Генетика пәні, міндеттері және әдістері. Тұқым қуалау, анықтамасы. Г. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары, оның цитологиялық негіздері


Аллельді емес гендер. Аллельді емес гендердің өзара әсерлесуі: комплементарлық, эпистаз, полимерия



бет9/14
Дата04.09.2022
өлшемі133,88 Kb.
#38426
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Генетика пәні

Аллельді емес гендер. Аллельді емес гендердің өзара әсерлесуі: комплементарлық, эпистаз, полимерия.

Бірдей және әртүрлі хромосомалардың әртүрлі локусында орналасқан гендер аллельді емес гендердеп аталады. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін аллель аралық әрекеттесу деп қарастыруға болады. Оның негізгі типтері: комплементарлық, эпистаз, полимерия. 


Комплементарлық:Аллельді емес 2 доминантты гендердің өзара әрекеттесуінен жаңа белгінің жарыққа шығуы. Адамның қалыпты есту қабілеті аллельді емес Д және Е гендердің комплементарлық әрекеттесуінен қалыптасады. Д гені иірім түтігінің, Е-гені есту нервінің қалыпты жетілуін анықтайды. Рецессивті гендер бойынша гомозиготаларда (dd) иірім түтігі, ee-генотиптілерде-есту нервтері дамымайды. D-ee, ddE және ddee генотипті адамдар естімейді. Адамның жынысы да аллельді емес гендердің өзара комплементарлық әрекеттесуі бойынша анықталынады. Алғашқы қалыптасқан жыныс бездері болашақ ұрпақтың жынысын толық анықтай алмайды. Жыныс бездері мен жыныс мүшелерінің жіктелуі құрсақта дамудың 4-12 аптасында және осы этапта толығымен екінші жыныс хромосомасына тәуелді дамиды. Ағзадағы 2-ші Х-хромосомасының болуы алғаш қалыптасқан жыныс безі мен жыныс жүйесінің дамуын әйел типіне сай қалыптасуына бағыттайды. 
Ал аталық жыныстың дамуы У-хромосомасына байланысты, аталық ұрық безі мен сыртқы аталық жыныс мүшелері қалыптасады. Егер екінші жыныс хромосомасының Х не У хромосомаларының болмаған жағдайда жыныс бездері жіктелінбейді, туылған балада оның орнына дәнекер ұлпалар қалыптасып, ішкі және сыртқы жыныс мүшелері әйел типіне ұқсап, бірақ жетілмеген күйінде қалады. Аталық жыныстың қалыптасуына ағзадағы У-хромосомасының және жыныс бездерінің жіктелуі мен аталық жыныс гормоны - тестостеронның синтезделуін анықтайтын У- хромосомамен тіркес гендердің болуы жеткіліксіз. Бұл үшін аталық жыныс гормонына жасушалардың сезімталдығын қамтамасыз ететін басқа геннің өнімі - белок рецептор қажет. Белок- рецептордың синтезіне Х хромосомада орналасқан ерекше ген жауап береді. Кейбір жағдайда адамда рецессивті гендік мутация нәтижесінен белок-рецептор түзілмейді. Соның салдарынан аталық жыныс белгілер дамымай қалады, ондай жағдайда аналық жыныс белгілері басым болады. (Моррис синдромы немесе тестикулярлық феминизация синдромы: генотип ХУ, фенотип бойынша әйел).
Сонымен адамда аталық жыныстың қалыптасуы 2 аллельді емес гендердің комплементарлы әрекеттесуінің : аталық жыныс гормоны -тестостеронға жауап беретін ген мен белок-рецептордың синтезіне жауап беретін геннің өзара әрекеттесуінің нәтижесі. 
Эпистаз:Бір аллельді емес геннің екінші бір аллельді емес генмен басылуы: доминантты әсер көрсететін гендер эпистатикалық немесе супресссор гендер деп аталады. Бұл жағдайда эпистаз доминантты болып табылады. 
Доминантты эпистазға тауықтардың қауырсындарының түстері мысал бола алады. Доминантты С-гені түрлі түске, доминантты аллельді емес I гені супрессор және С-I генотипті тауықтардың түсі ақ болады. 
P: ♀ CCII x ♂ ccii
G: CI; CI; ci; ci; 
F1 CcIi



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет