Гендік инженерия



бет6/9
Дата04.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#54702
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ген инженерия

ІІ. Рестриктазалар

  • Рестриктазалар ДНҚ әртүрлі ыдыратады (1 сурет).
  • Біреулері симетрия осі бойынша тура үзілістер жасаса (Hpa I, Ssp I), басқалары жылжытып саты тәрізді кеседі (Pst I).
  • Бірінші жағдайда жабысқақ емес ("тупые") ұштар қалыптастырса екінші жағдайда жабысқақ ("липкие") ұштар қалыптастырады және олар бір-біріне комплементарлы үзындығы 4 нуклеотид аймақтарынан тұрады. Осындай бөлшектер рекомбинанты ДНҚ құрастыру үшін қолайлы.
  • 1 сурет

ІІ. Рестриктазалар

  • Рестриктазаларды 3 негізгі классқа бөледі.
  • 1 –ші класс рестриктазалары ерікті жерлерде үзінділер жасайды. Мысалы осы класқа жататын ЕсоК (Escherichia coli К12) рестриктазасы арнайы тізбекті танып 400-700 арақашықтықта кеседі.
  • 2 –ші класс рестриктазалары (мысалы EcoRI) үзындығы 4-8 нуклеотидтер жұбынан тұратын полиндромды тізбекті таниды және сол жерде кеседі. (шалаш типті) EcoRI гексо (6) нулеотитті тізбекті танып жабысқақ түптерді қалыптастырып кеседі, ол А мен G арасын кеседі.
  • 3 – ші класс рестриктазалары ұзындығы 5-6 нуклеотидтер жұптарын танып ДНҚ-ны тану сайтына 24-27 арақашықтығында кеседі.

ІІІ. ДНК-лигаза

  • Лигаза (лат. ligāre — тігу, біріктіру) әртүрлі молекулалардың (белоктардың, нуклеин қышқылының, пептидтердің т. б.) бір-бірімен қосылуына катынасатын ферменттер тобы. Табиғатта кең тараған, ақуыздарды, липидтерді, көмірсуларды түзуде үлкен роль аткарады. 100-ден астам лигазалар белгілі. Кейінгі кезде олар нуклеин қышқылдарын «тігу» үшін биотехнология саласында айрықша қолданылып жүр. Олар өзгеше биологиялық қасиетке ие жаңа ген жасауда да өз орнын алады.
  • ДНҚ-лигаза — қос тізбекті ДНҚ-ның біреуі үзіліп қалғанда фосфодиэфир байланысты 5’- фосфорилді және 3’- гидроксиліді топтар арасында қалыптастырып, үзілген жерді "тігеді. Осы байланысты қалыптастыру үшін лигазалар АТФ-тің пирофосфарилді байланысының гидролиз энергиясын қолданады. Ең кен тараған қол жетімді комерциялық фермент ол Т4 бактериофагінің ДНҚ-лигазасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет