3.Көмір қышқыл газын бірнеше әдіспен алып, жинау. Көмір қышқыл газын алатын құрылғының суретін салу. Реакция тендеулерін жазу. Көмірқышқыл газын алу үшін Пробиркаға мәрмәрдің бірнеше бөлігін салыңыз да, барлық мәрмәрді жабатындай тұз қышқылын құйыңыз. Түтікті газ шығатын түтігі бар тығынымен тез жабыңыз. Газ шығатын түтікшенің ұшын кальций гидроксиді бар пробиркаға салыңыз.Түтікше салынған ізбес суы лайланады
1. Химиялық эксперименттің оку үрдісіндегі маңызы мен танымдық ролі. Мектептегі химиялық эксперименттің қызметі
2.Мектептегі химиялық эксперименттің түрлері. Мектептегі химиялық экспериментке қойылатын талаптар.
Химияны оқытудағы химиялық эксперменттің маңызы өте зор. Негізінде химимялық эксперимент: демонстрациялық столда мұғалім жүргізетін- демонстрациялық экспериментке және оқушы өздігінен жүргізетін практикалық, зерханалық эксперименттік жұмыстар – оқу эксперименті болып бөлінеді. Сондай- ақ, эксперименттің тағы бір түрі ол- ойша эксперимент
Xимиялық оқу экспериментінің түрлері:
• демонстрациялық эксперимент;
• зертханалық тәжірибелер;
• зертханалық жұмыстар;
• сарамандық жұмыстар;
• эксперименттік практикум;
• үй эксперименті.
Жалпы ұсынылған оқу экспериментінің классификациясының логикалық негізі: оқушы мен мұғалімнің іскерлілік мүмкіндігі екені белгілі. Басқа да негізді алып қарастыруға да болады,мысалы көптеген эксперименттерді оның орындалу мақсатына қарай бөлу. Бұл жағдайда келесі эксперименттің түрлерін бөліп алуға болады:
- жаңа эмперикалық шамалар алуға негізделген эксперимент;
- жалпы қорытындыны нақтылайтын немесе көрсетуге негізделген эксперимент;
- қандай да бір эксперименттік тапсырманы орындауға негізделген арнайы эксперимент;
- оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеруге арналған эксперимент,тағы да басқалары.
.
Сонымен қатар химиялық демонстрациялық эксперименттер келесі талаптарға сәйкес болулары қажет:
- көрнекі болу (демонстрациялық столда болып жатқан барлық құбылыстар оқушыларға жақсы көрінуі керек)
- жұмысты орындау техникасы қарапайым әрі түсіеуге жеңіл болуы
- нәтижелер теориялық фактілерге сай болуы
- оқушылар эксперименттің құрамын түсінуі үшін эксперимент алдын ала мұғаліммен тексеріліп, дайындалған болуы
- қауіпсіз болуы керек.
жалпы талаптардың ішінде ең маңыздылары:
- эксперименттің көрнекілігі
- эксперименттің қарапайымдылығы
- эксперименттің қауіпсіздігі
- эксперименттің сенімділігі
- экспериментті түсіндірудің, қайталаудың қажеттілігі
- уақыттың шектеулілігі
- эксперименттің уақытылы қойылуы
бұл талаптардың барлығын бірдей маңызды деп түсінуге болмайды. Бірақ, осылардың қайсібірінің болмасын сақталмауы эксперименттің талаптары мен сапасын төмендетіп кері эффекттің болуына себепші болалы.