Г. О. Устенова А. Ш. Амирханова


II тарау ГАЛЕНДІ ПРЕПАРАТТАР



Pdf көрінісі
бет39/138
Дата29.12.2023
өлшемі9,64 Mb.
#144893
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   138
Байланысты:
ТЭП Устенова Г.О

II тарау
ГАЛЕНДІ ПРЕПАРАТТАР
2 .1 . ТҰНДЫРМАЛАР
Тұндырмалар (лат. 
tincturae
— батыру, бояу, жібіту) деп дәрілік 
өсімдік шикізатынан кыздырусыз және экстрагентті аластатусыз алы- 
натын сұйык спиртті және сулы-спиртті сығындыларды атайды. Олар 
дайындалатын өсімдік иісі мен дәміне сәйкес тұндырмалар мөлдір, 
боялған сұйыктыктар болып келеді. Тұндырмалар ежелден келе 
жатқан дәрілік калып, медицина практикасына Парацельс (1493-1541) 
енгізген болатын және осы уакытка дейін өз маңыздылығын жойған 
жоқ. Тұндырмалар емдік практикада өзіндік препарат ретінде ішке 
және сыртка колдануға арналған немесе жақпа майлар, сироптар, там- 
шылар, микстуралар кұрамында кенінен колданылады.
Тұндырмалар қарапайым және күрделі болып екі топка бөлінеді. 
Қарапайым тұндырмалар өсімдік шикізатының бір түрінен, ал күрделі 
тұндырмалар өсімдік шикізатымен коса баска дәрілік заттар косу 
аркылы жасалынады.
Тұндырмаларды дайындауда бір ғана өсімдік шикізаты бөлігінен 
5 колем дайын өнімді алу, күпггі эсер ететін шикізаттар үшін 
10 бөлігінен алуда масса алмасу катынасын ескереді. Баска жағдайларда 
тұндырмаларды (арника тұндырмасы — 
1:5, 
итмұрын, пиона
тұндырмалары — 1:10, жалбыз — 1:20, софора — 1:2) катынастарында 
дайындалады.
Тұндымалар алу үшін келесідей әдістер қолданылуы мүмкін.
1. Экстракциялык әдістер (мацерация және олардың түрлері, перко- 
ляция).
2. Кұрғак және кою экстрактыларды еріту.
Соңғы әдіспен түндырманың көптеген түрлері дайындалмайды. 
Қүрғак экстрактыны колдану аркылы чилибуха 
(урығы мен тамыры улы,
мәңгі көгеріп туратын тропиктік аласа ағаш),
улы, беріктілігіне бай-


Галенді препараттар
6 3
ланысты киын ұнтакталатын дәндер тұндырмалары дайындалады. Ал, 
кұрғақ немесе кою экстракт негізінде кызыл миядан көкірек эликсирі 
колданылады. Бұл әдіспен тұндырма алу технологиясы карапайым 
және араластырғаш реакторда құрғақ, кою экстрактылардың массасын 
кажетті спирт көлемімен еріту нәтижесінде алады. Алынған ерітіндіні 
фильтрлейді.
Ұсынылған әдіс уакытты айтарлыктай кыскартады, бірактан 
кұрамы бойынша ерекшеленуі мүмкін. Көптеген түндырмаларды ЛРС 
экстракция жолымен экстракциялау алдында кажетті параметрге дейін 
ұсактайды және елейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет