1. Бірінші әдіс ген инженериясының дамуының алғашқы кезеңінде қолданыла бастады. Белгілі организмнің ДНҚ-сын түгелімен белгілі рестриктазалармен үзіп, қажетті фрагменттер алады. Содан кейін оны клетка ішіне арнайы плазмидалармен еңгізеді, Ол үшін плазмиданы да рестриктазалармен үзеді, оған алынған ДНҚ фрагменттерін қосып жалғап, қайтадан бүтін плазмидалар алады. Бұл плазмидалардың әрқайсысының құрамында бір немесе бірнеше бөтен ДНҚ фрагменті (гені) болады, әрі қарай ол плазмидаларды қайтадан бактерияға еңгізеді. Осының нәтижесінде бактерия клеткасының әрқайсысында басқа организм генінің, бір түрі болады
Гендік инженерия
Гендік инженерия – бұл бір ағзаның геномынан керекті генді шығарып алып басқа ағзаның геномына енгізуіне мүмкіндік жасайтын әдіс.
Геномдарына енгізілген «бөгде» гендері бар өсімдіктер мен жануарларды трансгенді, бактериялар мен саңырауқұлақтарды – трансформацияланған деп атайды.
Гендік инженерияның дәстүрлі нысаны болып, адамның ішегінде өмір сүретін ішек таяқшасы (Е.соlі) саналады. Әдетте соның көмегімен өсу гормонын – соматотропинді, инсулин гормонын (оларды бұрын сиырдың және шошқаның ұйқы безінен алатын), интерферон ақуызын (вирусты инфекциямен күресетін) алады.
Трансформацияланған бактерияларды жасау процесі мынадый кезеңдерден тұрады:
1. Рестрикция - керек гендерді «кесіп алу». Арнайы «генетикалық қайшы», ферменттер - рестриктазалар көмегімен өтеді.
2. Векторды жасау - арнайы генетикалық конструкцияны, оның
құрамындағы белгіленген ген басқа жасушасының геномына енгізілетін болады. Векторды жасаудың негізі - плазмидалар. Ген плазмидаға басқа фермент - лигаза көмегімен «тігіледі». Векторда осы геннің жұмысын атқаратын бәріде болуы керек - промотор, терминатор, ген-оператор және ген-регулятор, және де маркерлі гендер, олар басқа алғашқы жасушадан айырмашылығы бар, жасуша-реципиентке жаңа қасиеттерді береді.
3. Трансформация — векторды бактерияға енгізу.
4. Скрининг — гендері табысты жұмыс атқаратын бактерияларды