11. Бiрiздiлiк принципi бойынша барлық материал бiрiн – бiрi жалғастыратын негiзде берiлуi керек. Ана тiлiнде берiлген материалдың негiзiнде берiледi.
12. Жүйелiлiк принципi бойынша белгiлi бiр жүйе бойынша оқыту процесi бiр мақсатты көздейтiн iс – әрекет болуы көзделедi. Әрбiр жаңа алынған тақырып кешегi өткен тақырыпты күрделi түрде қайталап, тереңдете жалғастырылуы тиiс.
22
13. Ғылымилық принципi, яғни теориялық практикамен байланысы. Ағылшын тiлiн оқытуда алынған бiлiмдi практикада яғни iс – әрекетте дәлелдеуге үлкен көңiл бөлiнедi. Iс – әрекет кезiнде ғана оқушының бiлiм дәрежесi, материалды меңгеру дәрежесi анықталады. Берiлген материалды игерген оқушы әрi қарай басқа да ғылым салаларында техника пайдаланғанда, өнер саласында өз бiлiмiн пайдалана алады. Сұрақтар:
1. Оқытудың принциптерi дегенiмiз не? 2. Шет тiлiне оқытудың әдiстемелiк принциптерiн бiлу не үшiн керек? 3. Арнайы принциптерге қандай принциптер жатады? 4. Жалпы дидактикалық принциптерге қандай принциптер жатады? Тапсырмалар:
1. Берiлген сұрақтарға толық жауап берi¡iз. 2. Бағдарламаның “Түсiнiктеме” бөлiмiн қарап шығып шет тiлiне оқытудың қандай принциптерiн орындау керек екенiн анықтаңыз.
3. Оқу әдiстемелiк комплексiн талдап шығыңыз, оның авторлары қарым – қатынас жасауға бағытталған принциптi, iрiктеп араластыра оқыту принципiн, ана тiлiне сүйене отырып оқыту принципiн, тәрбиелеп оқыту принципiн, ұғып түсiну принципiн қалай жүзеге асырғанын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |