Газет 1921 жылдың 1 маусымынан



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата15.03.2017
өлшемі2,76 Mb.
#9707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бағдат   АЙТМҰҚАЕВА.

 

Қазақстан 

Республика-

сы  Президентінің  2016  жылғы  30 

желтоқсандағы  №404  Жарлығымен 

«Б» 


корпусының 

мемлекеттік 

әкімшілік қызметкерлерін аттестатта-

уды өткізу туралы қағидасына сәйкес, 

аудан  әкімі  аппаратының  басшысы 

Асқар  Жұмақанұлы  Садықов  жуыр-

да аудан әкімдігінің мәжіліс залында 

аудандағы аттестаттаудан өтетін 140 

мемлекеттік  қызметкерге  түсіндірме 

жұмыстарын жүргізді.

 

Семинар  барысында  1  



кезең  –  бақылау  парағын  жасақтау, 

2 кезең – жеке құзыреттерді бағалау 

үшін  белгілеу,  3  кезең  –  тиісті 

деңгейде  аттаетаттау  комиссияла-

рында сұхбаттасу өтетіндігі де айтыл-

ды.  


 

Семинар 


барысында 

кешенді  аттестаттауға  байланы-

сты  сұрақтар  қойылып,  оған  аудан 

әкімі  аппаратының  басшысы  Асқар 

Садықов тұшымды жауап берді. 

(ӨЗ   ТІЛШІМІЗ)

 

Сонымен бірге ол әйелдер қауымы ел экономика-



сын дамытуға да қомақты үлес қосып келе жатқанын айтты. 

 

–Мәселен,  соңғы  10  жылда    жылдан-жылға  



әйелдердің жұмыссыздығы 1,6 пайызға төмендеп, бизнестегі 

әйелдердің үлесі 50 пайызға дейін өсті. Әйелдер Елбасының 

барлық  бастамаларының  сенімді  қолдаушыларына  айна-

лып, өкіметтің барлық реформаларына белсенді араласып, 

тәуелсіздігімізді  нығайтуға  маңызды  үлес  қосып  келеді,  – 

деді Р.Сәрсембаева.

 

Жиында  Іскер  әйелдер  қауымдастығының  бас-



шысы  нәзік  жандардың  әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайына, 

отбасындағы  кикілжіңдерге  қатысты  проблемаларының 

бар  екенін  де  айтып,  соларды  шешу  үшін  тиісті  жұмыстың 

жасалып  жатқанын  жеткізді.  Ал  жалпы  айтқанда  Раушан 

Сәрсембаева  Президенттің  Қазақстан  халқына  Жолда-

уы  әйел,  еркек  кіндік  демей  бәріміздің  болашағымыз  үшін 

жасалған  құжат  екенін,  оны  халқымыз  бір-бірімізді  ұлтқа, 

жынысқа,  дін  мен  тілге  бөлмей  бірігіп  іске  асыру  керектігін 

айтты.

 

Брифингте  кәсіпкерлер  Елена  Антоновна  мен 



Сандуғаш Бекжігітова да Жолдауды қолдайтынын, онда Ел-

басы елімізді жан-жақты дамытуға барлық алғышарттарды 

жасап бергенін, егер соларды іске асырсақ болашағымыздың 

баянды болатынын атап өтті.

КЕШЕНДІ   АТТЕСТАТТАУ 

ТУРАЛЫ   ТҮСІНДІРІЛДІ



АУДАНДЫҚ    ӘКІМДІКТЕ

«Жаркент  өңірі»

№ 10  (8853)

17  ақпан  2017  жыл

3

      

 «Табысқа  жету  үшін  тек  қана  мақсатты  айқын  көріп, 

соған   қол жеткізу үшін   күн сайын  жұмыс  істеу  керек».

 Нұрсұлтан   Назарбаев.

 

Суретте: (солдан  оңға  қарай)  алматы  облыстық  Әділет  департаменті 



  басшысының    орынбасары  б.Төреханов  пен  аудандық Әділет басқармасының

   басшысы М.Сағымбек. 

 

Аудан    орталығы  Жар-



кент  қаласындағы  Мәдениет  үйінде 

өткен  Панфилов    ауданының    әкімі  

Бердәулет  Абдулдаевтың  2016  жылы 

аудан бойынша атқарылған жұмыстары 

жөніндегі 

тұрғындар 

алдындағы 

есебі  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

«Қазақстанның 

үшінші 

жаңғыруы: 



жаһандық 

бәсекеге 

қабілеттілік» 

атты  Қазақстан    халқына    Жолдауы 

бұқаралық  ақпарат    құралдарында 

жарияланған  күнмен    дәлме  -  дәл 

келді.  Мұны  жақсылыққа  жорыған 

тұрғындар    жиынға  болашаққа  деген 

үлкен сеніммен, жаңа серпінмен белсене 

қатысты. 

         

Өңір  басшысы    өз  баян-

дамасына    ең  алдымен    Елбасының 

жаңа  Жолдауы    халқымызды  жарқын  

болашаққа,  яғни  «Қазақстан  –2050» 

стратегиясы  мақсаттарына  бастайтын 

сенімді  жол  екендігіне  тоқтала  келіп, 

«Нақты 100 қадам» -  Ұлт жоспарында 

атап  көрсетілген  басым  бағыттардың 

негізінде  іс  жүзіне  асырылатындығын 

атап 

көрсетті. 



Сонымен 

бірге,   

Тәуелсіздіктің    25  жылдығы,      «Уни-

версиада – 2017»,   Астана қаласында 

еліміздің  әлеуетін  дүниежүзіне  паш 

ететін жаһандық  шара «ЭКСПО-2017» 

халықаралық 

көрмесінің 

маңызы 

жөнінде де айтып өтті. 



       

Иә,  жазиралы  Жаркент 

өңірінің халқы үшін 2016 жыл табысты  

болды.  Өткен  жылы    бюджетке  жал-

пы 6,9 млрд.теңге түсіп, жоспар  105,9 

пайызға орындалды. Жыл ішінде  ауыл 

шаруашылығы,  кен өндіру  және қайта 

өңдеу  өнеркәсібі,  құрылыс  және  басқа 

салаларда  да  қомақты  табыстарға 

қол  жеткізілген.    Соның  нәтижесінде  

бюджетке    2,7  млрд.теңге  түсіп,  бұл 

жөніндегі  көрсеткіш  100,8  пайызға 

орындалды.  

       


  Атап  айтқанда,  ауыл 

шаруашылығы 

саласында 

жалпы 


өндірілген  өнімнің  құны  35,1  млрд.

теңгеге  жетіп,  нақты  көлем  көрсеткіші 

102,7 пайызды құрады. Сонымен бірге,  

соңғы  үш  жылда  2976  га  жайылым 

және  шабындық  жер  учаскелері  суар-

малы  егістікке  ауыстырылып,  ауыл 

шаруашылығы айналымына енгізілді.  

       


Өңірдің  ауа райы  -  көкөніс, 

бау  –  бақша  және  басқа  да  дәнді 

дақылдарды өсіруге аса қолайлы. Осы 

табиғи  мүмкіндіктерді  жаркенттіктер 

тиімді  пайдалануда.  Бүгінгі    күні  ау-

данда 2005 гектар жерге  жүзім, алма,  

шие,    алша,  шабдалы,    қара  өрік, 

алмұрт өсірілуде. Бұл салада  442 адам 

тұрақты жұмыс істейді. Алдағы уақытта 

осынау қыруар өнімдерді  өңдеу, сақтау 

шаралары жасалмақ.  

Болашағы    өркенді     өңір

Жылы    шырайлы    Жүздесу

 

Жуырда    Алматы  облысының    Панфилов  



аудандық   Әділет   басқармасында   Алматы   облы-

сы  Әділет  департаменті   басшысының  орынбасары 

Б.Төреханов ауданымызда  жеке және заңды 

 

Биыл   Ауғанстандағы   соғысқа  қатысқан жауынгер интерационалистердің өз Отанына 



оралғанына 28 жыл толады. Әр жылы ақпан айының 15-і күні ауған соғысы ардагерлері  ел есінде мәңгі 

сақталмақ. Сол жылы он бесінші ақпан күні соғыстан қайтқан солдаттардың қуанышында шек болмады.

 

Бүгінгі таңда ауған соғысының ардагерлері мектептердегі түрлі кездесулерге қатысып, жас 



ұрпақтарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге елеулі үлес қосуда. Жуырда Жамбыл атындағы орта 

мектепте ауған соғысы ардагерлерімен оқушылардың кездесуі болды. Әсерлі кездесуді мектеп ұжымы мен 

қалалық кітапхана қызметкерлері С.Қайрақова мен А.Жетпісбаева ұйымдастырыпты.

 

Шақырылған ардагерлермен бірге оларды құшақ жая қарсы алған мектеп ұжымы Ұлы Отан 



соғысы құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. 

 

Мектеп директоры Р.Айсаев ардагерлер мен әскери қызметкерлерді  мектеп   тынысымен  



таныстырды.

 

Кездесудің арнайы бөлімі мектептің акт залында өтті.



«Ауған ардагерлері арамызда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Арадгерлерді ардақтау – абыройлы 

іс» тақырыбындағы кездесуде соғыста қаза болған жерлестерді бір минут үнсіздікпен еске түсірді.  

 

Кездесуде мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Д.Қыстаубайұлы баяндама 



жасады. Одан кейін ауған соғысы ардагерлері  Ж.Исмаил,  Н.Мергенбаевтар сөз алып, соғыс жылдарынан 

естеліктер айтты. Ауғанстанда соғысқан 22 мың қазақстандық солдаттардың сол жылдардағы күндерін 

көз алдымызға елестетті. Сондай-ақ әскери қызметкерлер де сөз алып, оқушыларға патриоттық сезім 

ұялататындай әсерлі ойларын ортаға салды. 

 

Кездесу барысында оқушылардың концерттік бағдарламасы тамашаланды. Қалалық кітапхана 



ұжымы ауған соғысы ардагерлеріне кітаптар сыйлап, оларға ұзақ өмір, зор денсаулық тіледі.

 

Кездесуді мектеп директоры Р.Айсаев қорытындылады. 



 

                                                                             



б.ЖұМағазы.

АрдАгерлер   АрАмыздА



 

Суретте  (оңнан солға қарай)   мектеп директоры р.айсаев,Н.Мергенбаев , 

Ж.Исмаил және әскери қызметкерлер ескерткішке гүл шоғын қойды.

тұлғалармен   кездесу өткізді. 

 

Кездесудің  мақсаты  –  Алма-



ты  облысы  Әділет  департаментінің  негізгі 

қызмет  бағыттары  бойынша  тұрғындардың 

сұрақтарына  жауап  беру,  сонымен  қатар,   

қолданыстағы  заңнама  нормалары,  оларға 

енгізілген  өзгерістер  мен  толықтырулар    ту-

ралы ақпарат беру.

 

Іс-шараға    Жаркент  қаласының 



әкімі  Е.Нұрахметов,      аудандық    Әділет  

басқармасының    басшысы,    «Қазақстан 

Заңгерлер  Одағының»  мүшесі  М.Сағымбек,  

аудандық    Жер    қатынастары      бөлімінің  

басшысы    Қ.Қабылбеков,    аға    сот    орын-

даушысы    Б.Асқарбеков,      «Азаматтарға 

арналған  үкімет  мемлекеттік  корпорация 

КЕ  АҚ  Алматы  облысы  бойынша  филиалы- 

«Жер кадастры және жылжымайтын   мүлікті  

техникалық тексеру» департаментінің аудандық 

бөлім  басшысы  Қ.Аубакиров,  адвокат  Ж.Смаилов,  

жекеше    нотариус    А.Кульниязова,  Панфилов 

ауданының Сәулет және қала құрылыс бөлімінің бас 

маманы Қ.Садырова  қатысты.   

 

Кездесу  барысында  азаматтар  тара-



пынан  жылжымайтын    мүлікті  мемлекеттік  тіркеу, 

электронды  түрде      халыққа    қызмет    көрсету, 

жер  теліміне  құжаттар  дайындау,  азаматтық  хал-

актілерін  тіркеу  мәселелері    бойынша    сұрақтар 

қойылды.

  

  Аудан    тұрғындарын  толғандырған   



сұрақтарға    қолданыстағы      заңнамалар    аясында  

толық  жауаптар берілді. 

               

 аудандық  

Әділет  басқармасы.

Шырайлы  Шара

аудаНдық     ӘділеТ    баСқарМаСыНда

       


  Ауылшаруашылығы  үшін   

476,0 млн.теңгенің 109 жаңа техникасы  

сатып алынды.  Өзекті салада өндірістік 

кооперативті 

құру 

мақсатындағы 



жұмыстар 

уақыт 


талабына 

сай 


жүзеге  асырылуда.    Есепті  кезеңде  

9  ауылшаруашылығы  кооперативі 

құрылды.  Оның  ішінде  1  –  і  мал 

бордақылаумен, 6 – ы  егіншілікпен, біреуі 

техникалық  қызмет  көрсетумен  және 

біреуі    минералды  тыңайтқыштармен 

қамтамасыз 

етумен 


айналысады. 

Мәселен,  Пенжім  аулындағы      «Хо-

жамбердиев»  өндірістік  кооперативі 

100  шаруашылықты  біріктіріп,      жүгері 

өсірумен  шұғылдануда.    Кооперативке 

10   техника қызмет көрсетуде.  

        

Елбасының 2014 жылы Алма-

ты облысына іс – сапары кезінде   жер жа-

наты Жетісудың  төл дақылдары болып 

саналатын  қант  қызылшасы  мен  жүгері 

өсіруді  дамыту  жөніндегі  тапсырмала-

рына сәйкес,  ежелден – ақ  «дала ару-

ын»  өсіруге машықтанып, кешегі кеңес 

заманында  қамбаға  жүз  мың  тонналап 

дән  құйған    өңірдің  еңбексүйгіш    халқы 

«табаны  суды,  маңдайы  күнді  сүйетін, 

алтын масақты алтын шашақты» жүгері 

алқаптарын  кеңейте отырып, облыстағы 

бірден – бір жүгері өсіруші аймақ болып 

танылуда.  Табыстар  да  мол.      Аймақта   

ауыл шаруашылығына сервистік дайын-

дау орталығы  құрылды.     

            Ірі  қара  етінің  экспорттық  әлеуетін 

арттыру жобасы аясында «Мал өнімдері»  

жеке кооперативінде  300 басқа арналған  

бордақылау  алаңы    жұмыс  істейді. 

«Сыбаға»,  «Құлан»,  «Алтын  асық»  

бағдарламалары бойынша барлығы 2351 

бас  мал  сатып  алынды.    Тұрғындарды 

сүтпен  қамтамасыз  ету  үшін  Аққұдық, 

Үлкенағаш  ауылдары  мен    Жаркент 

қаласында  тауарлы  -  сүт  фермаларын 

құру жоспарлануда.  

       Облыс әкімінің тікелей тапсырмасына 

сәйкес асфальт шығаратын  «МаксДор-

Стройсервис»,  қоқыс  өңдейтін      «МПК 

Аулет»,  темір бетон өндіруші  «ЖарТа-

сПродукт»,  әйнек  –  пластикалық  өнім 

жасайтын «Казкомпозит» жауапкершілігі 

шектеулі  серіктестерінің  кәсіпорындары 

салынуда.  «Қорғас Шығыс қақпасы» ар-

найы экономикалық аймағы Құрғақ порт-

та «Заря ЛТД» ЖШС жүгері және майлы 

дақылдарды  қабылдау, тазалау, кептіру 

және  сақтау  элеваторы    пайдалануға 

берілмек.  Ал,      «Ирада-балық»  ЖШС 

бекіре  тұқымдас  балық  өсіруге  бағыт 

ұстанып отыр.   

            Ұлы  Жібек  жолының  бойында 

орналасқан  ауданның  болашағы  зор. 

Шекаралы    аймақ    Қазақстан  мен 

ҚХР  арасындағы  сауда  экономикалық 

байланыстарының  бірегей  орталығына 

айналуда.    Соңғы  жылдары  «Жетіген 

–  Қорғас»    темір  жолы  пайдалануға 

беріліп,    халықаралық  тасымалдау 

жұмыстарына  орай    логистикалық  

орталықтар  салынуда.  

            Жаңадан    бой  көтеріп  келе  жатқан      

«Нұркент»  қаласында  100  мыңнан 

астам  адам  қоныстанатын  болады. 

Бұл  мәселеге  Елбасы  Н.  Назарбаев 

өткен  жылғы  қыркүйек  айында    облысқа 

жасаған  сапары  кезінде  ерекше  назар 

аударып, үлкен қолдау білдірген болатын. 

      Шағын кәсіпкерлік саласындағы 8269  

субъектілерінде      22,6  мың  адам  жұмыс 

істейді.  «Жаркент  –  тоқ  қала»  дейді 

жұртшылық.  Иә,  қаланың  кез  –  келген 

көшесінде шағын асхана, кафе, мейман-

ханалар бар.  

            Жыл  ішінде  8  сауда  және  қызмет 

көрсету  нысаны  іске  қосылып,  73  жаңа 

жұмыс орны ашылды.  «Бизнестің жол кар-

тасы - 2020» бағдарламасының аясында   

8  жоба  қаржыландырылды.    «Бизнес-

өңір», «Эко -  даму» бағдарламаларына 

қажетті қаражат бөлінді.  

      Құрылыс саласында  да ілгерілеушілік  

басым.    2016  жылы  41091  шаршы  метр 

тұрғын  үй  қолданысқа  берілді.    2017 

жылға  13,5  мың  шаршы  метр  тұрғын  үй 

салу жоспарлануда.  

              Баяндамада    халықты  ауыз  сумен 

қамтамасыз ету, су және кәріз жүйелерінің 

құрылысын салу,   ескірген  құбырларды  

ауыстыру,  елді  мекендерді  көркейту  – 

көріктендіру,  абаттандыру,  қаладағы  де-

малыс  орындарын  ретке  келтіру,  жарық 

беруді    жақсарту,  автокөлік  жолдарын 

күрделі  және  ағымдағы  жөндеу        шара-

ларын сапалы жүргізу бойынша  бірқатар 

мәселелер нақты айтылды.  

 

-Қазіргі 



кезде 

Алматы 


облысының  елді  мекендерін  кешенді 

газдандыру  бағдарламасына  сәйкес, 

бірінші  кезекте  Жаркент  қаласына  газ 

жүйесін тарту қолға алынды.  Одан кейін  

Кішішыған,  Үлкеншыған,  Қырыққұдық, 

Ақкент,  Алтыүй,  Ават,  Пенжім  ауыл-

дарын,  жалпы  ауданның  барлық  елді 

мекендеріне  көгілдір  отын  беріледі,  -  

деді, өңір басшысы баяндамасында. 

      Алда тұрған міндеттер де - ауқымды. 

Білім  беру  саласындағы  нысандардың  

ішінде    өткен  ғасырдың  60  -70  жылда-

ры  салынғандары    бар.  Олар  күрделі 

жөндеуді  қажет  етеді.      «Жұмыспен 

қамту  -  2020»  бағдарламасы  бойын-

ша    2  мектеп  күрделі  жөндеуден 

өткізіліп, 6 мектептің спорт алаңдары 

жаңғыртылмақ.  

            Жастарға  білім  беру  сапасын 

жақсарту  мәселесі  күн  тәртібінде 

тұр.    Мектепке  дейінгі    балаларға 

тәрбие  беру  бойынша  жыл  ішінде  

7  балабақша  ашылды.      Сондай  – 

ақ,  балаларды    ыстық  тамақпен, 

аз 

қамтылған 



отбасыларынан 

шыққан  2036 баланы  тегін тамақпен 

қамтамасыз ету  жөніндегі мәселелер 

әлі де жақсартуды қажет етеді.     

       Шұрайлы  өңірдің табиғи ресурста-

ры тек ауылшаруашылығы ғана емес,    

сонымен  бірге,  Елбасының  тапсыр-

масына сәйкес туризмді дамытуға да 

зор ықпал етеді.  Осыған  байланысты  

«Керімағаш»  және «Жаркент Арасан» 

шипажайларына  дейінгі  автокөлік 

жолдарын жасау күн тәртібінде тұр. 

        Баяндамашы  мәдениет, денсаулық 

сақтау,  спорт    салаларындағы 

бірқатар  нәтижелі  істер  мен  алдағы 

уақытта шешімін  күтіп тұрған күрделі 

мәселелерге тоқталды. 

            Шекаралы  ауданда        қоғамдық 

тәртіпті  сақтау, қылмыстың алдын алу  

шаралары  жасалғанымен, жыл ішінде  

784  қылмыс  тіркелген.    Қарақшылық, 

бұзақылық, адам өлтіру, ұрлық  және  

тонау сияқты қылмыс түрлері азаймай 

отыр.  Аудан әкімі   жергілікті полиция 

қызметкерлерінің жергілікті  қоғамдық  

ұйымдармен,  жалпы  жұртшылықпен 

тығыз  байланыста  жұмыс  жүргізуі 

қажеттігін баса айтты.  

            Аудан  әкімінің    тұрғындар 

алдындағы  есепті  кездесуіне  дейін 

аймақтың бірқатар елді мекендеріндегі 

экономикалық  даму,  білім  беру, 

денсаулық 

сақтау, 


мәдениет 

салаларындағы 

жағдайларымен  

танысқан облыс әкімінің орынбасары  

Жақсылық  Мұқашұлы  Омар    өзінің 

қорытынды сөзінде аталған бағыттағы 

жұмыстарды  барынша  ықпалды  әрі 

нәтижелі  жүргізу  жөнінде  нақты  тап-

сырмалар берді.

                      



ғалым    Жазылбеков, 

               «Президент  және  халық»          

                 газетінің    меншікті 

тілшісі.  

«Президент және халық» газеті, 

№5, 10 ақпан 2017 жыл

«Жаркент  өңірі»

№10  (8853)

17  ақпан  2017  жыл

4

       


 1. Жалпы    ережелер

       1. Осы Панфилов аудандық мәслихаты 

аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік 

әкімшілік қызметшілерінің қызметін 

бағалаудың әдістемесі   (бұдан әрі - 

Әдістеме) «Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 

23 қарашадағы Қазақстан Республикасы 

Заңының          33-бабының 5-тармағына, 

«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің 

қызметін бағалаудың кейбір мәселелері 

туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 

қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 

жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына 

сәйкес әзірленді және Панфилов аудандық 

мәслихаты аппаратының «Б» корпусы 

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан 

әрі - «Б» корпусының қызметшілері) қызметін 

бағалау алгоритмін айқындайды.

          2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін 

бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың 

жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін 

жүргізіледі.

          3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің 

атқаратын лауазымындағы қызметінің 

нәтижелері бойынша:

          1) тоқсан қорытындысы бойынша 

(тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан 

жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың 

онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы 

желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші 

тоқсанды қоспағанда);

          2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық 

бағалау) – бағаланып жатқан жылдың 

жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей 

жүргізіледі.

         «Б» корпусының қызметшісін бағалау 

оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш 

айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ 

мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

          Әлеуметтік демалыстағы немесе 

еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі 

«Б» корпусының қызметшілерінің бағалауы 

жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні 

мерзімінде өтеді.

          4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы 

жүргізеді және «Б» корпусы қызметшісінің 

лауазымдық міндеттерді орындауын 

бағалауға негізделеді.

          «Б» корпусы қызметшісінің тікелей 

басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес 

аталған қызметші бағынатын тұлға болып 

табылады.

          5. Жылдық бағалау:

          1) «Б» корпусы қызметшісінің есептік 

тоқсандардағы орта бағасынан;

          2) Осы Әдістеменің 1-қосымшасына 

сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс 

жоспарын орындау бағасынан құралады

          6. Бағалауды өткізу үшін «Б» кор-

пусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға 

тағайындау және мемлекеттік лауазымнан бо-

сату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау 

жөніндегі комиссия құрылады, персоналды 

басқару қызметі оның жұмыс органы болып 

табылады.

          7. Бағалау жөніндегі комиссияның оты-

рысы оның құрамының үштен екісінен астамы 

қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

          Бағалау жөніндегі комиссияның 

төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, 

оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комис-

сияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу 

арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша 

жүзеге асырылады.

          8. Бағалау жөніндегі комиссияның 

шешімі ашық дауыс беру арқылы 

қабылданады.

          9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау 

жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауы-

сымен айқындалады. Дауыс саны тең болған 

жағдайда, комиссия төрағасының дауысы 

шешуші болып табылады.

          Кадр мәселесімен айналысатын 

аппараттың маманы бағалау жөніндегі 

комиссияның хатшысы болып табылады. 

Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы 

дауыс беруге қатыспайды.

 

2-тарау. Жұмыстың жеке жоспарын 



құрастыру

         10. «Б» корпусы қызметшісі жұмысының 

жеке жоспары «Б» корпусы қызметшісімен 

және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі 

жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей 

осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан 

бойынша құрастырылады.

          11. «Б» корпусының қызметшісін 

лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында 

көрсетілген мерзім өткеннен кейін 

тағайындалған жағдайда, атқаратын 

лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі 

жұмысының жеке жоспары оны лауазымға 

тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні 

ішінде құрастырылады.

          12. «Б» корпусының қызметшісі 

жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық 

көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және 

олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір 

орындау мерзімдермен болу қажет.



Жоба


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет