«География» пәні бойынша Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы


Атмосфера. Атмосфера және оның құрамдас бөліктері. Ауа райы және метеорологиялық элементтер



бет3/7
Дата14.03.2023
өлшемі128,5 Kb.
#74192
1   2   3   4   5   6   7
Атмосфера. Атмосфера және оның құрамдас бөліктері. Ауа райы және метеорологиялық элементтер. Атмосфераның құрамын сипаттайды, атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп, түсіндіреді; «Ауа райы» ұғымын түсіндіреді метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сипаттап; зерттеу маңыздылығын анықтайды; Метеорологиялық элементтердің көрсеткіштерін өлшеп, метеорологиялық құрал-жабдықтарды қолданумен тіркейді; Атмосфераның ғаламдық циркуляциясын талдап, түсіндіреді; Климаттық белдеулерді талдайды.
Қолайсыз атмосфералық құбылыстар. Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады.
Гидросфера Гидросфера және оның құрамдас бөлігі. Су ресурстарының маңыздылығы. Гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды; Су ресурстарының маңыздылығын түсіндіреді; Өзен аңғарының құрылысын түсіндіреді; Қазақстанның ішкі суларын топтастырады; Көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды (Өзендер мен көлдер, мұздықтар мен мәңгі тоң, жерасты сулары).
Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы. Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері. Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды; Мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттайды; Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды.
Биосфера Биосфера және оның құрамдас бөліктері. Туған өлкенің флорасы мен фаунасы. Қазақстанның топырақ түрлері. Биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды; Өлкеге тән өсімдіктер мен жануарларды анықтайды және «Қызыл кітапқа» енген түрлерін атайды; Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуын түсіндіреді.
Топырақтың экологиялық проблемалары. Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде топырақ ресурстарына баға береді; Топырақтардың экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады.
Халық географиясы. Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары, дүниежүзі халқының діни құрамы, дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары, ұлтаралық және дінаралық келісім; халық санағы, дайы өсудің түрлері, демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай, демографиялық проблемалар, демографиялық саясат; Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы, дүниежүзі халқының көші-қоны, Қазақстандағы халықтың көші-қоны, көші-қон саясаты, еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы, Қазақстанның демографиялық жағдайы мен демографиялық саясаты, елді мекендердің жіктелуі, елді мекендердің функционалды зоналары, Қазақстандағы ойконимдер, Қазақстандағы елді мекендердің проблемалары, урбандалу үдерісі, Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет