67
12 дəріс. ҰҢҒЫМАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
БАҚЫЛАУ ƏДІСТЕРІ
Геофизикалық əдістерді бұрғыланып жатқан ұңғымада
жəне эксплуатациялық ұңғымада техникалық жағдайын бақылау
үшін қолданылады. Бұл үшін геофизикалық əдістердің əр түрлі
мүмкіншіліктерін іске асыратын арнайы зерттеу жүргізетін
ұңғымалық аспаптар шығарылған.
Қазіргі кезде геофизикалық əдістерінің көмегімен келесі:
кеңістіктегі
ұңғыма
бағанының
жағдайын
бақылау
(инклинометрия); ұңғыма бағанының профилін жəне диаметрін
өлшеу (каверномер жəне профилимер); шегенделген колонна
сыртындағы цементтің сапасын тексеру; шегенделген колонналар
жағдайларын бақылау; жұту жəне ағын көздерінің орнынын
анықтау; құбыр сыртындағы циркуляцияны анықтау; ұңғымадағы
бұрғылау аспабтарының қысылып қалған орынын анықтауға;
жасанды забой отырғызатын жерлерді, ұңғымадағы мұнай жəне
судың деңгейлерін анықтауда; қабаттың сумен жарылған
(гидроразрыв) аймақтарын анықтау, ұңғымадағы темір заттардың
орналасуын анықтау; цемент көпірлерін салуды жəне т.б. осындай
мəселелерді шешуге болады.
Геофизикалық
əдістердің
көмегімен
ұңғымалардың
техникалық жағдайлары жайлы алынған мəліметтер
Ұңғыманың техникалық жағдайы жайлы геофизикалық
əдістермен алынған мəліметтер, ұңғыма құрлысын жəне көтеріп-
түсіру жұмыстарын сəтті аяқтау үшін; кен орындарын игеруді
бақылау үшін; эксплуатациялық жəне су айдау ұңғымаларында
жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін керек.
Бұдан да басқа ұңғыманың техникалық жағдайы жайлы
білу, геофизикалық əдістермен интерпретациялау геологиялық
тиімділікті
арттырады.
Техникалық
жағдайын
бақылау
мақсатында бұрғыланып жатқан жəне қондырылған колонналар
ішінде жүргізілетін геофизикалық əдістердің түрлері жəне
шешілетін мəселелері қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: