9. Дәйектiлiк принципi. Шет тiлiн оқытудағы маңызды принцип, өйткенi бiлiм жүйелi түрде өсiп отыруы тиiс. Алынған барлық сөздер, сөз бiрлiктерi оқушының есiнде сақталуы тиiс, тыңдап түсiну, сөйлеу, оқу және жазу кезiнде барлық материал дәйектi түрде алынып отыруы керек. Берiлген бiлiмнiң оқушының есiнде сақталуынан бiлiм берудегi нәтиже анықталады.
10. Жеке ерекшелiктерiн ескеру принципiбойынша мұғалiм әр оқушының жеке қасиеттерiн, ерекшелiктерiн, бiлiм дәрежесiн бiлуi керек, соған байланысты әр оқушыға әртүрлi тапсырмалар берiлуi көзделедi. Бұл әсiресе үлестiрмелi материал берген кезде ескерiледi.