География пәнінен есептер шығару «План және карта» тарауы бойынша


«Қазақстанның экономикалық әлеуметтік географиясы» бойынша



бет9/10
Дата27.09.2023
өлшемі59,52 Kb.
#110518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Масштабка арналған есептер

«Қазақстанның экономикалық әлеуметтік географиясы» бойынша

1.Елорданы көшіру жарияланған жылы 225 мың адам тұратын, ал 2013 жылы 784 мың адам


болды, халықтың өсу көрсеткіші
А) 6,5 есе В) 4,5 есе С) 3,5 есе Д) 2,5 есе Е) 5,5 есе
Шығарылуы: 784000 : 225000 = 3,48 = 3,5 есе Жауабы: С) 3,5 есе

2.Егер Қазақстан жер көлемі 2,7 млн км², ал халық – 17 млн адамды құраса, халық тығыздығы


(адам/км²).
А) = 8,0 В) = 3,3 С) = 4,5 Д) = 3,5 Е) = 5,5 Ғ) = 6,3 G) = 4,2 H) = 7,8
Шығарылуы: 17 млн адам : 2,7 млн км² = 6,296 = 6,3 адам/км² Жауабы: Ғ) = 6,3 адам/км²

3.1997 жылғы статистикалық дерек бойынша халық саны 15860 мың, оның 8033 мыңы


қазақтар, 5104 мыңы орыстар, 2723 мыңы өзге ұлт өкілдері. Қазақстан халқының үлттық
құрамының % көрсеткішін есептеңіз.
Шығарылуы: 1) 15860000 ------------- 100 %
8033000 -------------- Х %
Х = 8033000 х 100 % : 15860000 = 50,6 = 51% қазақтар;
2) Х = 5104000 х 100 % : 15860000 = 32 % орыстар;
3) Х = 2723000 х 100 % : 15860000 = 17 % өзге ұлт өкілдері
Жауабы: 51% қазақ, 32% орыс, 17% өзге ұлт

4.Орталық Қазақстанның халқының орташа тығыздығын анықта ?


Шығарылуы: Орташа тығыздықты анықтау үшін халық санын жер көлеміне бөлеміз. Яғни,
1411,7 мың адам : 398,8 мың км² = 3,5 адам Жауабы: 3,5 адам

5.Павлодар облысының халқының саны 755 мың адамның 70% экономикалық белсенді халық,


Оның 53% өндірістік емес салада жұмыс істейді. Өндірістік емес салада жұмыс істейтін адам
санын тап?
Шығарылуы: 1) 755 000 --------- 100 %
Х ------------- 70%
Х = (755 000 Х 70%) : 100 % = 528 500 мың адам
2) 528 500 -------- 100 %
Х --------------- 53 %
Х = (528 500 Х 53 %) : 100 % = 280 105 мың адам
Жауабы: 528 500 мың адам; 280 105 мың адам. 6.Шығыс Қазақстан облысында халық саны 1394 мың адам (2013 ж.), қала халқы 816 мың адам
болса, ауыл халқының үлесі қанша?
Шығарылуы: 1394000 ------------ 100 %
816000 ------------- Х %
Х = 816000 * 100 % : 1394000 = 58,5 %
100 % - 58,5 % = 41,5 % Жауабы: 41,5 % ауыл халқы

7. 2009 жылы 1 қаңтарда Астана қаласында халық саны қанша болады ? Егерде 2008 жылы 1


қаңтарда Астана қаласының халқы 603 мың болса, 2008 жылы 15 мың сәби туылып, 3 мың
адам қайтыс болды. Көшіп келгендер саны 44 мың болса, көшіп кеткендер саны 14 мың.
Шығарылуы: 603 000 + 15 000 = 618 000. 618 000 – 3 000 = 615 000.
615 000 + 44 000 = 659 000. 659 000 – 14 000 = 645 000.
Жауабы: 645 000 адам.

8. 2004 ж. Қазақстанның демографиялық салыстырмалы мөлшердегі көрсеткіштері: туу –


18,2 ‰, өлім – 10,1 ‰ және табиғи өсім қанша ?
Шығарылуы: 18,2 ‰ – 10,1 ‰ = 8,1‰ Жауабы: 8,1 ‰

9.Республикада көмірдің жалпы қоры 176,6 млрд т. Жалпы республика бойынша Қарағанды


көмір алабының өндіретін көмір 32 % болса, көмірдің қоры (млрд т.) қанша?
Шығарылуы: 176,6 млрд т. --- 100 %
Х ------ 32 %
Х= ( 176,6 Χ 32 ) : 100 % = 56,512 = 56,5 Жауабы: 56,5 млрд т.

10. Мына минералды ресурстардың қанша жылға жететінін анықтаңдар:







Минералды ресурс

Қоры тонна

1 жылдық өнім тонна

Қанша жылға жетеді?

1

Көмір

33 600 000 000

79 000 000

425,32

2

Мұнай

3 900 000 000

80 000 000

48,75

3

Мыс

18 000 000

370 000

48,649

4

Темір кені

4 200 000 000

25 000 000

168

Шығарылуы:

  1. 600 000 000 : 79 000 000 = 425,3164557 = 425,32 жыл

3900 000 000 : 80 000 000 = 48,75 жыл
18 000 000 : 370 000 = 48,648648649 = 48, 649 жыл
4 200 000 000 : 25 000 000 = 168 жыл

11. 4 тонна цемент өндіру үшін қажетті шикізат мөлшері қанша?


Шығарылуы: 1 тонна цемент өндіру үшін 1,5 тонна шиізат керек екенін ескерсек, онда
4 тонна * 1,5 тонна = 6 тонна Жауабы: 6 тонна шикізат.

12.Қазақстанда жалпы жер қоры 272,5 млн.га. Жыртылған жердің үлесі 11%, еліміздегі


жыртылған жердің ауданы
Шығарылуы:
272,5 млн.га -------------- 100 %
Х ---------------------------- 11 %
Х = 272,5 млн.га * 11% = 2997,5 2997,5 : 100 = 29,975 % = 30 % Жауабы: 30%.

13.Еліміздің 190 млн. га жері жайылым болса, жан басына шаққандағы жайылымдық жер


мөлшері (2013 жылы халық саны 17 млн. адам) қанша ?
Шығарылуы: 190 млн : 17 млн = 11,176470588 га = 11 га Жауабы: 11 га
14. Қазақстанда жылына жиналған астықтың 12,5 млн.т бидайға тиесілі. Басқа дақылдардың
үлесі 20 %. Жалпы жиналатын астықтың мөлшері қанша?
Шығарылуы:
100 % - 20% = 80 %
Х млн.т ---------------- 100 %
12,5 млн.т --- ---------------- 80 %
Х = 12,5 млн.т * 100 % : 80 % = 15,625 млн.т = 15,6 млн.т Жауабы: 15,6 млн.т

15.2008 жылғы дерек бойынша дүние жүзінде 600 млн т астық жиналды. Қазақстанның үлесі


2%, елімізде өндірілген астық көлемі қанша?
Шығарылуы: 600 млн т ----------- 100 %
Х --------------------- 2 %
Х = 600 ˟ 2 : 100 = 12 млн т Жауабы: 12 млн т




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет