X
кедергісіне
пропорционалды. Нəтижесінде өлшенетін потенциалдар ∆U
айырмашылығы ұңғыма диаметріне пропорционал. Ұңғыма
диаметрі мына формула бойынша анықталады (см-мен өлшенеді).
72
Мұнда d
Q
— ұңғыманың бастапқы диаметрі;
С — каверномерлік тұрақты, см/см.
Ромбылы немесе рессорлы аспаптар түрлерінің өлшеуші
рычагтары зерттеу жүргізуге қолайлы. Олар ұңғыма бағаны
бойымен төмен жəне жоғары еркін қозғалады, бұл бізге өлшеуді
қайталауға
мүмкіндік
береді.
Аспаптардың
мұндай
түрі
ұңғымалық
снарядтар
конструкциясында
бірнеше
арнайы
параметрлерді тіркеу үшінде қолданылуы мүмкін.
Циркульды түрлерінің өлшеуші рычагтары аспапты көтеру
кезінде ғана ұңғыманың диаметрін өлшейді. Ұңғымаға аспапты
түсіру өлшеуші рычагтар жиналып тұрғанда іске асады. Аспаптың
бұл түрін қиманы дифференциалдауда кеңінен қолданады.
Əр
өлшеуші
рычагтардың
ұзын
иықтары
ұңғыма
қабырғасына жеке пружиналармен тақастырылады (прижимается)
Бұл өлшеуші рычагтардың тəуелсіз жылжуын қамтамасыз етеді.
Қысқа иық фигуралы кулакпен бітейді. Жұдырық пішінін ұңғыма
диаметрін өлшеу кезінде шток жылжуын қамтамасыз ететіндей
етіп жасаған.
Барлық рычагтың жылжуын тросты иілдіретін (огиваемая)
қозғалатын-4
жəне
қозғалмайтын-5
роликтер
көмегімен
орындалады. Қозғалатын ролик штоктарда орналасқан, ал
қозғалмайтындары бағандарға (стойка) қондырылған. Бір осімен
жылжымалы реостатпен 7 орналасқантростың бір ұшы аспап
корпусына, басқа ұшын барабанға бітейді. Пружина жылжымалы
реостаттың кері жүрісіне жəне тростың созылуын
қамтамасыз
етеді.
Аспаптың саңлаусыздығын (герметизация) қамтамасыз ету
үшін, каверномер компенсатор қысымымен жəне маймен
толтырылған. Аспапты ұңғыма ішінде бір қалыпты ұстау үшін
бандажбен бірнеше қабаттан изоляцияланған ленталы немесе
жіңішке сыммен жиналған өлшеуші рычагтармен түсіріледі.
Рычагтар ұңғыма түбіне жеткенде металды хвостовик немесе
ашылып-жабылмалы
құрал
көмегімен
ашылады.
Металды
хвостовиктің жоғарғы бөлігі конусты пішінді болады; аспап
ұңғыма түбіне тигенде ол жоғары ауысады жəне өзінің конусты
бөлігімен рычагтар аяғына басылып, бандаждарды жыртады.
73
КСУ типті каверномерлерде корпус айналасында 120
0
–тан
кейін орналасқан үш өлшеуші рычагтар бар. Ұңғыма ішінде
рычагтардың ашылып жəне жабылуын гидравликалық жүйе
қамтамасыз етеді, бұл бізге жер бетіне аспапты шығармай-ақ
қайталап өлшемдер жүргізуге мүмкіндік береді.
Кавернометрия геофизикалық зерттеулердің стандартты
жиынтығына
кіреді
жəне
барлық
ұңғымаларда
ұңғыма
диаметрлерін өлшеу міндетті түрде орындалады. Қиманы
литологиялық
бөлшектеуде,
тау
жыныстарының
меншікті
кедергілерін анықтауда, микрозондтың диаграммасын талдауда,
радиоактивті əдістердің мəліметтері бойынша саздылықты,
кеуектілікті анықтауда жəне т.б. жағдайда кавернометрия
мəліметтерінің алатын орны ерекше.
Бұдан да басқа, кавернометрия мəліметтерін техникалық
есеп шығару үшінде кеңінен қолданылады.
Қондырылатын колоннаны цементтеуге қанша цемент
кететінін мына формула бойынша анықтайды.
Мұнда H — труба сыртындағы кеңістік бойымен цемент
сақинасының көтерілген биіктігі (проект бойынша);
d
c
—
каверномер
бойынша
анықталатын,
ұңғыма
диаметрінің орташа мəні;
d
K
— қондырылатын колоннаның сыртқы диаметрі..
Каверномер мəліметтерін ұңғымада аралық колонналар
табанын
отырғызатын
жерлерді,
ұңғыманы
сынамалау
(испытании) кезінде пакер орнатуға, бүйірлік грунтоноспен
интервалдардан тасбаған алуда қолданылады. Кавернограмма
технологтарға ұңғыма бағанынан қиын аймақтарды бөлуге
көмектеседі.
Бұрғыланып жатқан ұңғымаларда колонна түсірілмеген
ашық бағандардың домалақ қимасына сəйкес емес желобтардың
болуын анықтайды. Желобтар бұрғылау аспаптарымен тау
жыныстарын бұзу нəтижесінде жəне олардың құлыпты (замковые)
қоылыстарынан қалыптасады..
74
Ұңғыма қимасында желобтар профилимерлер көмегімен
анықталады.
Бір
жазықтықта
орналасқан
бұл
аспаптың
каверномерлерден ерекшелігі əр жұп рычагтың көрсеткіштері
бөлек тіркеледі.
Ұңғымалық СКП каверномер-профилимер бір уақытта
үздіксіз үш қисықты: кавернограмма жəне ұңғыма диаметрі үшін
жазықтықтағы
бір-біріне
қарама-қарсы
(взаймно)
перпендикулярлы екі қисықты тіркеуге мүмкіндік береді. Ұңғыма
диаметрі тəуелсіз екі жұп өлшеуші рычагтардың ашылуы
көрсеткіштері бойынша анықталады. Мəліметтер сигналдарды
бөлетін схеманы қолданатын- бір желілі кабелдермен беріледі.
Желобтардың барлығын анықтағаннан кейін ұңғыманың
көлденең қимасын бөлшектеп қарастырады. Бұл мақсатты орындау
үшін өлшеу -сегіз өлшеуші рычагы бар профилимер-радиусты
СПР аспабын қолданылады. Ұңғымада өлшеулер дискретті
нүктелер бойынша жүргізіледі. Аспапты өлшеу жүргізілетін
интервалға орналастырады жəне əр сегіз өлшеуші рычагтан кезек-
кезек көрсеткіштерін алады. Азимут бойынша келтірілген
өлшеулер, ұңғыманың көлденең қимасының диаграммасын
тұрғызуға мүмкіндік береді.
Егер желоб құлыпты қосылыстың диаметрінің тереңдігінен
асып кетсе, онда ол жерде аспаптарды қысып қалу қаупі жоғары;
егерде ол ұңғыма бағытымен вертикаль жазықтықта пайда болған
болса.
Аспаптарды қысып қалу жəне ұңғыма профилінде мұндай
жағдайларды болдырмау үшін торпедтелу жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |