«Геометрия» пәнінен Жиынтық бағалауға арналғанәдістемелік ұсыныстар 10-сынып



бет3/5
Дата10.04.2023
өлшемі198,7 Kb.
#81182
1   2   3   4   5
Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың шамасын табады

  • Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) шамасын табады

  • Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

  1. ABCDA' B'C' D' бірлік текшесі (куб).

а) ABC жазықтығы мен AC' түзуі арасындағы бұрыштың косинусын табыңыз;


b) егер M нүктесі AB қырының ортасы болса, онда MA’D және CA’D
жазықтықтарының арасындағы бұрыштың косинусын табыңыз.



  1. А нүктесінен жазықтығына ұзындығы 17 см болатын көлбеу жүргізілген. Осы көлбеудің жазықтығындағы проекциясы 15 см-ге тең.

Есептің шарты бойынша сызбаны салыңыз және А нүктесінен 𝛼 жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыштың шамасын табады.



түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты
кескіндейді;

1

кубтың диагоналін есептейді;

1

тікбұрышты үшбұрыштағы қатынасты
қолданады;

1

түзу мен жазықтық арасындағы
бұрыштың косинусын табады;

1

Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) шамасын табады



1b

сызбаны салады;

1

МA1D және CA1D жазықтықтары A1D
түзуі бойымен қиылысатынын анықтайды;

1


MA1D теңбүйірлі үшбұрышының
медианасы A1D -ға перпендикуляр болатынын көрсетеді;

1


MA1D және CA1D жазықтықтары арасындағы екіжақты бұрышты
анықтайды;

1


тікбұрышты үшбұрыштағы сүйір бұрыш
тангенсінің анықтамасын қолданады;

1

жазықтықтардың арасындағы бұрышты табады;

1

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табады

2

сызбаны салады;

1

А нүктесінен жазықтыққа дейінгі
қашықтықты сызбада көрсетеді;

1

нүктеден жазықтыққа дейінгі
қашықтықты анықтайды;

1

Барлығы:

13

«Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні:





Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың шамасын табады.

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың шамасын табуда қиналады.

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың шамасын табуда қателіктер жібереді.

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың шамасын дұрыс табады.

Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) шамасын табады.

Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) шамасын табуда қиналады.

Жазықтықтар арасындағы бұрышты (екіжақты бұрыш) анықтайды, бұрыштың шамасын табуда қателіктер жібереді.

Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) шамасын дұрыс табады.

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табады.

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табуда қиналады.

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табуда қателіктер жібереді.

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты дұрыс табады.

«Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Тақырып

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі Екі нүктенің арақашықтығы
Кесінді ортасының координаталары Сфера теңдеуі

Оқу мақсаты

      1. Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесін жазықтықта кескіндей алу және оны сипаттау

      2. Кеңістіктегі екі нүкте арасындағы арақашықтықты таба білу

      3. Кеңістіктегі кесінді ортасының координаталарын таба білу

      4. Сфера теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет