Газдарды жинау әдістері. Сутегін бірнеше әдіспен алып, екі әдіспен жинау. Сутегі алатын құрылғының суретін салу. Реакция тендеулерін жазу



бет4/28
Дата15.12.2023
өлшемі83,64 Mb.
#138378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Когисов хим экс

Эксперименттің сенімділігі. Эксперимент жүргізудегі көрсетілген әрбір тәжірибе нәтижелі, әрі әсерлі болуы керек. Егер жұмысты нұсқаулыққа сәйкес орындағанда ғана мұғалім өзінің жұмысының сәтті болатынына сенімділікпен қарай алады.
Егер тәжірибелер жүйелі түрде сәтсіздікке ұшырап отрса, мұғалімнің оқушылардың алдындағы беделін түсіріп, оладың пәнге деген қызығушылықтарын, сенімдерін жойып, пән бойынша үлгерімдерінің төмендеуіне әкелеуі мүкін.
Ал кездейсоқ сәтсіздіктер, егер сол мезетте мұғалім сәтсіздіктің себебін түсіндіріп, кеткен қателіктерді ретке келтіріп отырса оқушылардың мұғалімге, пәнге деген қатынастарын, сенімдерін өзгертпейді.

3. Химияны оқыту жүйесіндегі зертханалық тәжірибелер. Зертханалық тәжірибенің сабақ құрылымдағы орны.
Зертханалық тәжірибелер – оқу материалын өнімді түрде игеруде және нақты әрі берік білім алуда сабақтың кез келген кезеңінде жүргізілетін - өздік жұмыстың түрі. Сонымен қоса, зертханалық тәжірибелер кезінде оқушылар өздігімен жасайтындықтан оларда эксперименттік біліктілік пен білімділік, дағды қалыптасады. Тәжірибені орындай барлық сабақты толықтай қамтымай, тек бір бөлігінде ғана жүріп өтеді. Зертханалық тәжірибелер көбіне заттардың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу үшін, теориялық түсінікті нақтылау үшін, ал ең ситек жағдай- жаңа білім алуда жүргізіледі. Соңғылары оқушылар өздігімен шешуге тиісті, нақты танымдық тапсырмаларда қалыптасады. Бұл оқушылардың ойлау шығармашылығын белсендеретін – зерттеу элементі болып табылады.
Сарамандық жұмыстарға қарағанда зертханалық тәжірибелер аздаған фактілермен таныстырады. Сондай- ақ сарамандық жұмыс тәрізді оқушылардың назарын толық қамтымайды. Себебі өздігімен жасалған жұмыс соңы мұғалімнің түсіндіруімен жалғасады.
Зертханалық тәжірибелер мұғалім түсіндірген оқу материалына сәкес жүріп отырады, соның нәтижесінде оқушыларда зат қасиеті және химиялық процесс жайында түсінік пайда болады, құбылыстарды бақылауға және қабылдауға үйретеді. Демонстрацилық эксперименттердің көпшілігі: экспеименттік біліктілік пен дағдыны қалыптасатырады. Алайда кез келген тәжірибе зертханалық болмайды (мысалы аммик синтезі) және барлық зертханалық тәжірибелер демонстрациялық эксперименттен эффективті болмайды. Кейбір зертханалық тәжірибелерді жүргізу үшін көп уақыт қажет болады, және уақыттың жалғасуы оқушылардың біліктіліктері мен эксперименттік дағдыларына тәуелді болады.
Зертханалық тәжірибенің негізгі мақсаты- оқушыларды өтілген материалмен неғұрлым тез таныстыру. Бұл жағдайда қолданылатын тахника оқушылардың 2- 3 операция орындауларымен тең келіп, практикалық біліктілік пен дағдының формирленуіне шектеу болады.


1.Этилен мен ацителеннің қасиеттерін сипаттайтын тәжірибелерді жасаңдар. Тиісті реакция тендеулерін жазу




  1. Екі сынауықта мына заттар берілген: а) этанол; б) глицерин. Олардың химиялық қасиетіне тән тәжірибелерді жасаңдар. Тиісті реакция тендеулерін жазу



  1. Екі сынауықта мына заттар берілген: а) бензол; б) сірке қышқылы . Олардың химиялық қасиетіне тән тәжірибелерді жасаңдар. Тиісті реакция тендеулерін жазу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет