Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы


Жарық толқындарының қасиеттері. Фотометриялық шамалар



бет8/40
Дата07.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#20448
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Байланысты:
оптика лекция

Жарық толқындарының қасиеттері. Фотометриялық шамалар.

Жарық энергиясы. Жарық ағыны. Жарық толқындары тасымалдайтын энергия жарық энергиясы немесе сәулелік энергия (W) деп аталады. Егер жарық таралған кеңістікте кішкене ауданша бар болса, одан үздіксіз сәулелік энергия ағып өтіп жатады. Берілген ауданнан уақыт бірлігі ішінде өтетін сондай энергия мөлшері сәулелік энергия ағыны (Фэ) деп аталады; оны қуат өлшеу бірлігімен мысалы, Вт- пен өлшеуге болады.

Сәулелік энергия ағынының көзге әсер етіп, көру сезімін туғызатын бөлігі жарық ағыны (Ф) деп аталады. Электромагниттік толқындардың бәрі бірдей көру сезімін оята бермейді, тек толқын ұзындықтары, шамамен, 0,4 мкм-ден 0,76 мкм-ге немесе 400 нм-ден 760 нм-ге дейін түсті сәулелер ғана көру сезімін тудырады. Оның өзінде де адамның көзінің түрліше

түсті сәулелерді сезу дәрежесі бірдей емес. Көз толқынының ұзындығы 555 нм-ге тең жасыл сәулені өте сезгіш-ақ, оған жапсарлас қысқа және ұзын толқынды түсті сәулелерді көз одан гөрі нашарлау сезеді. Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер, тіпті, көрерлік сезім туғызбайды, оларды көз көрмейді. Сөйтіп көздің түрлі түсті сәулелерді сезгіштігі сәуленің толқын ұзындығына тәуелді. Сонымен қабат әр адамның көзін бір түсті сәулені сезгіштігі әр түрлі болады. Сондықтан практикада көздің «орташа» жарық сезгіштігі деген ұғым пайда болады. Орташа сезгіштік өзінің ақауы жоқ көптеген кісілердің көруін зерттеу арқылы тағайындалады. Адам көзінің толқынының ұзындықтары өр түрлі жарық сәулелерін “орташа”салыстырма сезгіштігін сипаттайтын шама көріну функциясы () деп аталады. Бұл функцияның сан мәні түсті түрлі сәулелер үшін әр түрлі болады. Адамның көзі өте жақсы сезетін толқын ұзындығы 555 нм-ге тең жасыл сәулеге тән көріну функциясы =1 деп саналады, сонда басқа түсті сәулелерге тән мәндері бірден кем (<1) болады. Көрінетін жарықтан тыс жатқан сәулелерге тән =0 болады. Көріну функциясының жарық толқыны ұзындығына байланысты қалай өзгеретіндігі 1-суретте график түрінде көрсетіліп отыр. Бұл қисықты халықаралық жарықтандыру комиссиясы ұнатқанды.

Жарық ағыны көріну функциясы мен сәулелік энергия ағынының көбейтіндісіне тең болады. Егер -ға таяу енділігі d спектр участогына келетін сәулелік энергия ағыны dФэ болса, спектрдің сол участогына тән жарық ағыны dФ былай өрнектеледі:

dФ=Vэ (1)

Сонда көрінетін спектрге келетін толық жарық ағыны мынаған тең:

Ф= (2)

Мұндағы мен - спектрдің екі шетіне сәйкес жарық толқын ұзындықтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет