Гистология 1 рк 1- жасуша емес құрылымдар – симпласт және жасуша аралық зат жасуша туындылары ретінде. Синцитий


Мейоз-бұл жыныс жасушасының бөлінуі және диплоидты хромосома саны гаплоидтыға төмендейді



бет13/14
Дата20.11.2022
өлшемі66,83 Kb.
#51350
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Гистология 1 рк

Мейоз-бұл жыныс жасушасының бөлінуі және диплоидты хромосома саны гаплоидтыға төмендейді.Мейоз екі кезеңнен тұрады:МейозІ-редукциялық бөліну және МейозІІ-эквационды бөліну.
МейозІ-редукциялық бөлінуде хромосомалар саны екі есеге азаяды.Ол төрт фазадан тұрады.
*ПрофазаІ
*МетефазаІІ
*АнафазаІІІ
*ТелефазаIV
ПрофазаІ-бес сатыдан тұратын күрделі үрдіс.1-лептотена;2-зиготена;3-пахитена;4-диплотена;5-диакинез;
Лептотена сатысы жіңіщке жіпшелер сатысы.Бұнда хромосомалар ширатылып,жіпшелер екі еселеп шумақ түзеді.
Зиготена сатысында гомологтық хромосомалар жақындасып,бүкіл ұзына бойы бір-бірімен беттеседі.Осы кезде хромосомалар конъюгацияланып,бивалент түзеді.Бивалент-бұл екі еселенген гомологті хромосомалардың жұп қосылыстары,яғни әрбір бивалент төрт хроматидтен тұрады.
Пахитена сатысы жуан жіпшелер сатысы.Мұнда хромосомалар ширатылуы мен қатар олардың қысқаруы сияқты процестермен қатар,кроссинговер процесі жүзеге асады.Кроссинговер кезінде хромосомалар ішінде генетикалық ақпараттар алмасады.
Диплотена-жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы.Мұнда жұптасқан гомологтық хромосомалардағы хроматидтер бір-бірінен ажырай бастайды,бірақта айқасқан учаскелер әлі де болса байланысып Х әрпіне ұқсас пішін береді.Мұны хиазмалар деп атайды.Хиазма аймағында төрт хроматидтің тек екеуі ғана айқасады.
Диакинезсатысы-қос жіпшелер оңашалану,жекешелену кезі.Бұл сатыда хромосомалар өте күшті ширатылып,қысқарып жуандайды.Хиазмалар саны азайып,биваленттер ядроның шетіне қарай шоғарланады,Осы кезде ядро қабықшасы еріп,жойылады.
МетафазаІ кезеңінде бөліну ұршығы толығымен аяқталады.Олардың жіпщелері хромосомалардың центриомерасына бекінеді.Хромосомалар ары қарай ширатылады.
АнафахаІ кезеңінде екі жақ полюске қарай жиырылған ахроматин жіпшелерімен бірге ір жұптан тұтас бір-бір хромосомалардан тартылады.
ТелефазаІ кезеңінде хромосомалар екі есе кеміген жас жасушалар түзіледі.Бұл жас жасушалар бір-бірімен гендер жиынтығымен орын ауыстыруымен және хромосомалар санымен ажыратылады.Сонда жасушада екі ядро пайда болады.
Екінші мейоздық бөліну
ПрофазаІІ кезеңі өте қысқа болып,хромосомалар ширатылып,жасуша бірден метафазаІІ-ге көшеді.
МетафазаІІ кезеңінде хромосомалар жасушаның экваторына жиналып,олардың центромералары бөліне бастайды.
АнафазаІІ кезеңінде хромосомалардың центриомерасы бөлініп,хроматидтері ажырайды.
ТелефазаІІ кезеңінде хромосомалардың жіпшелері тарқатылып,ядро мембранасы түзіледі.Бөліну аяқталады.
Мейоздың биологиялық маңызы:
1-Ұрпақтан ұрпаққа хромосомалар санының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді.Егерде гаметалар саны кемімесе ұрықтану нәтижесінде олардың саны ұрпақ сайын артып,сол түрдің белгісі жойылған болар еді.
2-Хромосомалардың комбинациялануы салдарынан тұқым қуалау өзгергіштігі күшейе түседі.
3-Кроссинговер нәтижесінде гендердің алмасуы жүреді.
4-Хромосомалар саны екі есе азайып,гаметалардың түзілуі болып табылады.
22-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет