Гендерлік зерттеудің антологиясы мен методологиясы



бет5/14
Дата08.12.2022
өлшемі0,89 Mb.
#56025
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дәріс 4.

Франциядағы феминизм қозғалысының негізін салушы Олимпия де Гуж болды. Ол 1791 ж. «Азаматша мен әйел құқығының декларациясын» құрған. Декларациядағы талаптар әйелдердің саяси құқығымен бірге мемлекеттік лауазымды қызметтерге ие болу жағдайын қойған. «Егер әйел эшафотқа шығу құқығын иемденбесе, онда ол трибунаға шығуға құқылы» - деп жазылған [31, 17 б.]. 1793 ж. жаңа конститутция з әйелдердің саяси құқықтарын алып тастады. 1804 ж. Наполеонның азаматтық кодексі әйелді барлық құқықтан айырған, оны ер адамның қарауындағы адам деп жариялады.


Осындай жағдаймен демократиялық деп аталған ұрандардың тек еркектерге қатысты айтылғаны анықталды. Осылай АҚШ-та (1787ж.), Францияда (1789-1793 жж.), Ұлыбританияда, Ресейде сондай жағдай болды [32].
1792 ж. Лондонда және АҚШ-та Мириам Шнирдің анықтамасымен «Дәуір» кітабы басылды, ол кітап әйгілі феминизм зерттеушісі Мәри Уоллетонкрофтікі және әйелдердің құқығын қорғауға арналған. Бұл кітап ішімдікке салынған әкесінің қатал тираниясының куәгері болған, көп қиыншылық көрген әйелмен жазылған. Ол сол кездегі дәстүрлі патриархалды тәрбиенің, әлеуметтік жүйенің жайсыздығынан әйелдің зорлық-зомбылықпен құлмен теңестірілгенін жақсы бейнелеп жазады. Осындай жайдайдың қаталдығын мойындаған ол барлық әйелдер үшін еркін, жақсы өмірді армандаған. «Қыз, әйел және ананың моральдық бейнесі» деген кітапта әйелдердің табиғи міндеті қалай атқаратылғаны анықталған. Алайда олардың қасиетті мақсатының арқасында олардың ішкі қабілеттері ашылуы мүмкін [33, 48 б.]. Бұл кітап көптеген қайшылықтарға қарсы жазылған. АҚШ-та ең бірінші әйелдер үшін дауыс көтерген жақтаушы Абигейл Смит Адамс (1744-1818 жж.) болды. Феминизм тарихына ол әйгілі сөйлеммен енді: «Біз заңдарға бағына бермейміз, бұл заңдарды ұсынған да біз болған жоқпыз» [34, 20-23 бб.].
1848 ж. Сенека-Фоллз қаласында әйелдер қозғалысының қатысуымен «Сезім декларациясы» құрылып, жазылған. Ол либералды феминизмнің басталуына ықпал жасады. «Сезім декларациясының» негізінде АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясы сол заманғы рухқа сәйкес ары қарай дамыды.
Философтардың пайымдауынша, әлеуметтік прогрестің дамуы жыныстық теңсіздікке апарып соқты. Әйел табиғатын тек бала туу қызметіне негіздеу дәстүрі және осы орайда оны толық емес, «арнайы қызметі бар ғана жартыкеш адам» деп тану Т. Аквинат, М. Монтень, Э. Роттердамский, Г. Спенсер және сонымен бірге өзге құндылықтағы басымдылықтарды насихаттайтын иррационалды бағыттың өкілдерінде, мысалы, З. Фрейдтің ілімінде кездеседі. З. Фрейд әйелдікті бейсаналық жағдайда қарастырады. З. Фрейд бойынша, әйелдік психология қыздың ең алғаш ашқан өзінің «анатомиялық кемшіндігін ұғыну» әсерінен қалыптасады. Ғалымның ойынша, адам тұлғасын қалыптастыруда оның жынысына байланыссыз ана ролінен гөрі әке орны жоғары. Ер адамның отбасында басшы болуы, әйелдің оған бағынышты болуы – табиғи нәрселер, еркек пен әйел психологиясы олардың тәрбиесі мен мәдени жағдайына байланысты болғанмен, туа біткен факторлармен анықталады. Фрейд әйел психологиясының енжарлық, көнгіштік, эмоционалдық сияқты қырларын әйелдің «еркек болуды қалау» тілегінің нәтижесі екендігімен, оның баланы қалау тілегіне айналуымен түсіндіреді [35, 105 б.].
Ал, иррационализмнің негізін салушы А. Шопенгауэр әйел болмысының мәнін жыныстық махаббат аясында қарастырады. Ол екі жыныс та ұрпақ жалғастыру ісіне тең дәрежеде қатысады деп есептейді. Алайда нақты жеке тұлғаны дүниеге әкелу жауапкершілігі әйелде екенін атап өтеді. Оның пікірінше, тектік (родовой) инстинкт еркектерде көлденең, ал әйелдерде тереңге бағытталған. Шопенгауэр ер адамдардың тұрақсыздыққа, ал әйелдердің тұрақтылыққа бейім екенін осымен түсіндіреді. Ол әйелдік қабылдау – интуитивті-иррационалды, ал еркектікі – мәнді, ақиқат шындықтың құбылыстарын рационалды ұғыну деп түсінеді. Әйелдердің міндеті жыныстық инстинктімен тікелей байланысты болғандықтан, олар жалпыадамзаттық мүддені көбірек білдіреді. Бұл – еркектердің табиғи қасиеті – жеке-даралық, ал әйелдердің табиғи белгісі – ұжымдық және тобырлық инстинкт дегенді білдіреді. Философтың пікірінше, табиғи қасиеттеріне сәйкес ерлер өзін қоршаған барлық құбылыстардың мәнін түсіну арқылы оларды өзіне бағындырғысы келсе, әйелдер өздерінің табиғи міндеттеріне орай ерлердің өзіне ие болуға ұмтылады [36, 195 б.].
Өмір философиясының өкілі Ф. Ницшенің пайымдауынша, әйелдік бастау ерлер арасында бір кездері басым болған және ол қазіргі заманғы құндылықтардың жасалуына негіз болған. Неміс ойшылы «еркектік» пен «әйелдікті» өзгермейтін қарама-қарсылықтар ретінде емес, адамның бір-бірін толықтыратын қырлары деп таниды. Оның ойынша, әрбір адам бойында анасынан дарыған әйел бейнесі бар, ол әйел затын құрметтей ме, жек көре ме, жоқ әлде мүлде немқұрайды қарай ма, осыған байланысты [4, 320 б.]. Ф. Ницше ақыл-ес – әйелдің басымдылығы, ал ерлерге ішкі уайым мен құштарлық тереңдігі тән, осы шығармашылыққа шексіз құштарлығы арқасында ерлер өздерінің әйелге қарағанда кемеліне азырақ жетпеген ақыл-парасатын қолдана
алады деп есептейді [4, 321 б.].
Марсистік логикаға сүйенсек, әлеуметтік теңсіздік әйел жағдайының еркекке бағынуынан туындайды. Еңбектің жыныстық бөлінуі әр уақытта тіршілік еткен, алайда ол тек қана жеке меншік пайда болуынан кейін мағыналы болды. Ер адамдар атқаратын үй шаруасы тіршілік ету үшін қажет, бірақ қажетті құндылық емес. Марксизм еркек пен әйелдерді таптық тұрғыдан қарастырып, оларды негізінен жалдамалы жұмыскерлер (пролетариат) ретінде, капиталистік жүйелік қанауға ұшыраған еңбек ететін тобыр ретінде сипаттаған. Сондықтан әйел бостандығы тек қана азат еңбек арқылы жүзеге аса алатынын көздеген . Марксистер дәстүрлі феминистердің идеясын қабылдамады, олардың талаптарын қарастыра келе, оны буржуазиялық саяси жүйе актісі деп атады және де феминизмнің өзін «буржуазиялық» деп атады. Маркстік парадигма шеңберінде гендерлік аспект бағыныңқы жағдайды иемденді. Гендерлік қанау феномені таптық қанаумен жақындастырылды. Осының нәтижесінде «капиталистік патриархат» деп аталған құбылыс пайда болады делінді.
1. Қоғам әйелдің еңбегін төмен бағалайды, сол үшін әйелдер күйеуге шығуға мәжбүр.
2. Күйеуге шыға отырып әйелдер материалды тәуелділікке айналды, олар өздеріне ақы төленбейтін үй жұмысымен айналысады, еркектің қанау объектісіне айналады.
3. Әйелдер үй шаруасына, жұмысына көп көңіл бөлгеннен кейін, демалуға, білім алуға, жұмыс істеуге тіпті уақыттары жетпейді [37, 254-265 бб.].
О. Вейнингер өзінің «Жыныс және мінез-құлық» атты еңбегінде еркектік және әйелдік дүниетанымды салыстырмалы түрде зерттеуге ұмтылады. Ол барлық руханилық, адамгершілік, парасаттылық негізі – маскулиндік, яғни еркектік екенін ашық мәлімдеген. Әйелдерде ойлау мен сезіну біртұтас, бөлінбейтін нәрсені құрайды, ал ерлер өз ойларын сезімдерінен айыра білуге қабілетті, соған орай әйелдік негіз бейсаналылыққа ие деп есептейді. Вейнингердің пікірінше, әйелдік нәзіктік жанында еркек болғанда ғана саналылыққа, мазмұнға ие [38, 108 б.]. Ерлер барлық бастан өткенді логикалық тұрғыда бірінен соң бірі келетін үздіксіз оқиғалар арқылы байланыстырып, бір бүтінге айналдыра алады, ал әйел жадына мұндай қасиет тән емес. Үздіксіз еске ие болу қандай да бір құндылықтарды құру үшін іргелі негіз болып табылады, осыған байланысты әйелдік бастау «адамгершілікке жат». Әйелдердің өзіндік «Мені» болмағандықтан, оларда ерік-жігер, мінез, сенім де жоқ. Осыдан келіп т әйел табиғаты енжарлыққа, өзінен едәуір күшті еркек негізінің үстемдік етуіне ұмтылады [38, 480 б.] дегенді айтады австриялық ойшыл.
Орыс философы В. Розанов әйелді, оның ойлау, сезу, дүниені қабылдау қабілетін, кейде физиологиялық ерекшеліктерін адам болмысының құндылықтар жүйесіндегі жоғары орынға қойып, ерекше бағалаған. Ол әйел мәселесін оның мәдени мәртебесі деңгейінде қарастыруға ұмтылған. «Әйелдік нәзіктік» – ғарыштық және тарихи үдерістің мақсаты, ол «Ғаламның» өзі, сол себепті мәңгілік «әйелдік нәзіктік» ғарыштың ғұмырлық іргелі негіздерінің бірін құрайды. «Әйелдік нәзіктік» ұстанымының мәдениеттегі көрінісі әйелдің ерлердің шығармашылығын «шабыттандырушы» күшке айналу керектігінен көрінеді. Идеалды «маскулиндік» бүлікшіл батырлыққа дейінгі белсенді әрекетті, ал нағыз «әйелдік» нәзіктік, жуастық, үнсіздік, төзімділік, тыныш отбасылық өмірге ұмтылушылық сияқты қасиеттерді қамтиды,» – дейді орыс ойшылы [39, 36 б.].
Әйелдік мәдени жағдайын көбірек қарастырған – Симона де Бовуар. 1949 ж. оның «Екінші жыныс» деген зерттеуі шығады. Бұл жерде ең бірінші рет әйелдің ерекшелігі теориялық философия тұрғысында қарастырылады. Де Бовуар бойынша әр индивид өзінің тіршілігінде өмір сүруін ақтау үшін трансценденция қажеттігін сезінеді. Міне осыдан әйел мәселесі туындайды, өйткені онда барлық дербес адамдағыдай еркіндік бар, алайда осыған дейін оны объект тәрізді анықтап келді [40, 126 б.].
Ж.П. Сартрдың экзистенциалды диалектикасын [41, 54-64 бб.] қолдана отырып, де Бовуар «мен», «басқа» ұғымдары арқылы жынысқа философиялық түсінік береді. Еңбекте ер адам позитивті мәдениет формасы ретінде белгіленген, ал әйел немесе феминдік негативті формадан ауытқыған (басқа нәрсе) деп белгіленген. Сонымен қатар әйелдің беделі барлық мәдениетте екі жақтылықпен бағаланады: әйелдің толымсыздық анықтамасы арқылы немесе жоғарландыру арқылы. Бұл кезде әйелді қол жетпейтін шынға шығарады. Мысалы: құдайлық бір бейне ретінде. Бірінші және екінші жағдайда әйел басқа бір нәрсе сияқты анықталады. Ал Бовуар бойынша басқа «Мен-ге» әсер етуші болып табылады. Демек, «Мен» басқаны, яғни әйелді мойындауы тиіс. Ж. Деррида бойынша, бұндай оппозицияда бір жақ екіншіге бағынып отырады. Сол үшін бағынбаусыз ешқандай оппозиция өмір сүрмейді.
Алайда биологиялық және әлеуметтік зерттеулерден басқа мәдени- символикалық зерттеулер де жыныс мәселесінде аса өзекті. В. Тернер өзінің «Символ және ритуал» деген еңбегінде архаикалық бинарлы оппозициялар символикалық құрал қызметін атқарады дейді [42, 212 б.]. Осындай антиномиялық қатарға жататындар: жер/аспан, аспандық/жерлік, жан/тән, құдайлық/күнәһар, мәдениет/табиғат, әйел/еркек, ақ/қара т.т. Демек, бинарлық оппозиция принципі о бастан философиялық рефлексияны қамтиды. Ал әйел/ еркек дихотомиясы өз негізінде табиғилықты иемденіп, өте әмбебап критерий болып табылады. Егер де «ер адам» – рационалды, рухани, құдайлық, жарық, мәдени рәміздер болса, онда «әйел» – әрине сезімтал, нәзік, күнәлі, қараңғы, табиғи болады. Бұл символикалық жұптардың ішіндегі түсініктер өзіндік иерархия бойынша құрылған. «Ер», «еркек» деген түсінікпен көрінетін ұғымдардың бәрі жағымды мағына береді, ал «әйелге» байланысты бәрі екінші жақта, олар аса маңызды емес. Сонымен гендер тағы да мәдени метафора болып табылады.
Деррида, Фрейд, Лакан, Делез, Гваттаридің шығармалары «сексуалдылық ерекшеліктің» феминистік теориясына ықпал етті. Олардың негізінде әйел субьективтілігінің құрылымдық айырмашылықтары жатыр. Ж. Деррида «әйелдің ешқандай ақиқаты жоқ... Әйелдік бастау бар, оны әйелдік әдемілік деп аударуға болмайды» деп атап өтеді [43, 124-125 бб.].
Әйелдік бастау өзі туралы, әйелдің логикасында аз айтылады. В. Курбатов оны мәжбүрмеленгенбеген, парадоксольды, қарапайым құрылым, ал сол кезде ер адамның логикасы алгоритмикалық, керемет, формальдандырылған, жүйеленген болып келеді дейді [44, 212 б.].
Әйел ментальдығындағы интеллектуалды жаттығуларға деген қызығушылықтың төмендігі, өзіндік бағалаудың конформизмі және тағы басқалары әйелдік мінез-құлықтың себептерін анықтайды. Әйелдік тұлғаны қалыптастыратын рухани және психологиялық қасиеттер обьективті тарихи мінезді иемденеді (әйелді моральдық дискриминациялау, үйдің кеңістігінде ғана өмір сүру, тән мұқтаждығына байланысты уайымдау, жүктілік, бала туу, баланы тәрбиелеу). Сонымен қатар әйелдер ер адамдарға қарағанда интенсивті сезімдік моральдық қасиеттерімен ерекшеленеді.
Жак Дерриданың деконструкциясынан басқа гендер философиясына үлкен әсер еткен психоанализ болып табылады. Психоанализ философиялық ағым ретінде екі формада белгілі: фрейдтік және лакандық. Методологиялық жағынан гендерлік бөлініс көбіне психоанализ методологиясына көңіл аударады, алайда идеялық мазмұнында Фрейд пен Лаканның көптеген қорытындылары терістеліп қайта қарастырылады. З. Фрейдтің феминистік теориясы үлкен міндет атқарды: ол ең бірінші болып әйел феноменін философиялық дискурсқа дәстүрлі маргиналдық емес, ал қазіргі заман мәдениетіндегі орталық феномен ретінде кіргізеді. З. Фрейд жынысаралық байланыстың ерекшелігін зерттейді. Бұл процесте ең негізгі рөлді пихоанализ әкенің жанұядағы гендерлік қызметіне береді. Бұл жерде Фрейд кішкентай қызға оның әйелдік субьективтілік жетістігіне жетуі қиынға соғатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді [35, 147 б.].
Біздің зерттеуіміз үшін Ж. Лаканның айтқан ойы да ғылыми жағынан қызықты. Ол Фрейдті қайта қарап, жеке тұлғаның фрейдтік құрылымын дебиологизациялайды. Оның ойынша, адам тәні әрқашан субъектпен түсіндіріледі. Ж. Лакан айтқандай, «мәдениет өз ойын анатомиядан аударады» [45, 138 б.] Лакан бейсаналықты тілдің құрылымымен сәйкестендіреді. Оған сүйенсек, бейсаналық тілдің құрылымы болып табылады. Лакандық кестеде сәби тілдік шынайылық әлеміне кіреді, оның барысында ол «мен» мен «сеннің» ерекшелігін түсінеді. Бала мен әлем өз болмысында бір болып табылады. «Адамның әр түрлі әрекеті, тіпті альтруистік болсын, басқа болуы мақсатынан туындайды. Тілек – ол тілек үшін, ол басқаның тілегі» [45, 141 б.]. Демек, индивид ешқашан өзінің «Меніне» сәйкес келмейді, өйткені ол әр қашан өзі-өзін іздеумен болады. «Бейсаналық басқаның дискурсы... оның шығуынан оның тіршілік ету туралы сұрақ қойылған [46].
Ж. Лакан теориясының негізгі постулаттары – символикалық, шындық, елестету. Баланың ең бірінші тілегі анасымен қосылып кету. Ол анасының не қалайтындығына ұмтылу дегенді білдіреді. Ал 6-18 айға дейін баланың жасын Ж. Лакан елестің құрылуы «айна сатысы» деп атады. Лакан бойынша, бұл жаста бала өз елесін «айнасатысы» деп атайды. Бұл жаста бала өз көлеңкесін көргеннен кейін өзін онымен сәйкестендіріп, өзін жеке адам ретінде ұғады. Тіл немесе символикалық тәртіп маскулиндік шеңбер болып табылады. Бала сөздерді қолдану арқылы өз болмысын басқа болмыстардан ажыратады.
Феминистік бағытты ұстанған философтар Лаканның позициясынан батысеуропа мәдениетіне тән фаллоцентризмді тапты. Лаканға сүйенсек мәдениетте фаллос немесе логос басқадан бөлінеді, қайтадан тілек арқылы басқамен қосылады. Сол арқылы фаллос трансцендентальды мағынада көрсетіледі. Ондай болса символикалық процес әлеуметтік түсінікті өзімен бірге алып жүреді.
«Әйелдіктің» ерекшелігі әйел өзінікін басқадан көреді. Өйткені оның есімі символикалық әкенің немесе символикалық фаллостың есімі. Ол есімнен тыс әйел атаусыз жоқ нәрсе, басқадан өзінің ұқсастығын таба алмайды. Сол үшін «әйел тіршілік етпейді». Сол мезетте әйел басқа болуы мүмкін, болашақ ер адамның қиялындағы обьект ретінде көрінеді. Лакан бойынша, фантазия (қиял) феномені әйел арқылы жүзеге асады. Қиял арқылы алынған әйел тіршілік етпейді, ол жоқ, ештеңе [45, 145 б.].
Феминистік методология үшін Лаканның зерттеулері, әсіресе әйел ұқсастығының құрылысының көзбен шолу мағынасында маңызды болып келеді. Бұл «әйелдік саяси репрезентацияға» жатады. Лакан бойынша «әйелдік саяси репрезентациялар» әйелдің субьективті «менінен» тәуелді емес, ол мәдени гендерлік бейнелерден шығады (олар қоғамда өмір сүреді). «Жеке адам» түсінігі «персональды» және «әлеуметтік ұқсастықтың» ыдырау жағдайында қалады.
Тілек феноменін субьективтілік негізгі құрылымдық мағынасында философияға Жиль Делез және Феликс Гваттари енгізді. Олардың концепциясындағы тілек сезім емес, субъективтік жаңа типтік процес. Сол үшін тілек репрезентация сияқты түсіндірілмейді, бұл жерде тілектің әрекеті, артефактісі сөз етіледі. Өйткені тілек құрылу болып табылады, ол антропоморфтық мәнге қатысы жоқ [47, 3 б.]. «Әйел» түсінігінің орнына Делез бен Гваттари «әйелмен құрылған» деген ұғымды енгізеді. Құрылу дегеніміз репрезентативті мәннен бастарту. Гендерлік зерттеу үшін тілек концепциясы Делез бен Гваттаридің туындысы тәріздес әйел субъективтілігінің құрылу процесінің ұғынылу кілті болып табылады.
Француз тарихшысы, философы М. Фуконың шығармашылығы тән сексуалдылық, билік мәселесіне ерекше көңіл бөлуі гендерлік теорияға үлкен әсер етті. М. Фуконың үш томдық «Сексуалдылық тарихы» еңбегі де феминизм теориясындағы негізгі еңбектердің бірі болып табылады. Бұл еңбектің шығуы бірден философиялық ойлауда жыныс парадигмасын тез өзгерттіі. Фуко бойынша, жыныстың мәні мен құрылымдық негізі биліктік қатынастардың механизмі мен жүйесі арқылы көрінеді.
М. Фуко бойынша тарихта биліктің екі типі бар: тәнге тікелей табиғи әсер ету (Еуропа мәдениетінде ХYІІІ ғ. орын алған) және зорлау, тәнді қорлау түрлері. Фуконың философиялық билік концепциясы зорлау түсінігін саяси феномен немесе күштеудің саяси механизмі ретінде түсіндіреді. Яғни, саяси билік мемлекеттік институттардың функционалдық әрекетінің нәтижесі ғана емес, индивидтерге кең өрісте әсер ету феномені болып табылады [48, 157 б.].
М. Фуко былай айқындаған: «Билік – қозғалыстағы сұңқардың күштік байланысы, олар әрдайым биліктің жағдайын реттеп отырады, ол локальды және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Билік барлық жерден шығады» [48, 163 б.]. Бұл билік түсінігі феминстік теорияның қаруына айналады. Әр ұқсастық билік байланыстарымен бірге қарастырылады. Гендерлік бағытты зерттейтін зертеушілер гендерлік субьектің әр түрлі жоспарын ашып, олады талдайды. Бұндай әрекет жыныстық мәдениеттің құрылуының ішкі механизмін ашып береді.
Сонымен постструктализм және постмодернизм философиясы гендерлік зерттеу методологиясының қалыптасуына әсер етті. Гендерлік зерттеулер постстуктуализм және постмодернизм философиясы шеңберінде негізінен дамып жатыр десек, қателеспейміз.
Сонымен, философиялық дискурста әйел туралы айтылған пікірлер, әйелді бағалауы біркелкі емес екені байқалады. Біріншіден, – әйел әлем жаратылысындағы тіршіліктің алғашқы бастауы, өмір әкелуші, ұрпақ жалғастырушы, дәстүрлі құндылықтарды өндіреді, соған орай әйел – ана, әйел – әдемілік, әйел –  нәзіктік, әйел – сұлулық, әйел – сезімталдық, әйел –  сыпайылық, әйел – әдеп, әйел – үйлесім, әйел – жарасым деп таныған. Екіншіден, әйел –  төменгі әлемнің, күнәның, опасыздық пен жамандықтың, ретсіздіктің символы ретінде қарастырылған.
Ер адам мен әйелдердің жыныстық және фунционалды айрмашылықтары бұл субъективтіктіліктің натурфилософиялық негізі болып табылған және белгілі рәміздер арқылы көрсетілген. Фаллосты өмірді жалғастырушы және еркек күшінің рәмізі ретінде түсініп, оған бағыну ежелгі заманнан, яғни неолиттен бастап қазіргі заманға дейінгі мәлім культ. Фаллосқа табынудың ізі дүниежүзіндегі барлық өркениеттерде сақталып қалған. Әйелдің рәмізі ретінде бала көтерумен, оны қорғаумен, тамақтандырумен, пассивтілікпен байланысты және алмаз немесе дөңгелек формасындағы бәрі қолданылады. Осыған үңгір, жалғыз тұрған бау-бақша, құдық, есікке кіріп тұрған есік, қыртыс, пышақпен жараланған жара жатады. Және де, кеме, су, балық, маржанмен байланыстының бәрі қосылады. Ыдыстар әйелдік рәміздер ретінде неғұрлым кең мағынада қабылданады. Ағашқы қауымдық қоғамда үшбұрышты арқылы әйел жынысы және бала туу рәмізделген. Үшбұрыштының көптеен түрлі мағыналары бар: өткір бұрышы жоғары қарай қарап тұрса – бұл еркектік бастау (лингам, от, өмір сүру), өткір бұрышы төмен қарай қарап тұрса – бұл әйелдік бастау (арғы Ана ретінде ұлы Ана). Бір себет інжір әйелдің бала туатындығын, аналығын рәміздеген. Інжір ағаштың жапырағы, яғни абиыр жапқы фаллосты, еркектік бастауды, сезімдік рахатты және жыныстық құмарылықты рәміздеген. Христиандық дінде інжір ағаштың жапырағы күнәға батқаннан кейін жыныстық органдарды жапқы қызметін белгілейді [46].
Сонымен, ақыл-ой мен дененің дихотомиясы логикалық-философиялық түрде бекітілгеннен кейін еркек/әйел оппозициясы болмыстың позитивті-конструктивтік және негативті-деструктивтік жақтарымен айқын коннотацияларға ие болған. Ақыл-ес – еркектікі, болымды, рухани, рационалды, белсенді, жоғарғы. Дене – әйелдікі, болымсыз, пассивтік, ішкі, төменгі, материалды, иррационалды. Олай болса, субъекттің рөлі тек қана еркекке берілген, ал объектің рөлі әйелдікі болған. Осындай алғашқы интеллектуалдық конструкция әйелдің тарих пен мәдениетте кейінгі бағынышты әлеуметтік жағдайын табиғи ретінде бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет