География пәнінен есептер шығару «План және карта» тарауы бойынша



бет7/10
Дата27.09.2023
өлшемі59,52 Kb.
#110518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Масштабка арналған есептер

«Материктер» бойынша

1.Жер шары шеңберінің 1° доғасы қанша км екенін анықта ?


Шығарылуы: 40000 км : 360° = 111 км Жауабы: 111 км

2.Экватор маңында 13° б.б пен 67 ° б.б арасын километр есебімен анықтаңыз.


Шығарылуы: 67 ° б.б - 13° б.б = 54° 54 ° х 111 км = 5994 км Жауабы: 5994 км

3.Африканың батыс жағалауынан шығыс жағалауына дейінгі экватор бойынша градустық


қашықтығы қанша ?
Шығарылуы: 111 км х 34° = 3774 км Жауабы: 3774 км

4. 70° б.б. бойынша Оңтүстік Американың солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі қашықтығы


қанша?
Шығарылуы: 111 км х 65° = 7215 км Жауабы: 7215 км

5.50° с.е. бойынша Еуразия материгінің батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы қанша ?


Шығарылуы: 141° ш.б. - 2° ш.б. = 139 ° ш.б.
139° ш.б.х 71,7 км = 9966,3 км Жауабы: 9966,3 км

6.Егер шеткі нүктелерінің географиялықлық координаталары 32º с.е. және 35º о.е. болса,


Африканың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі арақашықтығы қанша ?
Шығарылуы:
32º с.е. + 35º о.е = 67º 67º * 111 км = 7437 км. Жауабы: 7437 км.

7. Африка материгінің ауданы






Ауданы

Жер бетінің барлық ауданымен салыстырғанда (%)

Құрлық
Африка

149,1 млн км²
30,3 млн км²

29

А) = 8,89 % В) = 5,89 % С) = 7,89 % Д) = 4,89 % Е) = 3,89 %
Шығарылуы: 149, 1 млн км² -------------- 29 %
30, 3 млн км² --------------- Х %
Х = 30,3 млн км² * 29 % : 149,1 млн км² = 5,89 % Жауабы: В) = 5, 89 %

8. Тынық мұхитының ауданы






Ауданы

Жер бетінің барлық ауданымен салыстырғанда (%)

Дүниежүзілік мұхит

361 млн км²

71

Тынық мұхиты

178,6 млн км²

?

А) 51 % В) 49% С) 35 % Д) 42 % Е) 44 %
Шығарылуы: 361 млн км² -------------- 71 %
178,6 млн км² --------------- Х %
Х = 178,6 млн км² * 71 % : 361 млн км² = 35,12 % = 35 % Жауабы: С) 35%

9.Ауданы Гренландиядан 9 есе үлкен, ал Еуразиядан 3 есе кіші материкті табыңыз:


Шығарылуы. Еуразияның ауданы 54 млн км², ал Гренландияның ауданы 2 млн км².
Гренландияның ауданы 2 млн км² х 9 = 18 млн км² немесе Еуразияның ауданы 54 млн км² : 3
= 18 млн км² болса, яғни бұл материктің ауданы 18 млн км² -қа тең Оңтүстік Америка
материгі болғаны.
Жауабы: Оңтүстік Америка материгі

10. Африканың ауданы 30,3 млн км² құрайды. Оның 10 % орман алып жатыр. Орман алқабының


ауданы қанша ?
Шығарылуы: 30,3 млн км² ---------------- 100 %
Х млн км² ------------------ 10 %
Х = 30,3 млн км² х 10 % : 100 % = 3 030 000 км² = 3,0 млн км²
Жауабы: 3,0 млн км²




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет