Гемостаз. Гемостаздың БҰзылыстары орындаған: Ермекбай А. А


● қан тамырларының босаңсуын туындататын нитроксид (NO) өндіреді



бет2/8
Дата10.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#48972
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
523456.pptx

● қан тамырларының босаңсуын туындататын нитроксид (NO) өндіреді;

● протеин С өндіріп, ол тромбомодулинмен байланысқаннан кейін, протеин S-пен қосылып құрған кешен белсенділігі көтерілген қан ұю (V, VIII) факторларын ыдыратып, оларды айналымнан аластайды.

Қан тамырлары мен тромбоциттердің қатысуымен дамитын біріншілік гемостаз

  • Осы аталған қызметтерімен қан тамырларының эндотелий жасушалары қанды тамыр ішінде сұйық күйінде ұстап тұрады.
  • Тромбоциттердің өндірілуі сүйек кемігінде, бауырда, көкбауырда (аз мөлшерде бүйректе) өндірілетін тромбопоетиннің қатысуымен реттелінеді. Сонымен бірге оны реттеуге интерлейкин-6, интерлейкин-11, интерлейкин-3 қатысады. Интерлейкин-6 жүйелі қабынулық аурулар (құздама тәріздес артриттер) кездерінде тромбоцитоз дамуын сергітеді.

Біріншілік гемостаз

Тромбоциттер гемостазға мына жолдармен қатысады:

● олар майда тамырлардың эндотелий жасушаларымен тығыз байланыста болып, оларды қоректендіреді.Олардың түйіршіктерінен босаған адреналин, норадреналин, серотонин қан тамырларына белсенді әсер етіп, бүлінген тамырлардың қатты жиырылуына әкеледі;

● тромбоциттер тамыр қабырғаларындағы эндотелий жасушаларының бүлінген жерлеріне барып жабысады. Мұны тромбоциттердің адгезиясы дейді. Ары қарай олар өзара жабысып (агрегациясы), тамырдың бүлінген жерінде тромбоциттік тығын құрады. Бұл кезде тромбоциттер ісінеді, іштеріндегі түйіршіктерін шығарады. Тромбоциттердің агрегациясы АДФ, тромбин, коллаген, адреналин, тромбоксан А2, ішек уыттары, вирустар, антиген-антидене кешендерінің әсерлерінен болады. Сонымен бірге тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясы болу үшін кальций, магний иондары, фосфолипидтік фактор 3, фибриноген, Виллебранд факторы қажет

● тромбоциттер қан ұюында және фибринолизде қатысады.

Біріншілік гемостаз

1-сурет.Біріншілік гемостаз

Қанның плазмалық қан ұю факторларының әсерленуімен дамитын коагуляциялық гемостаз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет