География пәнінен есептер шығару «План және карта» тарауы бойынша



бет4/10
Дата27.09.2023
өлшемі59,52 Kb.
#110518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Масштабка арналған есептер

Жауабы: 12 км

28. Ұшақ қанатында ауа температурасы - 20°С көрсетті. Осы кезде жер бетіндегі температура


+14°С болса, ұшақ қандай биіктікте көтерілген ?
Шығарылуы: -20°С + 14°С = 34°С 34°С : 6°С = 5,6°С Жауабы: 5,6°С

29.Ауа температурасының амплитудасының минималды болатынын көрсетіңіз.


А) +100ºС және +250º С; Б) +30º С және +150º С; В) +50º С және +150º С;
С) - 100º С және +170º С; Г) -50º С және +150ºС
Шығарылуы:
А) +250°С – (+100°С) = +150°С; Б) +150°С – (+30°С)= +120°С;
В) +150°С – (+50°С) = +100°С; С) +170°С + (-100°С) = +270°С;
Г) +150°С + (- 50°С) = 200°С Жауабы: В)

30. 3 км биіктікте ұшақ сыртындағы ауаның температурасын -36ºС тіркеді. Ал, ол осы кезде


жер бетіндегі температура нешеге тең ?
Шығарылуы: 3 км* 6°С = 18°С -36°С + 18°С = -54°С Жауабы: -54°С

31.Көлемі 200 м³ сынып бөлмесінің ауасында +20°С температурада қанша литр су буы болады?


Шығарылуы: +20°С температурада әрбір м³ ауада 17 г су болатынын ескерсек, онда
200 м³ х 17 г = 3400 г = 3,4 л Жауабы: 3,4 л

32. Ауаның температурасы +20ºС, абсолюттік ылғалдылық 15 г/м³, салыстырмалы


ылғалдылықты табу керек.
Шешуі: +20ºС температурада 17 г су буы бар.
17 г/м³ ----------- 100 %
15 г/м³ ------------Х %
Х = (15 г/ м³ Χ 100) : 17 г/м³ = 88;2 % Жауабы: 88;2 %

33. Ауа температурасы 30°С абсолют ылғалдылық 20 г болғанда, салыстырмалы ылғалдылық


қандай ?
Шығарылуы: 20 г : 30°С х 100 % = 66 % Жауабы: 66 %

34.Ауаның температурасы +20°С –та салыстырмалы ылғалдылық 50 % болса, ауаны су буымен


қанықтыру үшін қажет су мөлшері қанша?
Шығарылуы: +20°С –та су буымен қанығу үшін 17 г су буы қажет болса, салыстырмалы
ылғалдылық 50% болғанда, су буымен қанығу үшін 8,5 г су буы қажет
+20°С ------------ 17 г су буы
17 г -------------- 100 %
Х г --------------- 50 %
Х = 17 г *50 % : 100 % = 8,5 г су буы Жауабы: 8,5 г су буы

35.Теледидардан былай хабарлады. +10°С температурада ауаның салыстырмалы ылғалдылығы


50 % . Мұндай 1 км³ ауада неше грамм су болады ? Оның қанығуы үшін қанща су керек?
Шығарылуы: +10°С температурада ауа су буымен қанығуы үшін 9 г су керек.
9 г ----------- 100 %
Х г ---------- 50 %
Х = 9 г * 50 % : 100 % =450 г : 100 = 4,5 г Жауабы: 4,5 г

36. Егер салыстырмалы ылғалдылық 55 % -ке тең, ал қанықтылық ылғалдылығы + 15°С


температурада 12, 8 г/м³ тең болса, ауаның абсолютті ылғалдылығы қанша болады?
Шығарылуы: 12,8 г/м³ ------------ 100 %
Х г/м³ -------------- 55 %
Х = 12,8 г/м³ * 55 % : 100 % = 7,04 г/м³ = 7 г/м³ Жауабы: 7 г/м³

37.Ауаның температурасы + 10°, салыстырмалы ылғалдылық 30 %, абсолюттік ылғалдылықты


табу.
Шығарылуы: +10° та 9 г су буы болуы керек. Яғни 9 г су буы ---------- 100 % болса,
Х г су буы --------- 30 % болуы керек.
(9 г * 30%) : 100 % = 270 :100 =2,7 г Жауабы: абсолюттік ылғалдылық 2,7г/м³

38. Ауадағы су буының мөлшері буланатын беттің жағдайына және температураға


байланысты. Ауадағы су буы мұхит үстінде мол, ал құрлық үстінде аз болады. Сонымен
бірге неғұрлым температура жоғарылаған сайын ауадағы су буының мөлшері арта береді.
1м³ ауада түрлі температурада болатын су буының мөлшері



Температура (С)

Су буы (грамм)

-30º

0,5

-20º

1

-10º

2



5

+10º

9

+20º

17

+30º

30

10º С температурада 1 м³ - та су буының мөлшері 5 г тең. Салыстырмалы ылғалдылықты
табыңдар.
А) 56 % В) 60 % С) 55 % Д) 45 % Е) 63 %
Шығарылуы:
1 м³ ауа 10ºС ------- 9 г су буы болады.
9 г су буы -------------- 100 %
5 г су буы ------------- Х %
Х = 100* 5 г = 500; 500: 9 = 55,5 = 56 % Жауабы: А) 56 %

39. Атмосфералық қысым А нүктесінде 790 мм, Б нүктесінде 810 мм. Салыстырмалы биіктікті


табыңдар?
Шығарылуы: 810 мм – 790 мм = 20 мм
10 мм ------------ 100 м болғанда, қысым 20 мм болған кезде төбенің биіктігі 200 м болады.
Жауабы: 200 м

40.Егерде барометр төбенің етегінде 762 мм с.б., төбенің басында 752 мм с.б. көрсетіп тұрса,


төбенің биіктігі қанша?
Шығарылуы:
100 м --------- 10 мм
762 мм – 752 мм = 10 мм, яғни төбенің биіктігі 100 м. Жауабы: 100 м.

41. Биіктігі 2200 м таудың шыңындағы атмосфералық қысым 517 мм. Таудың етегіндегі қысым


қанша?
Шығарылуы:
100 м ------- 10 мм
1000 м ------ 100 мм
2200 м ------ 220 мм болса, 517 мм + 220 мм = 737 мм с.б. Жауабы: 737 мм с.б

42. Биіктігі 1500 м тау шыңындағы атмосфералық қысымның мөлшері қанша?


Шығарылуы:
100 м ------- 10 мм
1000 м ------ 100 мм
1500 м ------ 150 мм.
Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм с.б.-на тең болатынын білеміз.
760 мм – 150 мм = 610 мм с.б. Жауабы: 610 мм с.б

43. Егер тау етегіндегі атмосфералық қысым 850 мм, тау басында 710 мм болса, таудың биіктігі


қанша?
Шығарылуы:
850 мм – 710 мм = 140 мм; 10 м ------ 1 мм; 140 мм * 10 м = 1400 м
Жауабы: 1400 м

44. Атмосфералық қысым А нүктесінде 740 мм, Б нүктесінде 710 мм болса, екі нүктенің


салыстырмалы биіктік айырмасын табыңдар.
Шығарылуы:
740 мм – 710 мм = 30 мм; 10 м ------ 1 мм; 30 мм * 10 м = 300 м Жауабы: 300 м

45. Егер тау етегіндегі атмосфералық қысым 752 мм, таудың басында 350 мм болса, таудың


биіктігі қанша?
Шығарылуы: 752 мм – 350 мм = 402 мм; 10 м ------ 1 мм; 402 мм * 10 м = 4020 м
Жауабы: 4020 м

46. Таудың етегіндегі қысым 680 мм, шыңындағы қысым 620 мм болса, таудың биіктігі қанша?


Шығарылуы:
680 мм – 620 мм = 60 мм. 10 м ------ 1 мм; 60 мм * 10 м = 600 м Жауабы: 600 м

47. Тау етегіндегі атмосфералық қысым 756 мм с.б., тау шыңында 341 мм с.б. болса, таудың


Биіктігі қанша ?
Шығарылуы:
756 мм – 341 мм = 415 мм. 10 м ------ 1 мм; 415 мм * 10 м = 4150 м Жауабы: 4150 м

48. А нүктесінде атмосфералық қысым 780 мм, Б нүктесінде 850 мм. Екі нүктенің абсолюттік


биіктіктері мен Б нүктесінің А нүктесіне қарағандағы салыстырмалы биіктігі қандай?
Шығарылуы:
Қалыпты қысым 760 мм.
А нүктесінде 780 мм – 760 мм = 20 мм. 10 м ------ 1 мм; 20 мм * 10 м = 200 м;
Б нүктесінде 850 мм – 760 мм = 90 мм. 10 м ------ 1 мм; 90 мм * 10 м = 900 м;
900 м – 200 м = 700 м. Жауабы: 200 м, 900 м, 700 м.

49.Таудың басында қысым 390 мм, ал таудың дәл ортасында қысым қаншаға тең? Жер бетінде


қалыпты атмосфералық қысым сақталған.
А) 525 мм В) 575 мм С) 675 мм Д) 655 мм Е) 550 мм
Шығарылуы:
760 мм – 390 мм =370 мм 370 мм : 2 = 185 мм 760 мм – 185 мм =575 мм
Жауабы: 575 мм

50. Жер бетінде қысым 758 мм болса, тау шыңындағы ( 4600 м) қысым қанша ?


Шығарылуы: 10 м --------- 1 мм;
100 м ------- 10 мм;
1000 м ------- 100 мм;
4600 м ------- 460 мм
758 мм – 460 мм = 298 мм. Жауабы: тау шыңындағы қысым 298 мм

51.Мәскеу қаласының атмосфералық қысымы 748 мм болса, мұхит деңгейімен салыстырғанда


оның биіктігі қандай ?
Шығарылуы: (760 мм – 748 мм) х 10 = 120 м Жауабы: 120 м
52. Бөлменің ұзындығы 8 м, ені 8 м, биіктігі 3 м. Бөлменің көлемі мен ондағы ауаның салмағын
есептеңіз ?
Шығарылуы: V = 8м * 8м * 3м = 192 м³ 192 м³ * 1,30 г = 249 кг 600 гр.
Жауабы: 249 кг 600 грамм

53. Альпинист 5 км жоғарыға шықты, жер бетінде атмосфералық қысым 745 мм сынап


бағанасына тең. Осы биіктіктегі атмосфералық қысым нешеге тең ?
Шығарылуы: 5 км --------- 500 мм; 745 мм – 500 мм = 245 мм.
Жауабы: 245 мм

54. Мұхит деңгейіндегі қалыпты ауа қысымы 760 мм с.б. болса, оның қанша миллибар (мб)


екендігін анықтауға болады ?
Шығарылуы: Әдетте 1 мб = 0,75 мм с.б. 760 мм : 0,75 = 113,3 мб
Жауабы: 760 мм = 113,3 мб

55.Егер бір күнгі ауа қысымы 1040 мб болса, ол қанша мм с.б. тең екендігін анықта ?


Шығарылуы: 1040 мб х 0,75 = 780 мм с.б. Жауабы: 1040 мб = 780 мм с.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет