Гендік инженерия


Рекомбинантты плазмидалардың пайда болуы



бет4/9
Дата04.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#54702
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ген инженерия

Рекомбинантты плазмидалардың пайда болуы

  • 1 — алғашқы плазмидасы бар жасуша;
  • 2— белгіленген плазмида;
  • 3— векторды жасау;
  • 4— рекомбинантты плазмида (вектор); 5— рекомбинантты плазмидасы бар жасуша.

ІІІ. Гендік инженерия пәнінің әдістері

  • 2. Химиялық жолмен жасанды генді 1969 жылы Г. Корана синтездеген. Бірақ оған жалғасқан промотор тізбегі мен транскрипцияны аяқтайтын кодондар болмағандықтан, ол клетка ішінде ешбір қызмет көрсете алмады. Гендерді химиялық синтездеуге нуклеин қышқылдарындағы нуклеотидтердің орналасу тәртібін анықтау әдісін тапқаннан кейін ғана мүмкіндік туды. Бұл әдістерді тапқан Д. Джильберт пен Ф. Сэнгер. Ғалымдар генді белоктың құрамындағы амин қышқылдарына қарап отырып синтездеуді де үйренді, (3 нуклеотид — 1 кодон — 1 амин қышқылы деген заңдылық бойынша). Соның ішінде қолдан синтезделген ең ұзын ген, адамның самототропин (өсу) гені, ол 584 нуклеотидтен тұрады. Оны бактериядағы басқа геннің промоторына жалғастырып, плазмида арқылы бактерия клеткасына еңгізді. Соның нәтижесінде бактерияның бір клеткасы 3 млн-ға дейін адам самототропин молекуласын жасай алатын болды. Адам инсулині де химиялық жолмен синтезделіп, осы айтылған жолмен бактерияға еңгізілді.

ІІІ. Гендік инженерия пәнінің әдістері

  • 3. Жасанды әдіспен генді ферменттік синтезге сүйене отырып, кері транскрипция механизмнің көмегімен алуға да болады. Бұл механизм РНҚ-ға тәуелді ДНҚ-полимеразаның немесе кері транскриптазаның (ревертазалар) белсенділігіне байланысты. Бұл фермент ең алғаш он-когендік (залалды ісік) вирустарды зерттегенде табылған. Фермент әртүрлі РНҚ-ларда, синтетикалық полинуклеотидтерді қоса, ДНҚ-ның көшірмесін құра алатын қабілеті бар. Ревертазаның көмегімен, сәйкес аРНҚ-ның қатысуымен, іс жүзінде кез келген бөліп алуы жақсы игерілген генді алуға болады. Бұл әдісті белгілі бір тіңдерде (тканьдарда) өте қарқынды транскрипцияланатын гендерге қолдану тиімді.

Гендік инженерияда қолданылатын ферменттер.

  • Жоспары
  • І. Ферменттер класификациясы.
  • ІІ. Рестриктазалар
  • ІІІ. ДНК-лигаза
  • ІV. ДНК-полимераза
  • V. Кері транскриптаза


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет