5. Химияны оқыту жүйесіндегі демонстрациялық тәжірибелер. Демонсрациялық тәжірибенің сабақ құрылымдағы орны. 6. Демонстрациялық тәжірибенің танымдық ролі. Демонстрациялық тәжірибені өткізу әдістері.
4. Екі сынауықта мына заттар берілген: а)фенол; б) метанол ерітіндісі. Олардың химиялық қасиетіне тән тәжірибелерді жасаңдар. Тиісті реакция тендеулерін жазу А ) фенол
Б)метанол
5.Екі сынауықта мына заттар берілген: а)глюкоза; б) сахароза. Олардың химиялық қасиетіне тән тәжірибелерді жасаңдар. Тиісті реакция тендеулерін жазу А) глюкоза Мыс глюконаты (көк тұнба) түзіледі. Б) сахароза 6. Мына заттар берілген: этанол, пропанол, құмырысқа, сірке және күкірт қышқылы. Төрт түрлі әртүрлі күрделі эфирлерді алып, олардын реакция тендеулерін жазындар.
7. Аммиакты алып, жинау. Аммиакты алатын құрылғының суретін салу. Реакция тендеулерін жазу Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - өткір иісті (мүсәтір спирті иісті) түссіз газ. Аммиак ауадан шамамен алғанда екі есе жеңіл. Балқу температурасы -77,8°С, қайнау температурасы -33,4°С.
Зертханада аммиак аммоний тұздарының сілтілермен әрекеттесуі арқылы алынады. Аммиак суда өте жақсы еритін болғандықтан, қатты заттар таза аммиак алу үшін қолданылады. Мысалы, аммиакты аммоний хлориді мен кальций гидроксиді қоспасын қыздыру арқылы алуға болады. Қоспаны қыздырғанда тұз, аммиак және су түзіледі:
2NH4Cl + Ca(OH)2 = CaCl2 + 2NH3↑ + 2H2O
Аммоний хлориді тұзы мен сөндірілген известь тұзын бірдей мөлшерде алып, фарфор ыдысқа салып араластырып, қоспаны сынауыққа салып, аузын газ шығатын түтікшесі бар тығынмен жабамыз. Қоспасы бар сынауықты штативке аузын сәл төмен түсіріп бекітіп, қыздырамыз. Аммиак ауадан жеңіл, сондықтан төңкерілген пробиркаға жинаймыз. Сынауық аммиакқа толған кезде аузын құрғақ тығынмен жауып бекітеміз. Аммиак газының бөлінгендігін лакмус қағазы арқылы тексереміз. Лакмус қағазы көк түске боялады.
Аммиак алудың тағы бір зертханалық әдісі-нитридтердің гидролизі. Мысалы, кальций нитридінің гидролизі:
Ca3N2 + 6H2O → ЗСа(OH)2 + 2NH3
Өнеркәсіпте аммиак Габер процесі арқылы алынады: сутегі мен азоттың тікелей синтезі.
N2 + 3Н2 ⇄ 2NH3