10 қаңтар 2017 жыл
9
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Біз өткен өмір мектебі
* * *
«Жақсының
жақсылығын
айт
– нұры тасысын» дегенді мен айтқам
жоқ, құрметті құрдас. Халық айтқан
қасиетті сөз. Ендеше осы қағиданы
ұстанып, осы хатты жазу барысын-
да қызды-қыздымен сен туралы
біраз көтеріңкі, лепті лебіз білдірсем,
әдетте мерейжасқа байланысты ай-
тылатын «кезекші қызыл сөз» деп
ұғынбағын. Оның үстіне менің жалған
көлгірсуді жаратпайтынымды өзің де
білесің.
Сенің ғылымдағы жетістіктеріңе
баға бере алмаймын, өйткені,
бұған қауқарым жетпейді. Ел
құлағы – елу, есітіп-біліп жатамыз,
өзің өңгерген салаңда санаулы
білімпаздардың бірі көрінесің. Бірге
өскен құрбы-құрдастарың үшін бұл
әрі қуаныш, әрі мақтаныш. Жұрт
таныған
ғалымдығыңмен
қоса,
сенің биік адами қасиеттеріңді,
бөлекше бауырмалдығың мен біре-
уге әрқашан жақсылық жасауға даяр
тұратын мейірімділігіңді де бүгінде
көп адам біледі. Әсіресе, алдыңа
анау Нарын жақтың, өзің туып-
өскен Азғырдың азаматтары кел-
генде – тіптен жаның жоқ. Бәріміз
де қолдан келсе біреуге қол ұшын
берудің Құдай қалайтын қайырымды
іс екенін білеміз-ақ, бірақ, несін
жасырайық, нақты іске келгенде
қырсыздық пен құлықсыздық таны-
тып жатамыз. Желкеміз жібермей-
ді. Жалқаумыз, енжармыз. Ал, сен
болсаң осыдан жаныңа рахат таба-
тын адамдай, не іске де ықыласпен
кірісесің. Қолға алған ісіңді тындыр-
май тыным алмайсың. Табандысың.
Әр жақта тарыдай шашылып жүрген
бөкейлік ел азаматтарының басын
біріктіріп, бірін екіншісіне жалғап,
ұйымдастырып-ұйыстырып жүретін
дәнекерліктерің жағынан Баймұрат
(Бисенов) екеуіңе ешқайсымыз
теңесе алмайтынымызды сөзсіз
мойындаймыз.
Жыл арасын суытпай елге ба-
рып тұрасың. Өзіңнің экономикалық
ғылымыңа жұғысы жоқ болса
да, туған ауылыңның тарихын
зерттейсің. Дерек жинайсың. Ғалым
адамға тән ұқыптылықпен жиған-
терген материалдарыңды қорытып,
кітап жазасың. Қалай да қолыңнан
қаламың түспейді.
Арғы-бергі ата-баба аруағына
бағыштап ас бересің...
Бұл енді ана сүтімен дарыған
табиғи қасиет болуы керек.
...Есіңде болса, өзіңмен арадағы
уәде бойынша елу тоғызыншы
жылдың жазында мен Алматыға
оқуға келдім. Алматы ІІ вокзалынан
қарсылап алдың.
Никольск базарының жанындағы
Виноградов көшесі, 88 деген
жатақханада
тұрады
екенсің.
Жатақхана бос тұр – студенттер жазғы
каникулға кетіпті. Университеттің
комсомол комитеті маған Чайковский
көшесіндегі ескі жатақханаға жол-
дама берді. Бірақ, мен онда барған
жоқпын – сен жібермедің.
– Орын бар, бізбен бірге жата бер.
Комендантпен өзім келісіп, төсек
орын алып берем,-дедің.
Сенімен бірге жатқаным жақсы
болды – қабылдау комиссия-
сына құжат тапсырудан бастап,
кітапхананың
оқу
залындағы
дайындыққа
дейінгі
ұсақ-түйек
шаруалардың барлық жай-жапсарын
түсіндіріп бердің. Қаланы аралаттың,
оқу орнының тіршілік-тынысымен
таныстырдың. Талапкерлердің негіз-
гілері Алматыға құйылып, қабылдау
комиссияларының төңірегі ығы-
жығы болатын қызу күндерге дейін
мен астанаға кәдімгідей бой үйретіп
қалдым, өз-өзіме деген сенім бекіді.
Айтқандайын, ол кезде сен жазғы
каникулдағы демалысыңды пай-
даланып, бір үлкен азық-түлік
дүкенінде жүкші болып істеп жүрген
болатынсың. Шәкіртақы аз. Ел
жақтан қаражат күтетіндей олардың
да қолында басы артық тиын-тебен
жоқ. Міне, сен, болашақ профессор,
академик, сол кезде өзің аяқ іліндір-
ген оқуыңды қайтсең де тастамау
үшін, дәрістен босаған уақытыңды
пайдаланып, жәшік тасып жүрдің.
Сенің үлкен ғылымдағы жеңісті
жолың осылай басталған!
Мұны ұмытпағын!
Қазір енді білдей профессорсың.
Академиксің. Жыл сайын алдыңнан
жүздеген
шәкірт-студент
өтеді.
Соларға дәріс оқисың, сынақ
аласың. Қайбір жалқау студенттің
тура жон арқасынан таспа тіліп ала-
тын кездерің болатын көрінеді. Де-
генмен, профессор да – пенде, ол
да көңіл-күйдің адамы, қанша қатал
болғанымен, оның да жанын жібітіп,
жүзін жылытатын жайлар болады-ау.
Есіңде ме, мен университет-
ке қабылдау емтихандарының ең
соңғысы – тарихтан сынақ тапсы-
рып келген күні бір қызықты жайды
әңгімелеп ем ғой. Сен сонда менің
әңгімемді тыңдап алып: «Иә, өмір де-
ген осындай кездейсоқ сәйкестіктер
мен сәттіліктерден тұрады» деп
пәлсафа соғып жібергенсің.
Ұмытып қалған шығарсың, ал,
менің күні бүгінгідей есімде.
Күн жаңбырлы еді. Шевченко
мен Ұйғыр (қазіргі Байтұрсынұлы)
көшелерінің қиылысындағы сол кез-
дегі заңгерлік факультеттің оқу кор-
пусында тарихтан қабылдау емти-
ханын тапсырып жатырмыз. Соңғы
емтихан. Алдыңғыларынан алған
бағам (шығарма жазудан өңгесі)
өнжеусіз болғандықтан университет-
ке түсуге сенімді болу үшін барын-
ша жақсы баға алуым керек. Міндет
– осы.
Марқұм ағам Хамидолла қаталдау
кісі еді. Оқуға жүрерімде қатаң ескер-
ткен:
– Құдайдың құдіреті, Алматыға
оқуға кеткен баланың ауылға
қайтқаны жоқ. Оқуға түсе алмаса да,
сол жақта қалады. Сен олай етпе,
шырағым, түсе алмасаң, ауылға
қайт! Көп болса, келер жылы тағы
барарсың.
Бірақ, ағам ескертті екен деп
менің бәрібір ауылға қайтқым жоқ.
Сондықтан мына соңғы сынақты
қалай да жақсы бағаға тапсыруым
қажет.
Рас, сен күн сайын жігерлен-
діресің:
– Саспа, батыл бол!-деп. – Сені
қабылдамағанда филология факуль-
теті кімді қабылдайды сонда? Ақын
десе, ақынсың. Жұмысшы десе,
жұмысшысың – екі жарым жылдық
еңбек өтілі бар механизаторсың.
Облыстық
екі
айтыстың
жеңімпазысың. Облыстық атқару
комитетінің шешімімен берілген «Ба-
тыс Қазақстан облысының ақыны»
деген дырдай атағың бар. Айтпақшы,
Қазақстан Жазушылар одағының
хатшысы Сейітжан Омаров қол
қойған жолдамаң тағы бар. Жоқ, сені
сөз жоқ алады университетке. Тек
емтиханда «құлап қалмасаң» болды.
«Үш» алуға шамаң жететін шығар...
Алғашқы лектің ішінде емтиханға
кірдім. Сынақшы елулерді алқымдап
қалған егде кісі екен (әттең, аты-жөні
есімде қалмапты). Сынақ билетін
алып оқи бастадым. Бірінші сұрағы
– «Антантаның үшінші жорығы»
(ол кездің тарихы негізінен Қазан
төңкерісінің тарихы еді ғой). Құдай
ұрғанда, мына сұрақтың жауабын
біліп жарымайды екем. Қалған екі
сұрағы – таныс. Ал, мына атаңа
нәлет Антанта... Әрі ойлаймын, бері
ойлаймын. Миымның түкпір-түкпірін
аласұра тінткілеймін. Жарытулы де-
рек жоқ.
Не істерімді білмей, үшінші
қабаттан мөлиіп терезеге қараймын.
Күн бұлыңғыр. Көңіл – одан бетер.
Алдымдағы балалар бірінен соң
бірі жауап беріп, кетіп жатыр. Кезегім
таялып келеді. Отырысым – мынау.
Кенет қарсы қабырғада ілулі тұрған
көп картаға көзім түсті. Суға кеткен,
тал қармайды:
– Ағай, картамен танысуға
бола ма?- деген сауалды қалай
қойғанымды өзім де білмей қалдым.
– Әрине, таныса бер.
Таяп
барып,
аударыстырып
қарасам, саған өтірік, маған шын,
тура «Третий поход Антанты» деген
өгіз терісіндей үлкен карта ілулі тұр.
Көзім жарқ етіп, санам шайдай ашы-
лып кетті. Дереу картаны жайып жі-
беріп, жебедей қадалған стрелкала-
ры мен даталарын, жер атауларын
зерделей бастадым. Енді тек, Құдай,
уақыт бере гөр!
Осы кезде бөлменің есігі ашылды
да, кафедраның хатшысы болуы ке-
рек, жас келіншек басын қылтитты:
– Бәленбай Түгенбаевич, сізді
шұғыл телефонға сұрайды.
–
Тәртіп
сақтап,
тыныш
отырыңыздар, - деп ескертіп, сынақшы
шығып кетті. Өзіміз ғана қалдық.
«О, жасаған, ұзағырақ сөйлестіре
гөр!» деген тілекпен апыл-ғұпыл
дайындалып жатырмын. Сынақшы
аудиторияға біраз кешігіп оралды.
Бірақ көңілді. Сірә, телефондағы
әңгіме жанына жағымды болған-ау.
Не сүйінші сұрағандай жақсы хабар
ма екен? Қайтсе де көңіл-күйі күрт
өзгерген...
Кезегім келіп, билет бойынша жа-
уап бере бастадым. Сынақшым те-
резеге қараған күйі, әлде нені терең
ойланып үнсіз отыр. Жаңа ғана те-
лефонмен жеткен жақсы хабарды
миында қорытып, бойына сіңіріп
отырғандай. Оқта-текте болар-бол-
мас басын изеп қойғаны болмаса,
менің жауабымды соншалық тыңдап
отырған жоқ. Оның назар қойып
отырмағанын пайдаланып, мен де
еш мүдірместен сайрап бердім. Ара-
тұра сұрауға қатысы жоқ деректер де
кетіп жатыр...
Біраз сілтеп барып тоқтасам керек.
Сынақшым жүзін маған жылы ауда-
рып:
– Жақсы дайындалыпсың ғой,
кәне, емтихан парақшаңды әкелші, -
деді. Ондағы шығарма жазудан алған
жақсы бағаны көргенде, тіптен жайы-
лып сала берді. «Отл.» деген бағаны
сойдақтата жазды да, шиырып қолын
қойды. Дәп қазіргі көтеріңкі көңіл-
күйі жағдайында ол бұдан төмен
баға қоя алмайтындай. Тіпті, қойған
қолтаңбасында да көңілі көтеріңкі
екені байқалып тұрғандай.
Сол айтқандай, Өтеке, сенің де
дәп осындай көңіл-күйің тәуір болған
күндері, сол жолғы мен секілді, жолы
болып жүрген шәкірттерің аз емес
шығар-ау.
Арада қанша жыл өтті, бірақ, осы
бір оқиға есімнен кетпейді. «Сұмдық-
ай, - деп таңғаламын әлі күнге, -
кездейсоқтық адамның өмірін қалай
басқа арнаға бұрып жібере ала-
ды! Мәселен деймін-ау, билеттегі
сұрағымның жауабын білмей, сасып
отырған менің кенет қабырғадағы
картаға көзім түспегенде... Мен
емтихан
тапсырардың
алдын-
да
сынақшымды
телефонға
шақырмағанда... Сол телефондағы
әңгіме оның көңілін-күйін осыншалық
көтермегенде... Менің өмірім қалай
қалыптасар еді? Тіпті ойлаудың өзі
қорқынышты!
Есіңде болса, орыстың «Много ли
человеку надо!» деген пәлсапалы
өлеңі бар. Сол айтқандай, адам өзін
бақытты сезіну үшін көп нәрсе керек
емес екен ғой. Иә, өзінің бақытты
сәтінде, сол ауанмен мені де бақытты
еткен сол бір кісіге алғысым шексіз.
Өзі бақилық болса да, ұрпағы аман
болсын!
Үнемі адамдар арасындасың,
Өтеке, жас жігіттер мен қыздардың
келешек өмірлері қалай қалыптасып
кетуіне ықпал ететіндей жауапты
міндет бар мойныңда. Сондықтан
сенің де алдыңа келген жастарға оң
қабақпен қарап, осылай үнемі алғыс
алып жүргеніңді қалаймын!
* * *
Көп
кешікпей
сен
оқитын
экономикалық
факультет
(университеттің ең үлкен факультеті
еді ғой) Алматы халық шаруашылығы
институты болып бөлек отау тігіп
кетті де, сол кезден бастап екеуміз
бір-бірімізден біраз уақыт көз жазып
қалдық.
Ал, университетте қатарлас оқып
жүрген кезімізде жұбымыз жазылма-
ушы еді ғой. Есіңде ме, әсіресе, туған
күндерде және көбіне-көп, Жаңа жыл
мерекесінде нарындықтар болып жиі
жиналатынбыз. Мереке қарсаңында
бәріміз бас қосатын арнайы үй жал-
дайтынбыз. Сонан соң жиналып
алып, арзан молдаван шарабының
уытымен желігіп, ән салатынбыз.
Ақындар жағы, әйд-ә-ә, махаббат
жайлы өлең оқитынбыз:
Оқыдым шежіресін сан ғашықтың,
Ұнау не, ұнату не – алғаш ұқтым.
Көзімді – оқ, кірпігімді – найза
қылып,
Аққулы айдын көлге аңға шықтым.
Осынау жыр жолдарына елігіп,
музыканттар жағы ескі домбыраны
сабалап, күй шертетін.
Иә, біз ол кезде жас едік, шетіміз-
ден талантты едік: консерватори-
яда тәлім алып жүрген болашақ
атақты композиторлар Базарбай
Жұбаниязов пен Мансұр Сағатов,
ауыл шаруашылығы институтында
оқитын ертеңгі инженер Халел Әбуов
пен ғалым-агрономдар Ғарифолла
Ғабдырахманов, Елемес Балжанов,
Темеш Бірімжаров, зоотехникалық-
малдәрігерлік
институттан
–
Қазақстан Үкіметінің болашақ жауап-
ты қызметкері Баймұрат Бисенов пен
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің болашақ
депутаты Шынбай Шарафутдинов,
ҚазГУ-ден – болашақ заңғар заңгер,
тәуелсіз Қазақстан Республикасының
тұңғыш Конституциялық Кеңесінің
мүшесі болған заң ғылымының до-
кторы Ордағали Иқсанов пен журна-
лист, келешек қоғам қайраткері Карл
Айталиев, медициналық институттан
– кейін аудандық аурухананың бас
дәрігері болған атақты оташы (хи-
рург) Марат Бөкесов пен болашақ
фтизиатор Хамидолла Зұлқаров,
ҚазПИ мен ЖенПИ-де оқитын жер-
лес қыздар... Төртінші-бесінші курсқа
қарай ішінара үйлене бастадық...
Ғарифолла КӨШЕНОВ.
(Жалғасы бар).
Ғалым досым Өтеғали
Қадырғалиұлы
10 қаңтар 2017 жыл
10
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Санаты
Сомасы
Сыныбы
Ішкі сыныбы
Ерекшелігі
Атауы
1
2
3
4
5
6
1) Кірістер
2 842 176
1
Салықтық түсімдер
255 574
01
Табыс салығы
108 900
2
Жеке табыс салығы
108 900
03
Әлеуметтiк салық
91 074
1
Әлеуметтік салық
91 074
04
Меншiкке салынатын салықтар
52 170
1
Мүлiкке салынатын салықтар
33 800
3
Жер салығы
970
4
Көлiк құралдарына салынатын салық
15 800
5
Бірыңғай жер салығы
1 600
0
05
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар
2 630
2
Акциздер
480
3
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн
түсiмдер
250
4
Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар
1 900
08
Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған
уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар
құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер
800
1
Мемлекеттік баж
800
2
Салықтық емес түсiмдер
1 144
01
Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер
644
5
Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер
644
06
Басқа да салықтық емес түсiмдер
500
1
Басқа да салықтық емес түсiмдер
500
3
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
150
03
Жердi және материалдық емес активтердi сату
150
1
Жерді сату
150
4
Трансферттердің түсімдері
2 585 308
02
Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн
трансферттер
2 585 308
2
Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер
2 585 308
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 6-1 шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 27-2 шешіміне 1-қосымша
2016 жылға арналған аудандық бюджет
(мың теңге)
Приложениек решению районного маслихата
от 5 декабря 2016 года № 6-1
Приложение 1 к решению районного маслихата
от 24 декабря 2015 года № 27-2
Районный бюджет на 2016 год
(тысяч тенге)
Категория
Сумма
Класс
Подкласс
Специфика
Наименование
1
2
3
4
5
6
1) Доходы
2 842 176
1
Налоговые поступления
255 574
01
Подоходный налог
108 900
2
Индивидуальный подоходный налог
108 900
03
Социальный налог
91 074
1
Социальный налог
91 074
04
Налоги на собственность
52 170
1
Налоги на имущество
33 800
3
Земельный налог
970
4
Налог на транспортные средства
15 800
5
Единый земельный налог
1 600
05
Внутренние налоги на товары работы и услуги
2 630
2
Акцизы
480
3
Поступление за использование природных и других ресурсов
250
4
Сборы за ведение предпринимательской и профессиональной
деятельности
1 900
08
Обязательные платежи, взимаемые за совершение юридически
значимых действий и (или) выдачу документов уполномоченными
на то государственными органами или должностными лицами
800
1
Государственная пошлина
800
2
Неналоговые поступления
1 144
01
Доходы от государственной собственности
644
5
Доходы от аренды имущества, находящегося в государственной
собственности
644
06
Прочие неналоговые поступления
500
1
Прочие неналоговые поступления
500
3
Поступления от продажи основного капитала
150
03
Продажа земли и нематериальных активов
150
1
Продажа земли
150
4
Поступления трансфертов
2 585 308
02
Трансферты из вышестоящих органов государственного
управления
2 585 308
2
Трансферты из областного бюджета
2 585 308
Функционалдық топ
Сомасы
Функционалдық кіші топ
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Бюджеттік бағдарлама
Атауы
1
2
3
4
5
6
2) Шығындар
2 888 820
01
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
246 959
1
Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын
өкілді, атқарушы және басқа органдар
204 725
112
Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты
17 098
001
Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін
қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
12 813
Функциональная группа
Сумма
Функциональная подгруппа
Администратор бюджетных программ
Бюджетная программа
Наименование
1
2
3
4
5
6
2) Затраты
2 888 820
01
Государственные услуги общего характера
246 959
1
Представительные, исполнительные и другие органы,
выполняющие общие функции государственного управления
204 725
112
Аппарат маслихата района (города областного значения)
17 098
001
Услуги по обеспечению деятельности маслихата района (города
областного значения)
12 813
003
Капитальные расходы государственного органа
4 285
122
Аппарат акима района (города областного значения)
70 378
001
Услуги по обеспечению деятельности акима района (города
областного значения)
62 187
003
Капитальные расходы государственного органа
8 191
123
Аппарат акима района в городе, города районного значения,
поселка, села, сельского округа
117 249
(Соңы. Басы 7-бетте).
(Окончание. Начало на стр.7).
|