Бастауыш сыныптарда поэзия мен прозалық тақырыптарды қолдану. Поэзиялық өлеңдер мен прозалық тақырыптарды жаттап айту оқушының шет тiлiндегi тiл байлығын дамытады, оқу жылдамдығын арттырады, дыбыстарды айту деңгейiн жақсартады. өлеңдер, прозалық тақырыптар жазылған материалды толық түсiнгеннен кейiн қана және дұрыс дыбысталқаннан кейiн ғана жатталады.
Оқытудың бiрiншi кезеңiнде қысқа өлеңдер мұғалiмнiң қайталауымен жатталады:
All About Me; Things I do slowly; Treasures I have; People I like; Things that belong to me; Games I like to play; Foods I like to eat; Things that scare me; Places I’d like to visit
Қысқа өлеңдер мен қара сөз үзiндiлерiн жаттаудың мынадай үлгiсi бар: -Егер өлеңнiң iшiнде жаңа сөз кездессе, мұғалiм сөздi дұрыстап түсiндiрiп, керек кезiнде тақтаға аудармасы мен транскрипциясын жазуы керек.
-Мұғалiм өлеңдi өзi жатқа айтуы керек және оны синтагмаға бөлiнген өлең жолдарын мұғалiмнiң артынан қайта – қайта қайталауы керек:
а) хормен б) жеке өзi -Мұғалiм өлеңдi екi жолдан оқиды. Оқушылар соңынан қайталайды. -Ең соңында мұғалiм толығымен оқиды. Ал оқушылар хормен түгелдей қайталауы тиiс, ал кейбiр қабiлеттi оқушылардан жатқа айтуын сұрайды. Ал екiншi және жоғарқы кезеңдерде егер ағылшын классиктерiнiң өлеңдерi алынатын болса, мұғалiм автор туралы қысқаша айтып кетуi тиiс, және автордың портретiн немесе суретiн қолдануына болады. Содан кейiн барып өлең берiледi.
Сынып оқушылары мәтiн немесе өлеңдi оқиды. Бұдан кейiн өлең немесе мәтiн аударылады. Мұғалiм тағы бiр рет оқып шыққаннан кейiн оқушылар жеке – жеке бөлiп содан
27
кейiн түгелдей оқиды. Содан кейiн өлеңдi немесе мәтiндi жаттап келуге үйге тапсырма берiледi де, келесi сабақта тексерiледi.
Жаттауға берiлетiн мәтiндер, бұрыннан белгiлi тақырыптан алынуы тиiс және өте ұзақ болмауы керек.
Оқытудың алғашқы кезеңiнде ол 2 – 3 жол қана болса, ал жоғарғы сыныптарда 5–6 жол болуы керек, бiрақ ол бiр – бiрiмен байланысқан, аяқталған толық ойды беретiн болуы тиiс. Сұрақтар: 1. Бастауыш сыныптарда қолданылатын қандай әдістерді білесіз? 2. Ойын әдісін қолдану неліктен тиімді болып есептеледі? 3. Ойындардың қандай түрлерін білесіз? 4. Шет тілі сабағындағы фонетикалық тақпақтардың маңызы қандай?
Тапсырмалар: 1.Шет тiлiне оқыту бағдарламасын алып, оқыту әдістерімен толық танысып шық.
2.Бағдарламаның түсiнiктемесiн қарап шығып, шет тiлiн оқытудың әдістерін анықта. 3.Өзiң сабақ беретiн сыныптардағы сөйлеу iс-әрекеттерiнiң сандық және сапалық ерекшелiктерiн анықта 4.Осы тақырыпты оқып шыққаннан кейiн оқулықтан, мұғалiмге арналған оқулықпен т.б танысып шық.
Достарыңызбен бөлісу: |