«Геометрия» пәнінен Жиынтық бағалауға арналғанәдістемелік ұсыныстар 10-сынып



бет2/5
Дата10.04.2023
өлшемі198,7 Kb.
#81182
1   2   3   4   5
Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

  1. Берілген символдық жазу бойынша сызбаны салып, дәлелдеңіз:

(𝛼 ∩ 𝛽) = 𝑎, 𝑃 ∈ 𝑎, 𝑄 ∉ 𝛽 ⇨ 𝑃𝑄 ⊄ 𝛽



  1. Төменде АВСDA1B1C1D1 текшесінің суреті берілген. Келесі түзулер жұбының орналасуын анықтаңыз:

    1. QP және AD1, мұндағы Q және Р сәйкесінше DD1 және AD кесінділерінің орталары;

    2. AD1 және A1P;

    3. MN және AD1, мұндағы M және N сәйкесінше A1B1 және BB1 кесінділеріне тиісті;

    4. CD және A1 P;

    5. MN және AB?

Қиылысатын түзулер үшін қиылысу нүктесін анықтаңыз, ал айқас және параллель түзулер үшін сәйкес белгіні қолданып жазыңыз.





  1. АВ кесіндісі 15 см-ге тең және α жазықтығында жатыр. С нүктесі α жазықтығына тиісті емес. К және М нүктелері сәйкесінше АС мен ВС кесінділерінің орталары.

а) КМ түзуінің α жазықтығымен ортақ нүктелері болуы мүмкін бе? Жауабыңызды негіздеңіз.
b) К және М нүктелерінің арақашықтығы неге тең?




  1. a және b түзулері О нүктесінде қиылысады. Олар 𝛼 және 𝛽 параллель жазықтықтарын суретте көрсетілгендей, А, А1, В, В1 нүктелерінде қияды. АВ және ОВ1 ұзындықтарын табыңыз.




Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Стеореметрия аксиомаларын және олардың салдарын қолданады

1


қиылысушы жазықтықтарды салады;

1

сызбада PQ-дің β-ны қиғаны көрінеді;

1

аксиомаларды/салдарларды қолданып тұжырым жасайды;

1

Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуын анықтайды

2


параллель түзулерді анықтайды;

1

параллель түзулердің белгісін жазады;

1

қиылысатын түзулерді табады;

1

қиылысатын түзулердің қиылысу
нүктелерін табады;

1

айқас түзулерді табады;

1

айқас түзулердің белгісін жазады;

1

Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін қолданады

3


түзулердің параллельділігін анықтайды;

1

түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін қолданады;

1

ұзындықты анықтайды;

1

Жазықтықтардың параллельдік қасиетін қолданады

4

параллель жазықтықтардың қасиетін
қолданады;

1

үшбұрыштардың ұқсастығын анықтап,
сәйкес қабырғалардың қатынасын жазады;

1


белгісізді табады.

1

Барлығы:

15

Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар өзара орналасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні:




Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Стеореметрия аксиомаларын және олардың салдарын қолданады

Стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын қолдануда қиналады.

Стереометрия аксиомаларын, олардың
салдарларын қолдануда қателіктер жібереді.

Стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын, математикалық символикасын дұрыс қолданады.

Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуын анықтайды

Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуын анықтауда қиналады.

Кеңістіктегі параллель/ айқас/ қиылысатын түзулерді анықтауда қателіктер жібереді.

Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуын дұрыс анықтайды.

Түзу мен параллельдік қолданады

жазықтықтың
белгісін

Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін қолдануда қиналады.

Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін қолданады, бірақ жауапты негіздеуде қателіктер жібереді.

Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін дұрыс қолданады.

Жазықтықтардың параллельдік қасиетін қолданады

Жазықтықтардың параллельдік қасиетін қолдануда қиналады.

Жазықтықтардың параллельдік қолданады, есептеулерде жібереді.



қасиетін
бірақ қателіктер

Жазықтықтардың параллельдік қолданып, есепті шығарады.

қасиетін дұрыс



    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Тақырып

Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш Перпендикуляр және көлбеу
Үш перпендикуляр туралы теорема

Оқу мақсаты

10.2.6 Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу
10.3.5 Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу
10.3.1 Үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрышты табады

  • Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын қолданады

  • Үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

  1. ABCDA1B1C1D1 - текше. A1B1 және C1D1 қырларында сәйкесінше N және M нүктелері берілген, MDC NBA 600 . NB және MD кесінділері арасындағы бұрышты табыңыз.





  1. M нүктесінен 𝛼 жазықтығына MA, MB көлбеулері және MO перпендикуляры жүргізілген.

    1. көлбеулердің 𝛼 жазықтығына проекциясын салыңыз;

b) егер 𝐴𝑀𝑂 = 600, 𝐵𝑀𝑂 = 450, 𝑀𝑂 = 16 см болса, проекциялардың ұзындығын табыңыз.





3. a түзуі ABC жазықтығына перпендикуляр, үшбұрышы тікбұрышты: 𝐶 = 900.
MC кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
MD 13 см, АС=15см, ВС=20см. АВС



Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрышты табады

1


NB немесе MD түзуін екінші түзумен қиылысқанша параллель көшіреді;

1

NB және MD кесінділері арасындағы бұрышты анықтайды;

1

Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын қолданады

2a

көлбеулердің проекцияларын салады

1

2b

бұрыштың тангенсінің анықтамасын
қолданады;

1

теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың
қасиетін қолданады;

1

проекциялардың ұзындықтарын табады;

1

Үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады

3


ABC тікбұрышты үшбұрышына
Пифагор теоремасын қолданады;

1

гипотенуза ұзындығын есептейді;

1

үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;

1

үшбұрыштың тік бұрышынан түсірілген биіктіктің ұзындығын табады;

1

ізделінді кесінді ұзындығын табады;

1

Барлығы:

11

«Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні:





Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрышты табады

Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрышты табуда қиналады.

Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрышты табуда қателіктер жібереді.

Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрышты дұрыс табады.

Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын қолданады

Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын қолдануда қиналады.

Кеңістіктегі перпендикуляр / көлбеу анықтамаларын қолданады, бірақ көлбеудің проекциясын табуда қателіктер жібереді.

Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын дұрыс қолданады.

Үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады

Үш перпендикуляр туралы теореманы қолдануда қиналады.

Үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады, есептеулер жүргізуде қателіктер жібереді.

Үш перпендикуляр туралы теореманы дұрыс қолданып, есептің шешімін дұрыс табады.

    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Тақырып

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш
Екі жазықтық арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрыш Кеңістіктегі арақашықтық

Оқу мақсаты

      1. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу

      2. Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу

      3. Нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет