұз құрсауы бірнеше климат жылынуы дәуірлеріне
шыдап бергені белгілі болды. Оның үстіне ол жылынулар жылыжай
құбылысы әсерінен болады деп күтіліп отырган жылынудан әлдеқайда
артык болған. Осыган байланысты академик А. Л. Яншин - «20 млн
жыл бұрын атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрациясы
0,1
%
шамасында, планетадагы орташа температура қазіргіден 5—6 °С
жоғары болған, сонда да жағдай апаттық деңгейге жетпеген,
сондықтан соншалықты қауіптенудің қаже*гі жоқ» — деп есептейді.
Антарктидалық кұрсау болашақта сол қалпында қалуы тиіс. Бұган
қосарымыз, жылы қыстарда жалпы жы-лыну болып жатқанда қар көп
жауып, соның есебінен антарктидалық мұз да қалыңдай береді. Бағы
замандарда да осылай болған болуы керек. Солтүстік жарты шардагы
32
|