География пәнінен есептер шығару «План және карта» тарауы бойынша



бет2/10
Дата27.09.2023
өлшемі59,52 Kb.
#110518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Масштабка арналған есептер

«Литосфера» тарауы бойынша
1.Егер таудың абсолюттік биіктігі 656 м, ал таудың етегі 400 м биіктікте орналасса, онда
таудың салыстырмалы биіктігі тең болатын көрсеткіш қандай?
Шығарылуы:
656 м – 400 м = 256 м. Жауабы: 256 м.

2. Қазақстанның ең биік және ең төмен нүктелерінің айырмасын тап.


Шығарылуы:
Қазақстанның ең биік нүктесі Хан Тәңірі 6995 м, ал ең төмен нүктесі Қарақия ойысы – 132 м.
Екі нүктенің айырмасын табу үшін 6995 м + (-132 м) = 7127 м.
Жауабы: 7127 м.

3.Дүниежүзінің және Қазақстанның ең биік шыңдарының салыстырмалы биіктігі


Шығарылуы: дүниежүзінің ең биік шыңының биіктігі 8848 м болса, ал Қазақстанның ең биік
шыңының биіктігі 6695 м. 8848 м - 6995 м = 1853 м
Жауабы: 1853 м.

4. Аустралияның абсолюттік биіктігі – 2228 м.Еуразияның ең биік нүктесімен салыстырмалы


биіктігі қанша?
Шығарылуы: Еуразияның абсолюттік биіктігі – 8848 м.
8848 м – 2228 м = 6620 м. Жауабы: 6620 м.

5. Жанартаудың абсолюттік биіктігі 1000 м. Егер ол жазық аймақта теңіз деңгейінен


200 м биіктікте орналасса, жанартаудың салыстырмалы биіктігі қаншаға тең?
Шығарылуы:
1000 м – 200 м = 800 м
Жауабы: 800 м

«Атмосфера» тарауы бойынша
1.Қазақстанда ең төменгі температура -57 ºС, ал ең жоғарғы температура +42ºС болса,
амплитуда қанша?
А) 57 ºС В) 14,5 ºС С) 99 ºС Д) 67 ºС Е) 10 ºС
Шығарылуы: -57 ºС + 42ºС = 99°С Жауабы: С) 99 ºС
2.Тәуліктегі ең жоғары температура -10ºС, ал ең төменгі температура -28ºС. Тәуліктік
амплитуда қанша?
А) 18ºС В) 14ºС С) 38ºС Д) 28ºС Е) 10ºС
Шығарылуы: -28 ºС - 10ºС = 18°С Жауабы: А) 18 ºС
3. Қазан айында Алматы қаласында ауаның температурасы тәулік ішінде сағат 7ºº -де +10ºС,
сағат 13ºº-де +14ºС, сағат 19ºº-де +12ºС, сағат 1ºº-де -1ºС болса, тәулік ішіндегі орташа
температура
А) +8,7ºС В) +3,7ºС С) +9,2ºС Д) +6,8ºС Е) +5,6ºС
Шығарылуы: 10°С + 14°С +12°С + (-1°С) = 35°С
35°С : 4 = + 8,75 = + 8,7°С Жауабы: А) +8,7°С

4. Кестедегі мәліметтерге сәйкес орташа жылдық температура





Айлар



Орташа жылдық tºC

І

ІІ

ІІІ

ІV

V



V ІІ

V ІІІ

ІХ

Х

Х І

ХІІ

-17ºC

-12ºC

-5ºC

0ºC

7ºC

17ºC

22ºC

19ºC

10ºC

4ºC

-9ºC

-14ºC

Шығарылуы:
-17ºС +(-12ºС) +(-5ºС) +(-9ºС) + (-14ºС) = 57ºС;
0ºС + 7ºС + 17ºС + 22ºС + 19ºС + 10ºС + 4ºС =79 ºС;
79ºС - 57ºС = 22ºС; 22ºС : 12 = 1,8333 = 1,8ºС Жауабы: 1,8ºС

5. Желтоқсан айындағы тәуліктік орташа температура жиынтығы - 630º С болса, айлық орташа


температура қанша?
Шығарылуы: - 630ºС : 30 = - 21ºС Жауабы: - 21ºС

6. Ауаның температурасы +30ºС, абсолюттік ылғалдылық 16 г/м³ болса, салыстырмалы


ылғалдылық қанша?
Шығарылуы:
+30ºС --------------- 30 г/м ³ су буы;
30 г/ м³ су буы --------------- 100 % ;
16 г/м³ су буы ---------------- Х %;
Х = 16г/м³ * 100: 30 г/м³ = 53% Жауабы: 53 %
7. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы температура +15ºС, ең төменгі температура +5ºС болғандағы
амплитуданы табыңдар.
Шығарылуы:
+15ºС- 5ºС = 10ºС Жауабы: 10ºС.

8. Жер бетіндегі ауаның температурасы +14ºС. 6000 м биіктікке көтерілген ұшақтың


сыртындағы ауаның температурасы қанша?
Шығарылуы:
6000 м * 6ºС = 36ºС; 36ºС - 14ºС = 22ºС.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет