Гімелер, аудармалар


«1924 жылғы емле жойылсын»



Pdf көрінісі
бет84/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   106
«1924 жылғы емле жойылсын»
. – Бұл ұсул жа-
дидтен кейін Ахмет Байтұрсыновтың жасаған емлесі еді. Оны 
төте жазу
деп те атайтын. Қазақтың сөздік, дыбыстық жүйесіне 
ыңғайластырылып жасалған бұл емле жиырмасыншы жылдардың ор-
тасында халқымыздың жазу тарихында үлкен қызмет атқарды. Осы 
22–1247


емлені Қытайдағы қазақтар мен тағы басқа елдерде күні бүгінге дейін 
қолданып келеді.
2. 73-бет. 
«Осы қаулы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған 
күннен бастап»
– «Еңбекші қазақ» – Қазақ облыстық комитеті мен 
Қазақ орталық атқару комитетінің, кейін РК(б)П Қазақстан өлкелік 
комитетінің, Орталық атқару комитетінің органы. Газет 1921–1932 
жылдар аралығында шығып тұрды.
3. 4. 73-бет. 
«Қазақ тіліндегі барлық кітап, газет-журнал, штем-
пель, печать, кеңсе қағаздары, жарлық, этикет»
– Жаңа емле, ки-
рилл харпіне көшіру барлық саланы тұтас қамтуы керек, осы емле-
мен жазылмайтын нәрсе қалмауы тиіс. Осындағы 
штемпель
деп хат-
хабарлардағы почтада соғылатын белгіні және әртурлі туарлаға жап-
сырылатын қағаз этикетканы айтып отыр.
Т. Әкімов


331
ҚАЗАҚСТАН ШАРУАСЫНЫҢ ҚАЛПЫ МЕН БАЙЛАУЛЫ 
ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Мақала 1925 жылы «Лениншіл жаста» (№ 7) жарияланды. Жур-
налист Р. Сарғожин мақаланы 1990 жылғы «Арай» журналында (№ 
1. 18–19-беттер) қайта бастырды. Елу томдық академиялық толық 
басылымға сол жарияланымдар салыстырылып жіберіліп отыр.
Осы мақалаға социологиялық талдау жасаған тарих ғылымының 
кандидаты Әзімбай Ғалиев: «Мұхаңның сонау 1925 жылы көшпелілікті 
нағыз отырықшылыққа ауыстырмаса, қазақ жұртының дағдарысқа 
ұшырай ты
 
нын байқағанына бүгінде таң-тамаша қалмасқа болмайды. 
Шағын ғана осы мақа ласы бүгінгі қоғамдық өмірімізді қайта құру 
проблемаларымен соншалықты өзектес» деген пайымдауларын айта-
ды. Шынында да, М. Әуезовтің сол кездердің өзінде-ақ қазақ өмірі мен 
тұрмысына қатысты көтермеген, сөз етпеген мәселесі кемде-кем еді. 
Ал отырықшылық, егіншілікпен айналысу ісіне байланысты ойларды 
1918 және одан бергі жылдарда жазған мақалаларында ұдайы құлақ 
қағыс етумен келді. 1921 жылы өзі губерниялық атқару комитетін 
басқарып тұрған кезінде бұл жағына баса назар аударды. Ондай іспен 
айналыспайынша елден аштық арылмайды деп ұғынған ол ел арасын-
да коммуна ұйымдастырып, оны басқара алады-ау деген адамдарды 
икемдеуді жөн деп тапты. Ондай ойын Шыңғыс өңіріндегі Бақанас 
өзені бойынан жүзеге асырудан бастады, оны басқаруға Абайдың 
інісі Ысқақтан тараған Кәкітайұлы Әрхамды таңдады. Осы жерден 
бастауының себебі, суы мол, егіншілікке қолайлы десе, екіншіден
мұның маңайындағы Шұбартау, Балқаш жағындағы елдерге әсері 
тиеді деп ойлады.
Бұған дейін қазақ елі егінші жатақ, малшы көшпелілікпен өмір 
сүріп келді, екеуінің де жеткен жері күн көргіштіктен, тамақ асыра-
удан аспады, бар тапқаны өлі байлық болып қала берді – онысы ел 
байлығына есептелінбеді. «Бұлай кете берсе, ел байлығына қосары, 
ілгерілетері болмайды, сол үшін халықты отырықтандыру керек
шаруашылығын көтеріп, өлі күйден қатынасқа айналдыру қажет» де-
ген ой М. Әуезовті осындай әрекеттерге барғыздырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет