Гімелер, аудармалар


Т. Жұртбай 337 БАРЫМТА



Pdf көрінісі
бет86/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   106
Т. Жұртбай


337
БАРЫМТА
Әңгіме тұңғыш рет «Таң» журналының 1925 жылғы 1-санында 
«Қанды түн» деген атпен жарияланды. Соңына «Мұхтар» деп қол 
қойған. Бұдан кейін жазушының 1936 жылы жарық көрген «Қараш-
Қараш» атты жинағына енді. 1960 жылы шыққан аттас жинақта 
қайталап басылды.
Үш басылымның арасында біршама айырмашылықтар бар. Оқиға 
желісі сол күйінде сақталып қалғанымен де, 1936 жылғы басылымда 
әңгіме көптеген түзетулерге ұшыраған. Кейбір сөздер мен сөйлемдер 
стильдік тұрғыдан жөнделіп, жаңаша құрылған. Басы артық деген 
теңеулер мен баяндаулар алынып тасталған. Кей тұстарға жаңадан 
сөздер қосылған.
Салыстыра отырып қарағанда, жазушы әңгіменің алғашқы 
нұсқасындағы ұлттық бояулар мен байлардың психологиясын, 
барымтаның түпкі себептерін кеңейте суреттеген тұстарын ба-
рынша қысқартып, жалпылама бейнелеуді мақсат еткені байқалып 
қалады. «Қанды түнде» ер мінезді дала адамдарының ерлік рухын, 
жылқышылардың әр тұлғасын сүйсіне баяндаған авторлық іштарту 
басымырақ аңғарылса, «Барымтада» Қалбағай мен Қонақайдың 
арасындағы қақтығысқа таптық сыпат беру нышаны қылаң береді. 
Негізгі кақтығыстың себепкері – екі кедейді арандатып отырған До-
сбол мен Айдар байдың өзара жаулығы деген емеуірін танытады. Ал 
бұл шығарма әуел баста жазушының сол кезде ұстанған көркемдік 
ізденісі мен ұстанған бағытына байланысты. Қонақай мен Қалбағай 
бейнелері арқылы даланың ержүрек серілерінің – рыцарьларының 
қауіп-қатерге толы тағдырын әсірелеп суреттеу ниетінен туған еді. 
Таптық тартыс емес, тағдыр талқысы басты нысана болатын. Бұл 
әңгіменің кейінгі нұсқасындағы жаңадан қосылған қорытынды 
сөйлемнен анық байқалады.
Жазушы шығармаларының он екі, жиырма томдық жинағына 1960 
жылы шыққан «Қараш-Қараштағы» нұсқасы бойынша енгізіліпті. 
Осы басылымға да сол нұсқа негіз етіп алынды. «Таң» журналындағы 


338
нұсқасымен са лыс тырғандар – Сұңқар Жұртбаев пен Мұқаш 
Қожахметұлы. Әңгіме орыс ті лі не аударылып басылған. Аударғандар 
В. Дудинцев пен Н. Гордеева. Ол Москва да басылған М. Әуезовтің бес 
томдық шығармалар жинағының 1-томында (М., 1973) жарық көрді.
Жазушының «Таң» журналында «Қанды түн» деген атпен 
жарияланған әңгімесіндегі кейіннен өзгеріп, қысқартылып, өңделген 
тұстары мыналар:
1. 87-бет. «... тыныс алғандай еді». Өзек бойында шашырап қонған 
ақ ауыл дар әр жерде ұядағы жұмыртқадай жарастықпенен қатарланып, 
үйіліп отыр еді».
2. 88-бет. «... Кең өзекті жүдетіп, тербеткендей еді».
3. 88-бет. «Кейбір жерошақтарда бірде үзіліп, бірде қайта қозданып, 
жалпылдап жанған оттар көрінеді. Түндігі жабылмаған үйлердің 
шаңырағынан кызғылттанған жарық көрінеді. Қызғылт сәуле тіршілік 
белгісіндей болып көзді тартады. Ауылда жатпаған үйлер – кешірек 
жататын байлар үйі еді».
4. 88-бет. «... болуына себеп болып еді».
5. 88-бет. «Осы екі ел басты кісілерінің бір-біріне сөз өткізем деген 
бәс-таласынан, бақ күндестігінен болса да, тентектеу бір саяқтарының 
ел бүлдірген мінезінен болса да, әйтеуір көп заманнан бері бір-біріне 
уыққан, аңдысып-шатасқан ел болатын. Соңғы екі жылдан бері екі ел 
бір-біріне біржолата өштесіп, қолдан келген қастықтарын аяспайтын 
болып еді».
6. 89-бет. «... сансыз көп берген арыздарынан кей уақыттарда ай-
лар, жылдар өтсе де, жауаптар келмей қалатын».
7. 89-бет. «Сондықтан».
8. 89-бет. «...неше түсті әңгімелері болған».
9. 89-бет. «... оқиғалардың».
10. 90-бет.. «Тағы не болар екен?» – десіп күрсініп, ізденген бозба-
ла, ер-азамат аты мен сойылын сайлап, елең қағып іздене бастайтын».
11. 90-бет. «Досболдың тілеуіндегі елдің көбі ыстығына күйіп, 
суығына тоңбақ болып, екі елдің арасы алыстағанша бұның ауылымен 
бірге қонып, бірге көшпекші еді».
12. 91-бет. «Ол – өзінің жылқышысы Қалбағай болатын. Қалбағай 
отыз бес жастардың шамасына келген кең жауырынды, дөңгелек 
денелі, өзгеден ерекше біткен қайраты мен жүрегі бар, шоқша сақалды 
қара жігіт еді. Қалбағайдың «Қарағандыдан шыққан жаудың албасты-
сы» деген аты Терісаққанға түгел жайылған болатын».
13. 91-бет. «Жалқы да Қалбағайды танығандай еді: нелер шу асау-
лар Қалбағай боз айғырымен қуғанда, қалтырап қаша алмайтын».


339
14. 91-бет. «Қалбағай жұртты мазақ қылып: «Жаман ауылды кім 
алмаушы еді, жаман жігітті кім жықпаушы еді. Жауды көрсе буыны 
босап кететін жігітке жауға шауып не керек», – дейтін.
15. 91-бет. «Бұл хабарды ауылға түйеші екінті кезінде келіп айтқан. 
Сондықтан...».
16. 92-бет. «... бұл Қарағанды мықтап сайланып, соқтығуға лайық 
еді. Өйткені Айдардың алдында екі рет аттандырған кісісі түк ала ал-
май, таяқ жеп, сүргін болып, қашқылық, қуғылықпен зорға құтылған. 
Бірен-саран түскені де болған. Оның үстіне, Досбол отыз жылқысын 
алдырып, жауап бермей қойған. Сонымен соңғы уақытта Қарағанды 
жақтан жансыздап келген хабар: «Айдар Қалбағайдың да атын естіп, 
мықты ұрыларды жиып жатыр, үлкен қолмен келіп бір соқтықпақшы», 
– деген. Айдардың қолының ішінде бұл жолы Қонақай мен Жоламан да 
болады деген сөз бар еді. Қонақай, Жоламан бір ағайынды ұрылар бо-
латын. Бұлар жалғыз екі болыс ел емес, осы маңдағы жапсарлас елдің 
бәріне аты шыққан, әрі жырынды, әрі мықты ұрылар болатын. Бұлар 
талайды зар қақсатқан жайлаудың қасқырындай ұрының көкбөрісі еді. 
Тынымсыз ұры, зорлықшыл Тентек болғандықтан, бұларды көрсетуші 
көбейіп, аяғында үйез бен маңайдағы приставтарға аттары белгілі 
болып, бұларды қуып жүретін, қазір де бұның екеуі де аты шыққан 
қашқын еді. Соңғы кезде орыс әлденеше қуып келіп ұстай алмай, ала 
алмай қайтқан. Орыстың қолына түспеген соң, бұлар қазақ қолына 
тіпті түспейміз деп, бұрынғысынан да асқан болатын. Өздері үнемі 
қаруымен, үнемі мылтық, қанжармен жүреді деп жүріп, шошысып 
аңыз қылысатын.
«Осы Қонақай мен Жоламанды Айдар бауырына тартып, Досболға 
бір жолға қарсы салмақ болып жүр» деген хабар болған».
17. 93-бет. «Үйдегі тегіс тына қалып: «Мұ не?» – десіп елеңдеп, 
кейбіреу жүгірісіп тысқа шыққанда, түн ортасында айқын шыққан 
«Аттан!», «Аттан!» – деген көптен күткен суық сөз саңқ-саңқ етіп 
естіліп қалды. Сол дауыспен аралас жер жаңғырықтырып, тасты жер-
де сатырлап шапқан көп аттың сарынымен сатырлап, қатты қағысып 
жатқан ағаш дауысы да естілгендей болды».
18. 93-бет. «Ат-айғырлар кермеде тықыршық атып шыдай алмай, 
басы байлаулы болса да, кермеде сүзіп жөнеліп, еліріп, тынышсызда-
нып тұр еді. Бұ лардың кейбірі асығып келген жігіттерді шыр айналып, 
сабырсызданып, мінгізбей де алып жөнеліп жатты. Көп қарбаластың 
ішінде түгелімен тысқа шығып қалған ауылдың кәрілерінің: «А, 
Құдай, сақтай көр! А, Құдай, жаманшылығыңнан сақта!» – деген, 
шын жалбарынып, шын тілеген тілектері, зарлары естіледі».


340
19. 93-бет. «А, Құдай, ақсарбас! Жалғыздың жары – Құдай! – деп 
тілеу тілеп жүрді».
20. 93-бет. Бұл ара түгелдей жаңадан жазылған.
21. 94-бет. «...жеті түнде шулап».
22. 94-бет. «...ауылдағы тұрған».
23. 94-бет. «...тарс-тарс».
24. 95-бет. «...жылқыға жау тиетін, түн бола бастаған сайын асығып 
күткен еді. Қалбағай ымырыт жабылған соң, күндіз бір талай мініліп 
қоя берілген боз айғырды қайта ұстап, мініп алған».
25. 95-бет. «...жаудың қалың шоғыры шыға келді».
26. 95-бет. «...өзектегі жалқыға қарай құлай шапты».
27. 96-бет. «Жау қарасынан бір он екі кісі: «Қайт! Қайт!» – деп 
қарсы шапты. Аралары жақын болып, қоян-қолтық келіп қалған жа-
улар ай сәулесімен шағылысқан ақ сойылдарды айдынмен көтерісіп, 
шатыр-шұпыр араласып, сарт-сұрт ұрысып қалды».
28. 96-бет. «...көп сойылды тигізбей шығады».
29. 96-бет. «...шаңын боратып».
30. 97-бет. «...қақтығып, жылдам шыға алмай қалып».
31. 97-бет. «...ұйытқып».
32. 97-бет. «...жарып алып жөнелмекші болды. Бірақ Қалбағай 
бастаған жылқышылар бұларды шашау жайылдырмайтын сияқтанды».
33. 97-бет. «...кезек-кезек машина жылдамдығындай жылдам-
дықпен сойыл дап, айқайды салып отырып қақ жарып шықты, бұл кез-
де...».
34. 98-бет. «...жылқышылармен қалмағаны үшін соғысып, жазалап 
кетуіне орын кең болды».
35. 98-бет. «...жолдастарына Қалбағай құтқартпай қойған. Бірақ 
оның орайына жылқышылардың да саны кеміп еді».
36. 98-бет. «...шоғырымен келіп араласып кетті. Бұл арадағы ұрыс 
барлық бү гінгі түндегі асығыс қарбаластағы ұрыстардың бәрінен бөлек, 
ең ірі ұрыс еді».
37. 98-бет. «...үлкен топ болып кетті. Намысқа тыртысқан, жігіттің 
ерлік аты үшін жанын отқа салып, қырқысқан тобы түн тыныштығына 
ерегескендей болып, секөнт сайын жапыр-жұпыр көтеріліскен сойыл-
дарды жиі-жиі тигізіп, соғысты қыздырып бара жатты. Бұл уақытта...».
38. 99-бет. «Қонақай сол арада аңғарып, құлағы шалып қалды. Ау-
ылдан шапқан қалың шу бұларға қазір жақындап қалған екен».
39. 100-бет. «...алдына қарай құлап еді... Жасқанып атқан оқ дәл 
жүрегінен тиген Қалбағай да мылтықтың түтіні айыққанша ат үстінде 
жоқ болып, Қонақайдың үстіне бүктетіліп түсті».
40. 100-бет. «Кейінгі қуғыншы да азаматтық биігінің басына 


шығып өлген Қалбағайдың басында шулап жылап, үйіліп қала берді. 
Жарық айлы бүгінгі түн – қаралы қанды түн болды».
Жазушы әңгімеге сол кездің әсіре тапшылдық талабына орай сы-
пат беруге мойынсынып, алғашқы нұсқасын соңына: «Өз намысы 
оянбаған екі бейбақ, асығы түгел әлдекімнің намысына итаршылық 
жасады да – жайрап түсті қос арыс!» деген сөйлемді қосқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет