Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады Апталық басылым


Орал қаласында 2002 жылы басылған «Байұлы мен



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата07.02.2017
өлшемі8,21 Mb.
#3622
1   2   3   4   5   6   7   8

Орал қаласында 2002 жылы басылған «Байұлы мен 

Жетіру және Төре, Төлеңгіт, Ноғай-Қазақ шежірелері» 

атты кітап қолыма тиді. Авторлары: С.Мұхамбетқалиев, 

К.Ахметов, Х.Ғабдоллин. Алғы сөзін жерлесіміз, тарих 

ғылымдарының докторы, профессор Бақтығұл Бірімжа-

ров жазыпты.

Жасқұс, т.б. да ауылдық кеңестер ен-

гізілген.  Ауданның  алғашқы  бірінші 

хатшысы болып Жанайдар Бүркітов, 

атқару  комитетінің  төрағасы  Құспан 

Өтегенов  деген  азаматтар  болып-

ты.  Біләл  Сәрсенов,  Зұлпыһар 

Мырзағалиев, 

Мәжит 

Үмбетов, 



Бәйден  Қойшығұлов  деген  беделді 

басшылардың  есімдері  де  аудан 

жұртшылығына  жақсы  танымал. 

Өңірде  бірнеше  ауылшаруашылығы 

артельдері, 

ТОЗ-дар, 

серіктес-

тер  құрылып,  1928-29  жылдары 

байлардың малдары тәркіленіп, олар 

жаңа құрылған ТОЗ-дар мен серіктес-

терге  бөліп  берілген.  Алайда,  1930 

жылы Азғыр ауданы таратылып, оған 

қарасты Талап, Қасымтау, Ноғайбай, 

Батырбек, Лабай, Сүйіндік, Азғыр, Те-

ректі  ауылдық  кеңестері  Орда  ауда-

нына,  Таубұйрат,  Шалқар,  Жиделі 

ауылдық  кеңестері  Жаңақала  ауда-

нына,  Қошалақ,  Дыңғызыл  ауылдық 

кеңестері  Атырау  облысының  Теңіз 

(Құрманғазы)  ауданына  беріліп,  бұл 

өңірдің әкімшілік жағынан басқарылуы 

әр кезеңдерде әрқилы өзгеріп отырған. 

Қазір бұрынғы Лабай, Сүйіндік, Батыр-

бек, Таубұйрат, Шалқар, тағы басқа да 

ауылдық кеңесінің көлемінде бір ғана 

Сүйіндік  ауылдық  кеңесі  құрылған 

(Б.Маужанов, 

«Жоғалмайтын 

жұлдыздар».  Орал.  «Дастан»  баспа-

сы, 2005. 92-96 беттер).

Азғыр ауылдық округі облыстың ең 

батысында  Құрманғазы  ауданының 

орталығы  Ганюшкино  селосынан 

270,  облыс  орталығы  –  Атырау 

қаласынан 600 шақырым қашықтықта 

орналасқан.  Ол  батыс,  оңтүстік-ба-

тыс бетінде Ресейдің Астрахань, Вол-

гоград  жерімен  шектеседі.  Округке 

Балқұдық,  Азғыр,  Асан,  Қоңыртерек 

елдімекендері  кіреді.  Жер  көлемі 

275246  гектар.  Ауа  райы  континен-

талды.  Жазы  ыстық,  құрғақ.  Жаз-

да  көлеңкенің  өзінде  40-42  градус 

ыстық  болады.  Қысы  аязды,  құрғақ. 

Суықтық  36-38  С.  Жер  қыртысы  1-

1,65  м  тереңдікке  дейін  қатады.  Қар 

қалыңдығы  –  20  см.  Кейде  күн  жы-

лып, еріп те кетеді. Қыстың ұзақтығы 

3  айға  созылады.  Көктем  кезінде 

шығыстан  қатты  жел  тұрып,  жер-

ді  тез  кептіреді.  Жел  жылдамдығы 

–  5,5-15  м-секунд  шамасында  бола-

ды.  Күзі  жайлы.  Қыркүйек  айының 

орта  кезінде  су  қатуы  мүмкін,  бірақ, 

ауа  райы  қазан  айының  ортасына 

дейін  жылы  болады.  Күз,  қыста  жел 

көбіне батыстан соғып, 30 м-секундке 

дейін көтеріледі. Округ аймағындағы 

жердің 45-50 пайызында жусан, изен, 

еркекшөп  өседі.  Теңіз  деңгейінен 

60  метр  биіктіктегі  Азғыр  маңының 

жер  бедері  батыс  бөлігінде  тегістеу 

де,  орталық  бөлігінде  ойлы-қырлы, 

шығыс бөлігі қабақты, құмды, сортаң 

болып  келеді.  Тау  жынысы  ара-

лас  шоқылар  да,    кристалды  түрде 

қалыптасқан  жерасты  тұзы  да  бар. 

Шоқылардағы  ұсақ  тастар  құрылыс 

материалына,  жол  төсеуге  пайда-

ланылады.  Батысында,  Қоянды 

қыстағының маңында суы таза, қоры 

мол жерасты көлі бар. 

Айта  кетелік,  1928  жылы  осы 

өңірдегі  ірі  байларды  тәркілеу 

ұйымдастырылыпты. Асыра сілтеудің 

асқынып тұрған шағында бірден осы 

өңірдің  77  ірі  байы  тұтқындалып, 

жаңадан  салынған  мектеп  үйіне 

қамалады. Тез арада үкім шығарылып, 

жер  аударылады.  Ешқайсысы  туған 

топыраққа кері оралмапты. Байларды 

тәркілеу,  олардың  дүние-мүлкін  хат-

тау  жұмыстарына  ауылдың  сол  кез-

дегі Махмуд Жандәулетов, Нұрмұхан 

Сәрсенов,  Мұқанәлі  Жұмашев,  тағы 

басқа  да  белсенділері  қатысады. 

Жоғарыда  айтылғандай  байларды 

тәркілегеннен  кейін  олардың  мал-

мүлкі  ортақ  иелікке  айналдырылып, 

әр ауылда ТОЗ- дар құрыла бастай-

ды. Бұларға қоса шағын серіктестер 

ұйымдастырылады. 

Мұндай жұмыстар Ноғайбай, Азғыр, 

Лабай,  Батырбек,  Сүйіндік  және 

Таубұйрат  ауылдық  кеңестерінде 

де 


жүргізіледі. 

Серіктестіктер 

«Қоңыртерек»,  «Сталин»,  «Жас-

буын», «Жас жігер», «Жігер», «Серік», 

«Мойынқос»,  «Қарабұлақ»,  «Ойы-

лты»,  «Жаңа  таң»,  т.б.  деп  аталған. 

Осылай  шаңырақ  көтерген  алғашқы 

ұжымдық  шаруашылықтардың  бас-

шылары  болып  осы  өңірдің  көзі 

ашық,  азды-көпті  сауаты  бар,  соци-

алистік  қоғамның  жұмысына  шын 

берілген 

Нұғман 

Әбілхайыров, 



Құмар Шағуанов, Мұса Сүлейменов, 

Қарсақ Жабағиев, Халел Ыдырысов, 

Оразбай  Сүндетов,  Зейнолла  Бай-

сейітов,  Сейіт  Ермағамбетов,  Ихсан 

Сейітқалиев, Зейнет Айтжанов, Ғайса 

Сатанов,  Қажымұрат  Сүлейменов, 

Қажығали 

Қажыгереев, 

Жаңыл 

Қисымеденова,  Нұққали  Түрікпенов, 



Шәкібәлі  Ілиясов,  Әбдір  Танашев, 

Орынғали  Шәлекенов,  Қыдырсиық 

Ерғалиев, Өтеш Берешев, Темір Бая-

насов, Сабырғали Қуаншалиев, Қанат 

Мүбәраков,  Шәужен  Қанатов  сияқты 

ел азаматтары істейді. Қазақстаннан 

тыс  аймақтарға  үдере  көшкен  елдің 

артынан жоқшы болып барып, олар-

ды атамекенге қайтуға үгіттеген Зей-

нолла Мұқашев, Беркін Ысмайылов, 

Омар  Сейітов  сияқты  белсенділер 

халық жауларының қолынан қаза та-

бады. 

Азғыр  даласында  1931-1932  жыл-



дарда  ТОЗ-дар  мен  серіктестердің 

ізінше «Тегісшіл», «Стаханов», «Жас 

буын»,  «Екпінді  құрылыс»,  «Екпін-

ді»,  «Алғабас»  және  Карл  Маркс, 

Сталин,  Чкалов  атындағы  колхоз-

дар  құрылады.  Бұлардың  алғашқы 

басқарма 

төрағалары 

болып: 

Шұғайып  Бегалиев,  Шернияз  Доса-



лиев,  Нұғман  Әбілхайыров,  Мұса 

Сүлейменов,  Нығмет  Хайроллин, 

Раушан  Бекпентова  және  басқалар 

сайланды.  Бір  айта  кететін  жағдай, 

сол  кездегі  шағын  колхоздардың 

құжаттары  мұрағаттарда  өте  си-

рек  ұшырасады.  Колхоздарды  өз 

қолдарымен  құрған  осынау  көнекөз 

қариялар қазір жоқ. 1930 жылы Азғыр 

ауданы  таратылғаннан  кейін  (ішінде 

ноғайбайлықтар  да  бар)  тұрғындар 

Орда,  Жаңақала  аудандарына  та-

рап  кетті.  Қазір  олардың  бірқатары 

есен-сау  ортамызда  жүргені  көңілге 

қуаныш ұялатады.

Мұратбек қажы ЖАХАТОВ.

Мөңке би түс көріп, сол түсін Сы-

рым батырға жорытпақ болады. 

–Бір жолы бәйгеге 40 ат қостым, 

біреуі  де  бәйгеден  келмеді.  30 

ат  қостым,  біреуі  де  келмеді.  5  ат 

қостым,  төртеуі  бәйгеден  келмеді 

де,  біреуі  ғана  аман  жетті.  Аман 

жеткені  сол,  келе  сала  пышаққа 

ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібер-

генімде  қасқыр  шықты,  қасқырды 

жарғанда  түлкі  шықты.  Түлкіні 

жарғанда, қоян шықты. Осыны жо-

рып берші,-дейді Мөңке би.

Сырым  түс  жорудың  жолын 

Мөңкенің  ұзатылып кеткен  қызына 

беруді ұйғарды. Бірақ, ол би үш рет 

шақыру жібергеннен кейін әрең ке-

леді.  Қыз  түстің  жайын  білген  соң 

Сырымға:


–«Түсті жездеңе, жиеніңе, әйелге 

жорытпа» деген ескіден жеткен есті 

сөз бар. Сонда да айтайын,-дейді. 

–  Түс  адал  түс,  қияли  түс,  шай-

тан  түс  деп  үшке  бөлінеді.  Мұны 

қай  түске  жатқызарымды  білмей-

мін,  бірақ,  оның  шешуі  мынадай: 

«40  ат  дегеніміз  –  мұсылманның 

қырық 

парызы 


орындалмай 

қалатын  заман  болады  екен;  30 

аттың  бәйгеден  келмей  қалатыны 

– 30 күн ораза ұстамайтын заман 

туады  екен;  5  аттың  төртеуі  кел-

мей, біреуі келгені – бес уақыт на-

маз  қаза  болып,  оны  біреуі  оқып, 

біреуі оқымайтын кез келеді екен; 

қасқырдың шыққаны – кісінікін тар-

тып алып, ұрлап жейтін зорлықшыл 

заманның  туатыны  шығар;  түлкі 

шыққаны  –  алдаушы  мен  арба-

Ескіден жеткен есті сөз

«Түсті жездеңе, жиеніңе, әйелге жорытпа»

ушы көбейетін, түлкідей бұлаңдаған 

заманның күтіп тұрғаны шығар; қоян 

шыққаны  –  ұрпақ  үрейленіп  өсетін, 

көлеңкесінен  қорқып  жүретін  заман 

болар».

Осыны  айтып  болғаннан  кейін 



Мөңке бидің қызы:

–Маған  түс  жорытқандарыңыз 

қате  болды,  күндердің  күнінде  әйел 

билеген  заман  келеді.  Ол  заманда 

әйелден  ұят  кетеді,  еркектен  намыс 

қашады,  менің  үш  рет  шақырғанда 

зорға келуімнің сыры осында еді,-де-

пті.


Басылымға әзірлеген  

Нарын ОРДАБАЕВ.

10 қаңтар 2017 жыл

4

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Жұмыспен қамту 

және әлеуметтік 

бағдарламалар

Қазіргі 


таңда 

аудандағы 

экономикалық  белсенді  халық  саны 

– 9 394,  жұмыссыздар – 478 адамға 

жетіп,  жұмыссыздық  деңгейі  –  0,4  % 

құрауда.  Былтырғы  жылы  462  жаңа 

жұмыс  орындары  ашылса,  оның 

357-cі  тұрақты  жұмыс  орны.  60 

адам  әлеуметтік,  57  адам  «Жастар 

тәжірибесі» 

бағдарламасымен 

жұмысқа  орналасты.  406  адам 

қоғамдық жұмыспен қамтылып, қайта 

даярлау  және  кәсіптік  оқуға  27  адам 

жолданды. Тағдыр тауқыметін тартқан 

мүгедек жандарды қоғамға бейімдеп, 

олардың  өмір  сүрулеріне  қолайлы 

жағдай  жасау  –  бүгінгі  заманның 

басты талабы.  Аудан бойынша  506 

мүмкіндігі  шектеулі  адам  бар.  Жыл 

қорытындысымен  11  мүмкіндігі  шек-

теулі  жан  тұрақты  жұмысқа  орнала-

сып,  12  мүгедек  қоғамдық  жұмысқа 

тартылды,  2  адам  әлеуметтік  жұмыс 

орнында,  1  адам  «Жастар  практика-

сы» бойынша жұмыс жасауда. 4 адам 

«Жұмыспен  қамтудың  жол  картасы 

– 2020» бағдарламасы арқылы несие 

алып, өз істерін ашты. 

«Өрлеу»  жобасы  бойынша  51 

адамы  бар  10  отбасына  бөлінген  1 

млн.  873  мың  теңге  қаржы  мақсатты 

жұмсалуда.  Жоба  аясында  9  адам 

тұрақты жұмысқа,

1 адам «Жастар практикасына», 10 

адам ақылы қоғамдық жұмысқа кірді. 



Білім беру

Ауданның  білім  беру  жүйесінде  9 

орта, 9  бастауыш мектеп, 1 колледж, 

4  мектептен  тыс  тәрбие  орталығы, 

1  жасөспірімдер  спорт  мектебі,      4 

балабақша,  9 шағын орталық жұмыс 

істейді.  Аудан  бойынша  мектепке 

дейінгі  тәрбиемен  қамтылу  деңгейі  

75,6 пайызды құрап отыр. 2016-2017 

оқу  жылында    2  461  оқушы  білім 

алып, 647 педагог еңбек етуде. Мек-

тептер  осы  оқу  жылында  8  жас  ма-

манмен  толықты.  8  мұғалім  тұрғын 

үй алуға бюджеттік несиеге қол жет-

кізді.  Былтырғы  165  түлектің  124-і 

(75,15  %)  ҰБТ-ға  қатысып,  5  түлек 

«ерекше аттестатқа» ие болды. Тес-

тілеу  нәтижесі  бойынша  ауданның 

жалпы  орта  көрсеткіші  73,45  балл 

болды,  бұл  2015    жылғыдан  0,44 

балға төмен.

1-4  сынып  оқушылары  және 

әлеуметтік  жағдайы  төмен  отбасы 

балаларына  100  пайыз  ыстық  тамақ 

берілуде.  Жалпы,  оқушылардың 

ыстық  тамақпен  қамтылуы  81,3 

пайыз.  Ақылы  ыстық  тамақты 

көбейту  арқылы  2017-де  көрсеткішті 

82  пайызға  жеткізу  жоспарлануда. 

2016  жылы  оқушылардың  жазғы 

демалысын  ұйымдастыруға  5  млн. 

теңге қаржы бөлініп, 2 341 оқушының   

99,6  %-ы  (2  331)    демалыс  және 

сауықтыру лагерлерінде тынықты.

5  мектепке  3  млн.  теңгеге  бейне 

бақылау  камералары  орнатылса, 

биыл  2  мектепке  (Ш.Жексенбаев, 

Т.Масин  ат.орта  мектептер)  және 

аудандық  білім  беру  бөліміне 

қойылады. 

КПО.б.в 

компаниясының 

қаржысына    Ұялы  ауылындағы 

Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп  

ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. 

Аудандық  бюджет  есебінен  Қарасу 

ауылындағы  бастауыш  мектеп  жай 

жөндеуден өткізілді. Жәрмеңке баста-

уыш мектебінің жылыту жүйесі табиғи 

газге қосылды. М.Бегалиева атындағы 

орта,  Көктерек  және  Жамбыл  бас-

тауыш  мектептерін  күрделі  жөндеу 

үшін  жобалық  сметалық  құжаттар 

дайындалуда. 

Сонымен 

қатар 


аудан  орталығында  салынбақшы  70 

орындық типтік интернаттың жобалық 

сметалық  құжаттары  жасақталып, 

мемлекеттік сараптамаға жіберілді. 

Бөкей  ордасы  колледжінде  «Трак-

торшы-машинист», 

«Автомобиль 

жүргізушісі»,  «Электронды  есеп-

теу  және  электронды  машиналар» 

«Электрогазбен 

дәнекерлеуші» 

мамандықтары бойынша 111 студент 

білім  алуда.  Колледж  жанындағы 

жатақханада  31  студент  (15  қыз, 

16    ұл)  тәрбиеленуде.  Түлектердің 

жұмысқа орналасу деңгейі 78 пайыз. 



Денсаулық сақтау 

Ауданымыздың 

денсаулық 

саласындағы 

33-дәрігер, 

122 


орта  буын  медицина  қызметкері 

аудандық аурухана мен 3 дәрігерлік 

амбулаторияда,  3  фельдшерлік-

акушерлік,  11  медициналық  пун-

ктте  тұрғындарға  медициналық 

көмек  көрсетіп,  дәрігерлік  тексеру-

лерден  өткізуде.  Олардың  қатары 

5    жас  дәрігер  және  6  орта  буын 

қызметкерімен  толықты.  Аудандық 

ауруханадағы  жататын  орын  саны 

– 33, күндізгі стационарларда – 60. 

Бүгінгі  күні  акушер-гинеколог,  оф-

тальмолог    дәрігерлер  жетіспейді. 

Маман  тапшылығы  жұмыс  жасап 

жүрген  дәрігерлерді  қайта  даяр-

лау, біліктілігін жетілдіру курстары-

на  өткізу  арқылы  шешілуде.  Өткен 

жылы 285 сәби  жарық дүние есігін 

ашса,  125  адам  қайтыс  болды. 

Табиғи өсім – 160 адамды құрайды. 

Денсаулық  сақтау  мекемелерінің 

материалдық-техникалық 

база-

сын  нығайту  бағытында  2  жаңа 



жедел-жәрдем  автокөлігі,  2  ме-

дицина  қызметкеріне  жиһаз  және 

тұрмыстық  техникамен  толықтай 

қамтамасыз етілген 2 бөлмелі  пәтер 

берілді.  Жәрмеңке  және  Қарасу 

елді-мекендеріндегі  медициналық 

пункттер электрлі жылыту жүйесіне 

қосылды.


                

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың 2016 жылы

Мақсат – оң



Бюджет

2016  жылы    аудандық  бюджет  

3  млрд.  32  млн.  теңгені  құрады. 

Бюджеттің  шығыс  бөлігінің  орында-

луы – 3 млрд. 31 млн. теңге немесе   

100 %.   Аудандық бюджетке 3 млрд. 

95 млн. теңге түсім түсіп, жоспар 102,1 

пайызға, соның ішінде, жоспарланған 

кіріс  салығы  256  млн-нің  орны-

на  311  млн.  теңге  болып,  121,8  % 

орындалды.  «Дипломмен–ауылға»  

бағдарламасы  бойынша жұмыс істе-

уге келген 25 маманға  3 млн. 712 мың 

теңге көтерме жәрдемақы төленіп,  13 

маманға 38 млн. 178 мың теңге  бюд-

жеттік несие берілді.  



Ауыл шаруашылығы

2017 жылдың 1 қаңтарындағы есеп 

бойынша  шаруашылықтарымыздың  

барлық  санатында    58  573  ірі  қара, 

108 334 қой мен ешкі, 19 728 жылқы, 

1205  түйе  бар.  Өткен  жылмен 

салыстырғанда  ірі  қара  –  2,5,    қой 

мен  ешкі  –  0,8,      жылқы  –  5,7,  түйе 

0,1%-ға  өскен.  Ауданымыздағы  480 

шаруа қожалығының 225-інде ірі қара 

малының аналығы 30 бастан асады. 

Шаруашылықтарда  былтыр  3100 

тонна  ет, 12 857  тонна  сүт өндіріліп, 

ет -0,7, сүт 0,2 пайызға артты. Ресей 

Федерациясына  447  тонна  ірі  қара 

малының еті, 1 тонна қой еті экспортқа 

шығарылды. 

Ұлт жоспарының 35-қадамын орын-

дау  бағытында  жаңадан  37  шаруа 

қожалығы құрылып, оларға 58 099 га 

жер телімі пайдалануға берілді. Жер-

ді тиімді пайдаланбаған 

8  шаруа  қожалығы  жабылып, 

олардың 5 009 га жері мемлекет ен-

шісіне қайтарылды.

Аудан  бойынша  мал  шаруашылы-

ғын дамыту мақсатында 5 өндірістік ко-

оператив құрылды. 15 асыл тұқымды 

мал  өсіретін  шаруашылықтың  біре-

уі    («Хан  ордасы»  ЖШС-і)  бактриан 

түйесін,  12-сі  қазақтың  ақбас  сиы-

рын,  2-еуі  «Көшім»  және  «Жабы» 

жылқыларын 

өсіреді. 

«Сыбаға» 

бағдарламасы  арқылы  7  шаруа 

қожалығы  94  млн.  900  мың  теңгеге 

22  асыл  тұқымды  бұқа,  491  аналық 

ірі  қара  сатып  алды.  «Алтын  асық» 

бағдарламасымен  бір  шаруашылық 

10  млн.  500  мың  теңге  несиеге  16 

асыл  тұқымды  қошқар,  388  саулық 

алды.  Есепті  мерзім  ішінде  шаруа 

қожалықтарына  487  млн.  404  мың 

теңге субсидия төленді. 

2016  жылы  9    шебер-жоспар 

бойынша жұмыс жүргізілді.  5 шаруа 

қожалық  асыл  тұқымды  мал  сатып 

алса,  2  бордақылау  алаңы  және 

асыл  тұқымды  қой  шаруашылығына 

жаңа  қыстақ  салынды.  Темір  Масин 

ауылдық  округінде  қымыз  өңдейтін 

цех  жасақталуда.    Құрылыс  70 

пайызға орындалды. Саралжын ауы-

лында бордақылау алаңын салу үшін 

құрылыс  материалдары  жетістірілді. 

Жыл өткен сайын мал шаруашылығы 

саласының материалдық-техникалық 

базасы нығайтылуда. 2016 жылы ли-

зингке 7 трактор, 6 ауыл шаруашылық 

техникасы  алынды.  Жыл  ішінде  ша-

руа  қожалықтар  энергияның  балама 

көздері ретінде 7 күн батареясын ор-

натып, пайдалануда.

Есепті  мерзімде  аудан  аумағында 

тұрақты 


эпизоотиялық 

жағдай 


сақталды,  жануарлардың  аса  қауіпті 

аурулары тіркелген жоқ. Ветеринарлық 

іс-шаралар  жоспарына  сай    393  956 

үй  жануарлары  вакцинацияланды, 

330 059 малға диагностикалық тексе-

рулер  жасалды.  Ауыл  шаруашылық 

малдарының  бруцеллезге  шалдығу 

көрсеткіші    мүйізді  ірі  қарада  0,9% 

(688  бас),  ұсақ  малда  0,02%  (28), 

түйеде  0,2%  (2),  жылқыда  0,7%  (1  )  

құрады.  Ауру  малдар  оқшауланып, 

санитарлық  сою  орындарына  тасы-

малдау ұйымдастырылды.  

                       



Шағын кәсіпкерлік

Биылғы  1  қаңтарда  аудан  бойын-

ша  910  шағын  кәсіпкерлік  субъек-

тілері  тіркелсе,  соның  ішінде,  заңды 

тұлғалар  –  40,  жеке  тұлғалар  –  870. 

Кәсіпкерлік  саласында  жұмыс  жа-

сайтындар саны – 1632 адам. Аудан 

кәсіпкерлері былтыр 5 млрд. 410 мың 

теңгенің  өнімін  өндірсе,  ол  алдыңғы 

жылмен салыстырғанда 88,2 пайызға 

жоғары.

«Жұмыспен  қамту  –  2020»  жол 



картасы  бағдарламасы  аясында    31 

кәсіпкер  60  млн.  теңге  несие  алып, 

бұл  қаржыны  21  адам  мал  өсіруге, 

10  адам  тұрмыстық  қызмет  көрсету 

орындарын  ашуға  жұмсады.  Би-

сен  ауылында  дәріхана  ашылды. 

Болашақта Сайқын ауылдық округін-

де алма бағын өсіру ісі қолға алынбақ. 

Сонымен  қатар  4  адам  қайтарылған 

қаржы  есебінен  өз  істерін  ашуға  6 

млн. теңге несие алды.

Жергілікті қаражат есебінен Сайқын 

ауылындағы  бизнес  орталығына    2 

млн.  теңгенің  жөндеу  жұмыстары 

жүргізіліп,  онда  шаштараз,  тігін  ате-

льесі,  аяқ-киім  жөндеу,  фотосалон, 

ағылшын тілінен курс және балаларға 

арналған  ойын  орталығы  жұмыс  жа-

сауда. Аудан орталығынан қой жүнін 

түту және тазалау орны ашылса, Ұялы 

ауылында  наубайхана  құрылысы 

жүргізілуде.  «Бизнестің  жол  картасы 

–  2020»    бағдарламасымен  туризм 

саласын  дамыту  бағытында,  яғни, 

сувенир  жасау  үшін  кәсіпкер  Артур 

Ғабдошев 1 млн. 30 мың теңге мем-

лекеттік грантқа ие болды. 


10 қаңтар 2017 жыл

5

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


өзгерістерді ілгері дамыту

Мәдениет және спорт 

Аудан  бойынша    13  мәдениет  үйі 

мен  клуб,  спорт  зал,  спорт  мектебі, 

22  кітапхана,  тарихи-мұражай  ке-

шені халыққа қызмет көрсетуде. 2016 

жылы  782  мәдени-көпшілік  және 

69  спорттық  шара  өткізілді.  Соның 

ішінде,  «Бейбітшілік  пен  келісімнің 

жол  картасы»  мега  жобасы  аясында 

Ақжайық  ауданы  бізге  келсе,  аудан 

өнерпаздарынан  құрылған  делега-

ция  Зеленов  ауданына  барып,  өз 

өнерлерін паш етті. Тәуелсіздігіміздің 

25  жылдығына  арналып,  ауданішілік 

эстафеталар  оздырылды.  Хан  ор-

дасы  ауылында  «Бөкей  ордасының 

құрылғанына 215 жыл», «Тұңғыш білім 

бастауы – Жәңгір мектебіне 175 жыл» 

толу мерекелік шаралары, Хан орда-

сы ауылдық мәдениет үйінде «Шежі-

ре тұнған құт мекен» тақырыбындағы 

ғылыми-практикалық  конференция, 

ақындар  айтысы  және  мерекелік 

концерт  ұйымдастырылды.  Аудан 

әкімінің  жүлдесі  үшін  волейболдан 

дәстүрлі  турнир  ұйымдастырылды. 

Оған  Ресей  Федерациясы  және 

көршілес аудандардың командалары 

қатысты.  

Бисен, 


Орда 

ауылдарында, 

М.Бегалиева, 

Ш.Жексенбаев, 

Қ.Сағырбаев 

және 


А.Құсайынов 

атындағы орта мектеп аулаларына да 

жасанды газонмен қапталған футбол 

алаңдары салынды. Сайқын ауылын-

да  орталық  стадионға  жай  жөндеу  

жүргізілді.  Ағымдағы  жылы  аудан 

орталығынан спорт клубын ашу жос-

парлануда. 

Жергілікті  бюджеттен    1  млн.  750 

мың  теңге  бөлініп,    Орда  балалар 

және  Орда  ауылдық  кітапханалары 

модельді  кітапхана  жүйесіне  ауыс-

тырылды.  4  млн.  122  мың  теңгеге 

Әжен  ауылының  клубы  жөнделді. 

Бисен  ауылдық  мәдениет  үйі, 

Қарасу, Көктерек ауылдық клубтарын 

күрделі жөндеудің жобалық сметалық 

құжаттары  дайын.  Алда  жоспарда 

Қарасу,  Әжен,  Жәрмеңке  ауылдық 

клубтарының  жылыту  жүйелерін 

табиғи газге қосу. 

Қоғамдық тәртіп

Жыл бойына барлығы 173 қылмыс 

тіркелсе,  оның    65  пайызы  ауыр 

қылмыс,  20  пайызы  ұрлық  (мал 

ұрлығы  65-тен  37-ге  төмендеген).  

Жол  қозғалысы  ережелерін  бұзушы 

207,  көлікті  мас  күйінде  жүргізген 

27  айыпкер  жауапкершілікке  тар-

тылды.  Аудандық  жергілікті  поли-

ция  қызметінің  басшысына,  ішкі 

істер  бөлімі  бастығының  орынбаса-

рына  және  3  учаскелік  инспекторге 

қызметтік тұрғын үйлер берілді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет