Химия кабинетіндегі жалпы қауіпсіздік ережелері Химиялык лаборатория - қауіптілігі жоғары орын. Химиялық эксперименттерді жасаған кезде, жараланбас үшін бұрыннан келе жатқан кауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.
1. Реактивтерді пайдаланғанда, олардың негізгі қасиеттерін міндетті түрде білу керек: улылығы, басқа реактивтермен жарылғыш коспалар түзу кабілеттігі, жанғыштық кабілеті.
2. Улы заттармен, өткір иісті заттармен, қышкылдар мен сілтілердің концентрлі ерітінділерімен, сілтілік металдармен жұмысты тартпа шкафта істеу керек.
3. Бөлінген газды ыдысқа еңкейіп иіскеуге болмайды. Газдардың иісін сынауды абайлап жүргізу керек: сынауықтың аузын мұрын деңгейінен төмен, мұрынға ауанын әлсіз ағыны баратындай етіп бағыттау керек.
4. 6. Сутек, жарықтанғыш газ, бензин, эфир сияқты және т.б. оталу қауіптілігі жоғары заттарды оттан алшақта сақтау керек.
5. Реактивтерді құйған кезде ыдыска еңкеюге болмайды, себебі тамшылар немесе бөлшектер бетке немесе киімге шашырауы мүмкін.
6. Сынауықты кыздырғанда аузын өзіңе немесе басқа адамдарға қаратуға болмайды.
7. Лас қышқыл және сілті ерітінділерін су құбырларына кұюға болмайды. Лабораторияда бұларды кұюға арналған арнайы ыдыстар болуы кажет.
8. Киім жанған жағдайда адамды сыртынан одеялмен немесе пальтомен және т.б. орау керек. Ешқандай жағдайда қашуға болмайды.
7. Төрт сынауықта мына заттар берілген: а)кальций хлориді; б) натрий гидроксиді, в) калий карбонаты, г) барий хлориді.. Қай сынауықта қандай заттың бар екенің тәжірибе арқылы анықтаңдар. Тиісті реакция тендеулерін толық иондық түрде жазу
8. Төрт сынауықта мына заттар берілген: а)кальций карбонаты; б) барий нитраты, в) натрий сульфаты, г) калий хлориді.. Қай сынауықта қандай заттың бар екенің тәжірибе арқылы анықтаңдар. Тиісті реакция тендеулерін толық иондық түрде жазу