Екі көзден пайда болған интерференциялық бейнені есептеу. Егер центрлік максимумнан бақылау нүктесіне дейінгі арақашықтық болса, интенсивтіліктің максимумы, ал болғанда минимумы бақыланады.
Екі көрші максимум (минимум)дардың арасындағы арақашықтықты интерференциялық жолақтың ені деп атайды. Оны келесі өрнекпен келтіреді.
Жазық параллель пластинкадан пайда болатын интерференция. Интерференциялық максимум және минимум шарттары:
, (максимум); , (минимум). (d — қабыршақ қалындығы; п — оның сыну көрсеткіші; түсу бұрышы; сыну бұрышы; т = 1 , 2, 3, ....
Жазық параллель пластинкаға тең бұрышта түскен сәулелердің қабаттасуы нәтижесінде пайда болатын интерференциялық жолақтар тең көлбеу жолақтар деп аталады.
Пластинка мен линзаның түйіскен орнында (центрі) қараңғы дақ байқалады, ол ауа саңылауының төменгі бетінен шағылғанда толқын фазасы -ге өзгеруімен байланысты. Сақиналардың сәйкес радиустарын өлшей отырып, 0 арқылы линзаның қисықтық радиусын табуға болады.
Егер жарық пластинкаға бірқалыпты түссе, қалыңдығы бірдей жолақтар сынаның жоғарғы бетінде жиналады. Қалыңдығы бірдей жолақтың мысалы ретінде Ньютон сақиналары алынады. Ол центрлес сақиналар.
Линзаның жазық беті пластинканың бетіне параллель және жарық осы бетке қалыпты түссе, Ньютон сақиналарының центрлері линза мен пластинканың түйіскен О нүктесіне сәйкес келеді.
Шағылған жарықта оптикалық жол айырымы с»кесінше мұндағы ауаның сыну көрсеткіші n=1, түсу бұрышы і=0 және d – саңылау ені:
, мұндағы R–линзаның қисықтық радиусы, r – барлық нүктелерге бірдей d саңылауы сәйкес келетін шеңбердің қисықтық радиусы. d аз екенін ескере отырып, аламыз. Онда .
m-ші қараңғы сақина радиусы үшін:
(m=0, 1, 2, …)
және m-ші жарық сақина үшін:
(m=1, 2, 3)
Пластинка мен линзаның түйіскен орнында (центрі) қараңғы дақ байқалады, ол ауа саңылауының төменгі бетінен шағылғанда толқын фазасы -ге өзгеруімен байланысты. Сақиналардың сәйкес радиустарын өлшей отырып, 0 арқылы линзаның қисықтық радиусын табуға болады.
Интерференция құбылысы интерферометрлердің – оптикалық қондырғылардың құрылысы негізінде жатады, интерферометрлердің көмегімен кеңістікте жарық шоғын екі немесе одан да көп когерентті шоқтарға бөлуге және олардың арасына анықталған жол айырымын құруға болады. Осы шоқтар қосылғанда интерференциялық бейне пайда болады. Когерентті шоқтар алу әдістері көп, сондықтан интерферометрлердің конструкциялары да көп. Интерференцияланатын жарық шоқтарының санына байланысты интерферометрлер екісәулелі (Майкельсон интерферометрі) және көпсәулеліге (Фабри-Перо интерферометрі) бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |