- Интерфаза (prophasis, гр. pro, inter — арасы, аралығы, phasis — фаза) — жасуша бөлінісінен кейінгі кезең ( митоз бен мейоз), яғни ядроның дем алатын кезеңі.Яғни ядросы бөлінбейді және бастапқы қалпына келмейді.Интерфаза кезінде клетка өсіп, бөлінуге дайындалады. Интерфаза кезінде ең маңызды болып ДНК-ның матрицалық синтезі және хромосомалардың екі еселенуі – S фаза табылады. Бөліну кезеңі мен S фазаның басталуы аралығын G1 фазасы немесе пресинтетикалық фаза деп атайды. Ал S – фаза мен мен митоз аралығын G2 фазасы немесе постситетикалық фаза деп атайды. G1 фазасы кезінде клетка диплоидты, S фаза кезінде плоидтылық 4-ке дейін көбейеді, ал G2 фазасында клетка тетраплоидты.
Интерфазада биосинтетикалық үрдістер жылдамдығы G1 S G2 бағытында өседі. Бұл уақытта клетканың жалпы массасы, оның барлық компоненттерінің массасы және центриольдері екі еселенеді.Және интерфазаның соңына қарай хроматин конденсацияланған, ядрошық жақсы көрінеді, ядро қабықшасы бүлінбеген, органеллалары өзгермеген болады.
Хроматин- ядроның ең маңызды құрамдас бөлігі. Тұқым қалаушылықтың Днқ молекуласын жинақтап, конденсациялайтын гистондық емес ақуыздардың кешенінен тұрады. Жасушаның генетикалық құрылымы. Хроматин – яғни жасуша ядросының негізгі компоненті болып табылады және оны интерфазалық ядродан немесе митотикалық хромосомадан бөліп алу айтарлықгай жеңіл. Ол үшін оның әлсіз иондық күші бар сулы ерітіндіде немесе жай деиоидалғаи суда ерітілген күйге көшетін қасиетін пайдаланылады, алайда бірден с.йық күйге емес, қоймалжың күйге ауысады. Мұндай препараттарды нағыз сұйық ерітіндіге айналдыру үшін сілку, араластыру және қосымша гомогенизация сияқты күшті механикалық эсерлерді кажет етеді. Осындай әсерлер, сондай-ақ оны ұсак фрагменттерге бөлшектегенде хроматиннің қалыпты құрылымының бұзылуына әкеледі, бірақ оның химиялық құрамы өзгеріссіз қалады. Әр түрлі объектілерден алынған хроматин фракциялары айтарлықтай ұқсас немесе бірдей компоненттер жиынтығынан тұратындығы анықталды. Интерфазалық ядродан алынған хроматиннің химиялық құрамы митотикалық хромосоманың хроматинінен аз мөлшерде ерекшеленеді. Хроматиннің негізгі компоненттері ДНҚ және белок, ақуыздардың ішінде негізгісі гистон және гистондық емес белоктар. Бөлініп алынған хроматиннің орташа шамамен 40%-ға жуығын ДНҚ және 60%-ға ақуыздар құрайды, барлық белоктардың ішінде ядролық арнайы белок- гистондар 40-тан 80%-ға дейінгі мөлшерін құрайды. Хроматинді фракцияның құрамына одан басқа, РНҚ, көмірсулар, липидтер, гликопротеидтер сияқты мембраналы компоненттер де кіреді. Бірақ осы минорлы компонентердің хроматин құрылымына қанша мөлшерде кіретіндігі әлі анықталмаған. Тек РНҚ ДНҚ матрицасымен байланыстылығын жоғалтпаған күйіндс, яғни траскрипциялық РНҚ күйінде болуы мүмкін. Басқа да минорлы компонеіптср ядро кабықшасын құрайтын заттарға жатуы мүмкін.
Ядрошық- ядроның ортасында орналасқан тығыз денешік. Негіздік бояулармен интенсивті боялады. Ядрошықтың көлеміне қарай --- анықтауға болады. М-лы: ірі ядрошықтар- қатерлі ісікте тез өсуші жасушаларға тән митоз фазаларында пішіні өзгермелі болады: профазада- кішірейіп, соныңда мүлде жойылады. Телофазада- қайта қалптасады. Қызметі: - ррнқ синтездеу, - рибосомалардың суббірліктерің құрастыру.
Ядролық қабықша- қосмембраналы жүйе. Нуклеоплазма мен цитоплазманың ортасында перинуклеарлы кеңістігі болады. Ядролық қабықтың мембраналары ішкі және сыртқы ортамен жеке жеке алмасуға қолайлы құрылым болып табылады. Ішкі мембранасы интегралдық ақуыздар арқылы ламинаға бекінеді, сыртқы мембранасы ЭПТ-дың мембраналық жұйесімен бірігеді.
Сыртқы мембрананың цитоплазмалық бетінде орналасқан рибосомаларында синтезделген белоктар ЭПТ-ның қуысы – цистернамен байланысқан перинуклеарлы кеңістігіне түсіп отырады. Ядролық қабық цитоплазма мен ядро арасында молекулалардың еркін тасымалдануына кедергі жасайды. Сондықтан оның құрамында арнайы тесіктер- ядролық поралар қалыптасқан.Олардың саны(2000-4000) жасушаның тіршілік әрекетінің белсенділігіне тәуелді өзгеріп тұрады. Пішіні дөңгелек тесіктi, ядролық қабықта сақина тәрізді орналасқан. әр қатары 8 ақуыз гранулдардан тұратын 3 катарлыядролық поралық кешен шектейді. Кариоплазма (ядро сөлі) (гр. karyon — ядро, plasma — плазма) - жасуша ядросы құрылымдарының аралықтарындагы бірыңғай келген ядроның қоймалжың сұйық бөлігі. Жасуша цитоплазмасынан ядро қабықшасы — кариолемма арқылы оқшауланып бөлініп тұрады. Ядро сөлінің құрамында күрделі протеиндер — нуклеопротеидтер, гликопротеидтер, ядро тіршілігіне қажет энергия алмасуын реттейтін ферменттермен қатар, нуклеин қышқылдарының, протеиндердің және т.б. заттардың түзілуіне керекті әртүрлі қосылыстар болады.Кариоплазма, сондай-ақ нуклеоплазма, галиоплазма немесе кариолимфа ретінде де белгілі, ақуыздардан, нуклеотидтерден, РНҚ-дан, нуклеозидтерден және иондардан тұратын сулы (жартылай сұйық) ерітінді. Бұл қосылысқа нуклеоли мен хроматин құйылады. Нуклеоплазма жасуша ядросын толтырады. Кариоплазманың негізгі белгілері
- Кариоплазма біртекті және тұтқыр.
- Ол цитоплазмадан ядролық мембранамен бөлінеді.
- Ол органикалық молекулаларға бай.
- Интеркроматиннің барлық кеңістігін алады.