Монолог сөзi Оқушылар бағдарламаға сай әр түрлi жағдаяттар туралы дайындықсыз өз ойларын жеткiзе алуы тиiс. Осы жағдаяттар ойын, оқу, тұрмыс iс-әрекеттерiмен бiрге байланысты болуы керек. Сөйлеудiң көлемi - дұрыс құрылған 2-3 фразадан аз болмауы керек, және олар суреттеу (суреттер, заттар), әңгiмелеу (досы, жанұя мүшесi, үй жануарлары туралы) сияқты жұмыстармен байланысты болуы керек.
Бiрiншi сынып оқушыларын ағылшын тiлiнде оқуға және жазуға үйретпейдi. Сұрақтар:
1. Ағылшын тiлiн үйретудi ерте бастасаң жақсы нәтижелерге жетесiң.
Сен бұған келiсесiң бе? 2. Егер сен ағылшын тiлiн мектепке дейiнгi балаларға немесе бастауыш сынып
оқушыларына үйретуге тиiс болсаң, сен оқытуды неден бастар едiң? 3. Бұл жастағы балаларға шет тiлiн үйретуде қандай қиыншылықтар кездеседi? Тапсырмалар:
1. Берiлген сұрақтарға жауап бер. 2. Шет тiлiн мектепке дейiн және бастауыш сыныпта үйрету бойынша қысқаша мақала
әзiрле.
81
Достарыңызбен бөлісу: |