Географиялық зерттеу әдістері. Жалпы географиялық әдістер. Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық мониторинг әдістерін қолданады; Зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістерін қолданады; Зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолданады; Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін қолданады; Зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады.
Өзекті географиялық зерттеу әдістері.Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін қолданады; Зерттеу тақырыбына сәйкес эксперттік бағалау әдістерін қолданады; Зерттеу тақырыбына сәйкес модельдеу әдістерін қолданады; Зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады.
Картография және геоинформатика. Картография.Тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолданады.
Геоинформатика негіздері . Қашықтықтан зерделеу әдістерінің ерекшеліктерін түсіндіреді; Геоақпараттық әдістер мен геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларының ерекшеліктерін, басқа ғылымдар мен өндіріс салаларымен байланыстарын түсіндіреді.
Табиғатты пайдалану және геоэкология. Табиғатты пайдалану.Табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтайды; Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға береді (жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде); Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсынады (жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде); Тиімді табиғатты пайдаланудың қағидаттарын анықтайды.
Геоэкологиялық зерттеулер негіздері.Геоэкологияның негізгі категорияларын түсіндіреді; Геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын түсіндіреді; Дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастырады; Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастырады; Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсынады; Ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін түсіндіреді; Геоэкологиялық үдерістерде географиялық қабық заңдылықтарының рөлін анықтайды; Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастырады.