Гималай (санскр. हिमालय, himālaya, «қарлардың мекені», хинди हिमालय, непал. हिमालय, қыт. 喜馬拉雅山脈) — жер бетіндегі ең биік тау жотасы.
Тибет таулары мен Үнді-Ганг жазығы аралығында орналасқан. Үндістан, Непал, Қытай, Пәкістан, Бутан елдері территориясында орналасқан. Бұл елдердін шекарасы шартты түрде осы тау жүйесінің ыңғайына қарай бөлінген. Гималайда ең биік шыңдар жинақталған. Олардың орташа биіктігі шамамен 7000 метр, ұзындығы – 2400 шақырым, ал ені – 320-400 шақырым. Жер бетіндегі ең биік шың Джомолунгма (Эверест) (теңіз деңгейінен 8848 метр биік)) осында орналасқан. Гималайда биіктігі 8000 метрден асатын шың бар. Гималай жердің 0,4% алып жатыр. Оның жалпы аумағы 153295000 шаршы км.
Гималай - Жер шарындағы аса биік тау жүйесі. Тау тым шалғайда жатқандығына қарамастан, ескі аңыз-ертегілер, батырлар жырлары арқылы қазақтарға да жақсы таныс болған. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында Шыңғысханның жорық жолын көрсететін қазақтардың «Самарқанның сары жолы, Бұланайдың тар жолы» деген мақалын келтіре отырып, «Бұланай деп Гималайды айтқаны ма, Үндукеш тауы ма?» деген жорамал жасайды. Үнді мифологиясына сәйкес, Гималай «Шива» құдайының баспанасы саналады. Непал елінде Гималайды «Samgarmatha» деп атайды. Ол «Жер жүзінің құдайы» деген мағынаға ие.
Гималай жотасы осыдан 70 миллион жыл бұрын Үнді-Австрия және Еуразия құрлықтарының соқтығысуы кезінде пайда болған. Үнді-Австралиялық платформа жылына 67 мм жылжиды. Ол 10 миллион жылдан соң 1500 шақырымға жетеді. Гималай шыңдарының климаты әркелкі. Альпинистер жоғарыға көтерілген кезде жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні секілді табиғи кедергілерге тап болады. Жыл сайын Эверест шыңына көтерілу кезінде бірнеше адам құрбан болады екен. Гималай тауында қарлы шыңдардан басқа жасыл далалы алқаптар бар. Гималай бөктерінде өсетін емдік өсімдіктер – нағыз табиғи және таза өсімдіктер. Таудың жоғарғы бөлігінде оттегінің жетіспеушілігі мен желдің қатты соғуына байланысты ешқандай өсімдік өспейді. Гималайда өмір сүретін жануарлар мен өсімдіктер үнемі қауіп қатер үстінде болады. Себебі, орманды жерлердің азаюына байланысты жануарлар мекені қысқаруда. Гималай Антарктида мен Арктика жерінен кейінгі қар мен мұздың шоғырлануы бойынша үшінші орынды алады. Гималай тауының таулы жүйесі ең жас таулы жүйе ретінде қабылданған. Ондағы өзендердің жасы таудың жасынан әлдеқайда үлкен. Гималай өзендері: Ганг, Инд, Брахмапутра, Меконг, Янцзы.
1953 жылы 29 мамыр күні Эдмунд Хиллари мен Тенцинг Норгей Эверест шыңын алғаш рет.
Достарыңызбен бөлісу: |