Геометрия, 7 сынып



бет20/22
Дата18.05.2022
өлшемі1,72 Mb.
#34849
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
00049b8f-1a657c12

Есептер шығару:

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

№№76, 77, 78, 79


Үйге тапсырма: Қайталау, №80,81,86

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:45


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және оның элементтері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шеңберді және оның элементтерін білу.

Дамытушылық: Шеңбер және оның элементтері арқылы есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарына жауап беру

Жаңа тақырып:

Шеңбер. Жазықтықтың берілген нүктеден бірдей ара қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбер центрі деп, ал шеңбердің кез-келген нүктесінен оның центріне дейінгі қашықтықты радиусы деп атайды. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесіндіні хорда деп, ал центр арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. Әрбір диаметр екі радиустан құралады, сондықтан оның ұзындығы екі радиусқа тең. Төбесі шеңбердің О центрі, ал қабырғалары шеңбер радиустары болатын бұрыш центрлік бұрыш деп аталады.

Шеңбер өзінде жатқан екі нүкте арқылы екі бөлікке бөлінеді. Бұл бөліктер шеңбер доғасы деп аталады.

Шеңбер мен түзудің екі ортақ нүктесі, бір ортақ нүктесі немесе ортақ нүктелері мүлде болмауы мүмкін. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзуді жанама деп, ал осы ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет