Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады Апталық басылым


әжімұратов Нағим Қитанұлы



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата07.02.2017
өлшемі8,21 Mb.
#3622
1   2   3   4   5   6   7   8

әжімұратов Нағим Қитанұлы 

мен  жұбайы 



Гүлнар  Рамашқызын 

мерейлі де мерекелі 60 жасқа толуы-

мен құттықтаймыз!

Ақтарсақ 

қуаныштың 

сыр 


сандығын, 

Алпыс жыл асу белес думан бүгін.

Бүгінгі келіп жеткен мерекелі,

Мерейлі құтты болсын туған күнің!

Тұлғаңыз тектілікпен теңесе ме?

Беделдің биік мініп кемесіне.

Өмір жолда әрқашан бірге болып,

Келгейсіздер бір ғасыр белесіне.



Игі тілекпен: аналары Рағила, балалары

 Нұрлыбек-Айжан, Шыңғыс, Шынтас, Айсәуле.

Құттықтаймыз!



Ел 

Тәуелсіздігінің 

ширек 

ғасырлық  мерекесін  толымды 

тартулармен  қарсы  алып,  жыл-

ды  нәтижелі  қорытындылаған 

аудандық  балалар-жасөспірімдер 

спорт мектебі ұжымы  «Спортшы-

лар балын» оздырды. 

Оған 


ауданымызда 

спорттың 

бұқаралығын  арттыру  жолында  тын-

бай  еңбектеніп,  қамқорлық  жасап 

жүргендер  мен  белсенді  спортшы-

лар  шақырылды.  Мектеп  директо-

ры,  ҚР  Құрметті  спорт  қызметкері 

Д.Семилиди  жасаған  баяндамада 

жыл бойы атқарылған жұмыстар тал-

данып, алдағы жоспарлар қамтылды. 

Өз  ісінде  үздік  көрінгендер  спорт 

мектебі  арнайы  тапсырыс  беріп, 

жасатқан төсбелгімен марапатталды. 

Олардың қатарында кештің шақырулы  

қонақтары: аудан әкімінің орынбасар-

лары  Р.Зұлқашев,  Л.Қайырғалиева, 

мәдениет,  тілдері  дамыту,  дене 

шынықтыру  және  спорт  бөлімі  бас-

шысы  Ә.Айтқалиев,  салауатты  өмір 

салтын  қалыптастыру  кабинетінің 

координаторы  А.Махимова,  спорт 

жанашыры  С.Сәрсеновтермен  қатар 

есімдері  облыс  пен  республикаға 

мәлім  спортшылар  Р.Денгизбаев, 

М.Таңатов,  Н.Жахатов,  Ж.Хайрошев 

және  өзін  спорттық бабында  жүретін 

ұстаз  ретінде  танытқан  Р.Жахатов 

бар.  Сондай-ақ  ұжымымыздың  та-

бысына  зор  үлес  қосқан  бапкер-

леріміз  Ж.Бекеев,  Р.Қожағалиев, 

А.Сүйеуғалиев, 

Е.Жұмағұлов, 

С.Дінсейітов,  Н.Ғазезов,  А.Победов, 

Қ.Жанғуатұлы  БЖСМ  директорының 

Алғыс хатын иеленді.

Айтпақшы,  осы  жиында  аудан 

әкімінің 

орынбасары 

Рүстем 

Мүлкайұлы  директорымыз  Дмитрий 



Фиофиловичке  «Қазақстан  Респуб-

ликасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мере-

келік медалін табыстады (суретте).

Спортшылар 

балы 

«Думан» 


тойханасындағы  әдемі  отырысқа, 

сазды әуен мен әсем биге ұласты.



Нұржан САРИЕВ,

аудандық БЖСМ 

директорының орынбасары.

* * *

Ұялы  ауылындағы  биылғы  Жаңа 

жылдық шара өзіндік сән-салтанаты-

мен ерекшеленді. Айта кетелік, шыр-

шаны  Стадион  көшесінің  Бисенғали 

Баешов, 


Серікбай, 

Сексенбай 

Өтәлиевтер,  Темірғали  Бақтығалиев 

т.б.  тұрғындары  өз  қаражаттарына 

безендірді (суретте). Кеш соңында аз 

қамтылған отбасы, мүмкіндігі шектеулі, 

жалғызбасты аналардың балаларына 

сыйлық  пен  тәттіге  толы  қоржындар 

табысталды. Кәсіпкер Нұрболат Заев 

4,  шаруа  қожалық  жетекшісі  Дар-

хан  Бисенғалиев  8,  «Нұр-Ай»  шаруа 

қожалық жетекшісі Марат Еркінғалиев 

10, «Бірлік» шаруа қожалық жетекшісі 

Тұрдығұл  Сәрсенғалиев  8,  «Дәулет» 

шаруа қожалығы жетекшісі Темірғали 

Бақтығалиев  10  балаға  демеушілік 

көрсетіп,  балғындардың  қуанышын 

еселей түсті. 

Бисен  ауылдық  округінің  дәріхана 

меңгерушісі Ұмсынай Сейсенғалиева 

Ұялы  ауылдық  округінің  І,  ІІ  топ 

мүгедектеріне  (10  адам),  үйінде 

төсек  тартып  жатырғандарға  (2),  аз 

қамтылған отбасы мүшелеріне (10) 30 

мың теңге көлеміндегі дәрі-дәрмекпен 

көмектесті. Әрі Жаңа жыл мейрамын-

да  тұрмысы  нашар  жанұялардың 

бүлдіршіндеріне  (10  бала)  сыйлық 

табыстады.

Ж.САРИЕВА,

Г.ЗАКАРИНА,

әлеуметтік қызметкерлер.

* * *

Өткен жыл жәрмеңкеліктер жадын-

да  берекесімен  қалды.  Ауылымызда 

балалардың  жазғы  ойын  алаңы 

ашылып,  бастауыш  мектеп  көгілдір 

отынға  қосылды.  Биыл  көгілдір 

отын  ауылдық  клубқа  да  тартылады 

деп  күтілуде.  Ауылдастарымыздың 

ауызбіршілігімен  ұйымдастырылған 

шырша  тойы  клуб  меңгерушісі  Ма-

рия Қоштанованың құттықтау сөзімен 

ашылып,  Айзада  Сәменова,  Руфина 

Шайдөкова,  Елдос  Мұханов,  Аружан 

Жексенова, Гүлназ Ғазезова, Ағайша 

Хамзина,  Венера  Дүйсенғалиевалар 

өнерлерін  ортаға  салды.  Ал,  әсерлі 

кеш  көркін  аша  түскен  Аяз  ата 

(Әділет Әбдіров) мен Ақшақар (Әдемі 

Мәдиева)  кішкентай  бүлдіршіндерді 

сый-сияпатқа кенелтті. Лоторея билеті 

ойнатылды.  Ауыл  тұрғыны  Бауыр-

жан  Сердалиев  демеушілік  көрсетіп, 

ұтыстардың  біріне  бір  машина  ауыз 

су тікті.  

Шағын  ғана  елді  мекеннің  осынау 

бірлігі мен тату-тәтті тірлігі, шыны ке-

рек, көпке үлгі. 

Тұрсын ЖАҚСЫЛЫҚОВА,

кітапханашы.

Аутизмді емдеу 

тәсілдері

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде «Аутист балаларға арнайы 

көмек көрсету жолдары» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Аутизмге 

шалдыққан баланы ерте жастан диагностикалау, оңалту шараларын уақытында 

бастап, болашақта аутизмі бар балалардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік 

беруді  мақсат  еткен  бұл  жиынға  мекеме  қызметкерлерімен  қатар,  мектеп, 

бөбекжайлардың  әлеуметтік  педагогтері,  психологтері,  басқа  да  арнайы  ма-

мандары қатысты. 

Семинардың  ашылуында  ППТК  меңгерушісі  А.Атаева,  ерте  жастан  түзеу 

мұғалімі Д.Қитешева «Аутизм туралы түсінік», дефектолог  Ұ.Хасенова «Ин-

клюзивті  ойындар»,  емдік  дене  шынықтыру  мұғалімі  М.Сейсенов,  логопед 

А.Бисембаева «Ұсақ қол маторикасын дамыту жаттығулары», әлеуметтік педа-

гог З.Әбілова «Әлеуметтік тұрмысқа (үй шаруасына) бейімдеу» баяндамасын 

оқыса, тәрбиеші А.Құрес өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар әдіскер А.Карина 

ұйымдастырған  «Тілек  ағашы»  тренингімен  аяқталды.  Аутизм  дертінен  ем-

деудегі  әдіс-тәсілдерден  мол  мағлұмат  берген  бұл  шара  қатысушылардың 

көңілінен шықты.

А.ҚАДЫРҚҰЛОВА,

дефектолог-логопед. 

Ауыл


-аймақтан хабар

Семинар


Тауық жылы тарту-

таралғымен басталды

Өсімдік зиянкестерімен күрес – күн тәртібінен түспейтін 

мәселелердің  бірі.  Ауыл  шаруашылық  өсімдіктерінің 

шығымдылығы, шабындық пен жайылымның қоюлығы көп 

ретте өсімдік зиянкестерімен күрес нәтижесіне байланысты. 

Зиянкестердің экономикалық зиянды шегінен (ЭЗШ) асқан 

жағдайда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі 15-

20  пайызға  азаяды.  Тіпті  кейде  түсімнің  болмай  қалуы  да 

мүмкін. Зиянды жәндіктермен күресті дұрыс ұйымдастыру 

үшін  олардың  түрлерін,  биологиясын,  өсіп-өну  ерекшелік-

терін, мониторинг пен күресу шараларын жақсы білу шарт.

Аса  қауіпті  зиянкес  санатына  жататындардың  ішінде 

біздің ауданда көп таралғаны үйірлі шегіртке (итальянский 

прус). Ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларында оның 

дернәсілдеріне  қарсы  89,4  мың  га  жерге  химиялық  өңдеу 

жұмыстары жүргізілді. Осы шараға Бисен ауылдық округінің 

«Қалиолла»  шаруа  қожалығының  жетекшісі  Айтмағанбет 

Сабиров,  Ұялы  ауылдық  округінің  «Алға  қазақ»  шаруа 

қожалығының жетекшісі Тілекжан Мамаев және т.б. азамат-

тар белсене атсалысты.

Аудан бойынша 2016 жылы италиялық прус шегірткесінің 

шағылысу  және  жұмыртқа  салу  кезеңдерінде  260,0  мың 

га  жерге  мониторингтік  бақылау  жұмыстары  жүргізіліп, 

зиянкестердің  183,3  мың  га  жерге  қоныстанғаны 

анықталды. Биылғы жүргізілген мониторингтік жұмыстар 

келер жылы шегірткелердің көбеюі мүмкіндігін көрсетуде. 

Сондықтан 111,08 мың га жерді химиялық өңдеу жоспар-

лануда.

Сонымен  қатар,  ауданымызда  екі  жылдан  бері  каран-



тиндік  арамшөптерге  де  мониторингтік  бақылау  жасалу-

да.  60,0  мың  га  жатаған  үкекіреге  (горчак  ползучий),  0,3 

мың  га  арамсояуға  тексерілген  жерлерден  таралу  ошағы 

байқалмады.  Дегенмен,  арамсояу  шөбіне  мониторинг  аз 

болуына  байланысты  қосымша  жер  көлемін  беруді  сұрап 

отырмыз.


Миллят ҮМБЕТАЛИЕВ,

«РФД ж БӘО» РММ аудандық 

филиалы маманы.

Зиянкестермен күрес



Сақтықта қорлық жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет