«География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет14/32
Дата08.12.2023
өлшемі1,32 Mb.
#135034
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
«География п нінен о ушыларды функционалды сауаттылы ын арттыр

Жауабы: А,С 
 
3-тапсырма. Үлкен Каньон
Үлкен Каньон АҚШ-ғы шөлдердің бірінде орналасқан.Ол-тау 
жыныстарын құрайтын көп қабатты үлкен және терең каньон. Бір 
кездері жер қыртысының қозғалысынан осы қабаттар жоғары 
көтерілді.Қазіргі таңда Үлкен Каньонның тереңдігі 1,6 км 
жетеді.Каньон шетінде Колорадо өзені ағып жатыр. 
Сұрақ:
Жыл сайын Үлкен Каньон ұлттық саябағына 5 млн жуық 
турист келеді.Турист санының көп болуынан саябаққа зиян 
келмей ме?
Жауабы
: Жаяу жүргіншілер жолдардың эрозияға ұшырауына 
әсер етеді. Саябақ 100 жыл бұрынғыдай көркем күйінен 
айырылуы мүмкін. 
4-тапсырма.
Кейбір жанартаулық тау жыныстарында көптеген бос қуыстар 
болады [5] 
Жанартаулық тау жыныстары 
Бұл бос қуыстар қалай пайда болған?


25 
А. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, жәндіктер оның ішінен 
шұңқырлар қазған.
В. Тау жынысы суыған кезде, оның ішінде газ көпіршіктері 
бөлініп шыққан. 
С. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, оған жаңбыр тамшылары 
тамған. 
D. Тау жынысы суыған кезде, оның ішінен кішкентай тастар 
түскен. 
 
5-тапсырма.
Дүние жүзінің ең ірі гейзерінің бірі – Эксельсиор гейзері АҚШ 
Йеллоустон паркінің кереметі болып саналады. Оның су бұрқағы 
жағасы шың құзды және/немесе жартасты болып келетін көлдің 
ортасынан жоғары қарай атқылайды.
Гейзердің атқылауы барысында болатын құбылыстарды 
суреттеңіздер. 
6-тапсырма.
Америка Құрама Штаттарында жылына 640 ретке дейін болатын 
құбылыс бар. Ол құбылыс жазықтықтық Техас, Оклахома, 
Канзас, Небраско штаттарында жиі байқалады. Аталған 
штаттарда өмір сүретін адамдар табиғаттың бұл апатты 
құбылысынан жасырыну үшін өз үйлерінде қорғаныс баспаналар 
салады.
Бұл құбылыс қалай аталады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет