Гемостаз. Гемостаздың БҰзылыстары орындаған: Ермекбай А. А


Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы



бет6/8
Дата10.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#48972
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
523456.pptx

Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы

Этиологиясы. ТШҚҰ-синдромының дамуы 150-ден астам дерттер кездерінде байқалады. Ол көптеген себептерден:

● сілейменің барлық түрлерінде (сепсистік, жарақаттық, қансыраулық, күйіктік, анафилаксиялық, кардиогендік);

● жүкті әйелдерде мерзімінен бұрын бала жолдасы сыдырылуы, ішінде өлі ұрық болуы, талмадерт (эклампсия) т.б. кеш дамитын жүктіліктен уыттанулар, сепсистік түсік түсіру кездерінде, шарана сұйығымен эмболия дамуында;

● жүйелік серпілістер туындататын бактериялық және вирустық жұқпалар (менингококктар, стрепто-кокктар, стафилококктар, ішек таяқшалары, іш сүзегінің қоздырғыштары, рикетсиялар) кездерінде;

● жарақаттардың (ауыр хирургиялық әрекеттер, ұзақ жаншылу синдромы, температуралық күйіктер мен үсіктер) нәтижесінде;

● көп қан жоғалтудан;

● тым көп қан құюдан;

Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромының патогензі

ТШҚҰ-синдромының жіті, жітілеу, сүлде және белгілі ағзалар мен тіндерге шектелген түрлерін ажыратады. Ол келесі төрт сатыда өтеді:

1-ші гиперкоагуляция сатысында тромбоциттердің агрегациясы және қанның ұюы тым артып кетеді. Бұл кезде көптеген майда тамырлардың ішінде тромбоциттік және фибриндік қан қатпалары пайда болып, ішкі ағзалардың тамырлары бітеледі. Осыдан гиперкоагуляциялық сілейме дамып сырқат адам кенеттен жан тапсыруы ықтимал. Дерт неғұрлым тез өтетін болса, соғұрлым бұл саты өте қысқа мерзімде (бірнеше минутқа дейін) ғана болады;

Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромының патогензі

2-ші гипокоагуляция сатысы. 1-ші сатысында қан ұюы тым қарқынды тараған түрде болғанда ұю факторлары мен тромбоциттер артық тұтынылып кетуінен артынан олардың жеткіліксіздігі дамиды. Осындай жағдайды тұтынулық коагулопатия дейді. Осыдан қан ұюы қатты кеміп, плазминогеннің әсерлендіргіштері тым көбейіп кетеді. Сол себепті науқаста тоқтамайтын ауыр қан кетулер болады. Сондықтан ТШҚҰ-синдромын тромбогеморагиялық синдром деп те атайды Бұл кезде қанда тромбоцитопения, гипофибриногенемия, қан ұюының V, ҮII, VIII т. б. факторларының азаюы байқалады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет