Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


АҒЫЛШЫН ТІЛІ. ГЛОКАЛИЗАЦИЯ ҮДЕРІСІ



Pdf көрінісі
бет28/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67
Байланысты:


3.3. АҒЫЛШЫН ТІЛІ. ГЛОКАЛИЗАЦИЯ ҮДЕРІСІ
Глокализация дегеніміз – жаһандану «глобализация» және 
локализация деген сөздердің бірігуінен жасалған сөз. Ағыл-
шын тілінің Оксфорд сөздігі бойынша glocal сөзі ХХ ғасырдың 
80-жылдары пайда болған. Бұл сөзден туындаған глокализация 
(glocalization) лексемасы бастапқыда экономика саласына қа-
тысты болды. Бұл термин бүкіл әлемде өндірілетін және та-
ратылатын өнімдердің жергілікті нарықтағы тұтынушыларға, 
олардың талғамы мен сұранысына сәйкес бейімделіп жасалуын 
білдіреді.
Жаһандану әлемдегі әлеуметтік, мәдени, іскерлік және
саяси өмірге интеграциялану мен біртұтастыққа алып келетін 


66
67
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
үдеріс болса, ал «глокализация» термині аймақтық айыр-
машылықтарды сақтау және тіпті жергілікті ерекшеліктерді 
нығайту процестерін түсіндіреді. Бұл процесс қымбатқа түсуі 
және көп ресурстарды қажет етуі мүмкін, бірақ көбінесе оны 
ұстанатын компаниялар пайдаға шығады. Глокализация жаһан-
дық және жергілікті құндылықтарды өзара сәйкестендіру, оның 
ұраны: «Біз жаһандық деңгейде ойлап, жергілікті деңгейде әрекет 
етуіміз керек». Жергілікті мәдениеттің өкілдері жаһандануға қа-
дам жасап, олар ғаламдық кеңістікке ену арқылы ғана өмір сүре 
алатындығын түсінуі керек; жергілікті мәдениеттің құндылықта-
ры қазіргі заманғы әлемдік ақпараттық қоғамның әмбебаптық 
құндылықтарымен ұштастырылып, олармен байланыстырылуы 
керек.
Жалпы экономикада, әлеуметтану ғылымында глоболизация 
терминіне қарсы глоколизация деген термин бар. Глокализация – 
бұл аймақтық айырмашылықтарды есепке алып, оларды сақтау 
және нығайту арқылы жергілікті жағдай, талап, салт-дәстүр, 
тіл, мәдениетпен санасып, жаһандану жағдайында көп бағытты 
үрдістердің қатар өмір сүруімен сипатталатын экономикалық, 
әлеуметтік және мәдени даму үдерісі. Сепаратизм, жергілікті 
ерекшеліктерге қызығушылық күшейеді, көне ежелгі дәстүрлер-
ге деген қызығушылық артып, диалектілердің жаңаруы сияқты 
жаһандануға тән жалпылау мен біріктірудің орнына жергілікті 
мазмұндағы жаңа құбылыстар пайда болады және дамиды. «Гло-
кализация» тұжырымдамасын алғаш рет ұсынған әйгілі ғалым 
Роланд Робертсон әлеуметтанушы және жаһанданудың теоретик-
терінің бірі, Шотландияның Абердин университетінің профессо-
ры. Оның пайымдауынша, американдық мәдениеттің дәуірі аяқта-
лады. Америкалық боевиктер мен гамбургерлердің орнына енді 
басқа мазмұндар мен символдарға жол беріледі. Әлемдік үдеріс- 
терде жетекші рөл Қытай, Жапония, Ресей және Латын Америка-
сына бұрылады. ХХІ ғасырдың ортақ мәдениеттін, Робертсонның 
ойынша, енді АҚШ қана емес, бірнеше елдер бірлесіп құра алады. 
Глокализация жалпыландыру емес және «әділ» әлем идеясына не-
гізделген. Көптеген трансұлттық корпорациялар глокализацияны 
өңірлерде жаңа өндірістер құру немесе жергілікті тұтынушылар-
дың қажеттіліктері мен талғамына бейімделетін тактика ретінде 
ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
қарастыратын стратегия деп қолдайды. Бизнестің жергілікті жерді 
жерсінуі, сол елдің заңдылықтарына қарай құрылуы, ал біз оны 
былай түсіндіруіміз керек, яғни әлемдік бизнесті өз көрпемізге, 
өз жағдайымызға қарай ыңғайлап, біздің менталитке, тіптен та-
мағымыздың дәміне сай жасаумыз керек. Мысалы, Жапонияға 
барып бизнесті өркендету үшін шет елдік бизнесмендер жапон 
тілін үйреніп барып, өз істерін жандандыра алады. Жапонияның 
мысалы, жаһандану батыстық өркениетті саналы түрде игерудің 
орнына ұлттық мәдениетті, дәстүрі мен өзін-өзі тануға «екінші 
тыныс» беріп, жаңғыртуды көрсетеді. Бұл ел – тек экономикалық, 
ғылыми және технологиялық орталық қана емес, сонымен қатар 
жапон халқы құрметтейтін, сақтайтын, жаһанданудың барлық 
қол сұғушылықтарынан қорғайтын әлемдік насихатқа ие, өзін-
дік ұлттық болмысын сақтаған мемлекет. Осылайша, жапондық 
қоғамға глокализация тек оң тәжірибені алып келді деп айтуға бо-
лады. Жаһандануда жұтылып кетпеу үшін мына мысалдарды да 
іске асыруға болады:
- жаһандық іс-шараларда ұлттық элементтерді қолдану (мы-
салы, Димаш әлемдік саханада ұлттық ән айтып, ұлттық киім-
мен шығуы қазақты танытудың өте қуантарлық тәжірибесі); 
- әмбебап әлемдік атауларды жергілікті тілге аударып, өзгерту 
сияқты тілдік ұстанымдар. Бұған мысал ретінде, алғашында 
Қытай нарығына енген америкалық «Кока-Кола» ешкімнің 
назарына ілікпеген, біраз уақыттан кейін бір этникалық қы-
тай бұл атауды қытайшаға оң коннотация беріп, дыбысталуын 
сақтап аударады: «Әрбір жұтым қуаныш сыйлайды». Осын-
дай аударма техникасының арқасында «Кока-Кола» бренді 
қытайлықтардың сұранысына ие болып келеді. 
- «жаһандық» өнімдердің «ұлттық» дәмі (McDonald’s мәзірі 
мен стилизациясы, Cola және Pepsi-дің түрлі типтері, қа-
зақтың әлемдік компаниялар принципі бойынша жұмыс істей-
тін, бірақ дәстүрлі жергілікті қазақи рухы мен дәмін келтіру 
және т.б.). 
- өз өнімдерін және ұсынатын контентін жергілікті жағдай-
ларға бейімдейтін брендтер басқа бәсекелестеріне қараған-
да нарықта ұтқырлығымен ерекшеленеді. Common Sense 


68
69
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет