Гистология 1 рк 1- жасуша емес құрылымдар – симпласт және жасуша аралық зат жасуша туындылары ретінде. Синцитий


Қосындылар , анықтамасы жіктелуі. Ағзадағы және жасушадағы өмір сүру қасиеті



бет5/14
Дата20.11.2022
өлшемі66,83 Kb.
#51350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Гистология 1 рк

Қосындылар , анықтамасы жіктелуі. Ағзадағы және жасушадағы өмір сүру қасиеті
Жасушалық қосындылар— зат алмасу процесіне (метаболизмге) байланысты жасуша цитоплазмасындағы тұрақсыз құрылымдар. Жасуша метоболизмі өнімдерінің гранулдар ,тамшылар,кристалдар түрінде қалыптасқан тұрақсыз жиынтықтары. Олардың ұшырасуы жәнее мөлшері жасуша метоболизмі жағдайына тәуелді. Жасушалық қосындыларға трофикалық, секретарлық, экскреторлық және пигменттік қосындылар мен витаминдер жатады.
Трофикалық қосындылар (протеин, май, көмірсулар) — қоректік заттардың қоры және энергия көзі. Протеиннің түзілуі мен жинақталуы жасуша эндоплазмалық торының белсенділігіне байланысты. Бауыр жасушаларында (гепатоциттерде) көмірсулар (гликоген), май қосындылары липид тамшылары ретінде жиналады. Бұл қосындылар энергия көзі болып табылатын глюкозаның өндірілуі үшін қажет. Олардың мысалы бауыр жасушаларында жинақталатын май тамшылары және бауыр мен бұлшықет жасушаларындағы гликоген гранулдары. Жасушада субстрат жетіспеген жағдайда , бұл қосындылар қанға кері сорылып , тіндерде энергия көзі ретінде пайдалады. Сондықтан ұзақ мезгіл бойы аш болған организмнен алынған жасушалардың цитоплазмасында трофикалық қосындылар аз ,тіпті жоқ
Секреторлық (бөлінділік) қосындыларға пайдалы заттар (секреттер): сөл, сілекей, өт, гормондар (инкреттер), сүт және тағы басқалар жатады. Бұл қосындылар жасушаның сыртына шығарылып, организмнің тіршілік әрекеттеріне қатысатын өнімдер. Олар цитоплазмада гормондар мен ақуыздардың гранулдары немесе тамшылары түрінде көрінеді.
Экскреторлық қосындыларды жануарлар организміне керек емес зиянды қосылыстар (зәр, тер) құрайды. Бұл қосындылар – гранулдар иен көбікшелер түрде жасушаның сыртына шығарылатын, организмге уытты әсерін тигізуі мүмкін.
Пигменттік қосындылар жасушалар мен ұлпаларға түр-түс береді. Оған қандағы гемоглобин, Бұлшықеттегі миоглобин, терідегі меланин т. б. жатады. Пигмент каротин жемістерде, өсімдік жасушаларында түзіледі. Ол — А провитамині. Каротин жануарлар организмінде А витаминіне айналады
Бұл қосындылар цитоплазманың табиғи боялған заттары: оларды көру үшін арнайы бояудың қажеті жоқ. Қайсібір тіннің табиғи түсі олардың жасушаларындағы пигменттердің типі мен мөлшеріне байланысты. Организмнің әртүрлі мүшелерінің қалыпты түстерін ажырату және сол түстердің пайда болу себебін анықтау , сырқаттарды клиникалық диагностикалау үшін маңызды. Пигменттердің экзогендік және эндогендік түрін ажыратады. Экзогендік пигменттер организмнен тыс пайда болып, оның ішіне әртүрлі жолдармен еніп, жасущалардың цитоплазмасында орналасады .
Эндогендік пигменттер жасуша ішінде түссіз заттардан синтезделеді ,мысалы эритроциттердеі боз-қызыл түске бояйтын гемоглобин. Макрофагтар цитоплазмасында ыдаруының әрбір кезеңінде гемоглобин алтын-қоңыр түсті гемосидерин , сары-қоңыр түсті билирубин ,жасыл түсті биливердин пигменттеріне айналып отырады

11-Ядро. Ядроның генетикалық ақпаратты тасмалдау және сақтаудағы рөлі. Ядроның пішіні және саны. Роль ядро в хранении и передаче генетической информации и в синтезе белка. Жасуша цитоплазмасындағы мемраналы жүйелермен ядро қабығының өзара қарым- қатынасы (байланысы)


Ядро- барлық тіршілік әрекеттерін: зат алмасу, көбеюін, дамуын және т.б реттеп отыратын орталық болып табылады. Оның негізгі маңыздылығы құрамында генетикалық ақпараттың болуында.
Ядро жасушада бірнеше қызметтер атқарады. Олар:
1) Генетикалық информацияны сақтап, оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тұқым қуалаушылық ақпараттар хромосомдар құрамындағы ДНҚ нуклеотидтік тізбегінде арнайы кодпен ген түрінде сақталады. Әртүрлі сыртқы факторлар әсерінен ген мутацияға ұшырауы мүмкін, ал ядро ішіндегі репартациялық ферменттер жүйесі осы ДНҚ-ның бұзылған бөліктерін қалпына келтіріп, оның тұрақтылығын сақтайды.
2) Тұқым қуалаушылық ақпаратын жүзеге асыру. Бұл қызмет ядро ішіндегі транскрипциядан, яғни а-РНҚ, т-РНҚ және р-РНҚ синтезделуін іске асырады.
3) Генетикалық ақпаратты жасушалардың бір ұрпағынан келесісіне беріп отыруы. Бұл қызмет ДНҚ-ның редупликацияға қабілеттілігінен, яғни митоз кезінде жасушалардың дәлме-дәл бөлуінен іске асады.
Әдетте эукариотты жасушаларды тек 1 ядро болады, алайда кей жағдайларда көп ядролы тіпті ядросыз жасушаларда кездеседі. Ядроның көп болуы зат алмасу қабілеттілігін көтереді де оның атқаратын қызметтерін арттырады осылайша жасуша ұзақ өмір сүреді. Ал ядросыз жасушалар бөліну қабілеттілігінен айырылып ұзақ өмір сүрмейді.
Ядроның пішіні жасуша түріне қарай әртүрлі болады. Мысалға, шар тәрізді, овальді, таяқша тәрізді, бұршақ және т.б. Осы ядроның пішіні мен көлемі метобализм белсенділігіне қарай өзгеріп отырады. Бірақ ядролардың әртүрлілігіне қарамастан олардың барлығының құрылымы бірдей- ядролық қабық, нуклеоплазма, ядрошық және хроматиннен тұрады.
Ядролық қабық-нуклеоплазманы цитоплазмадан ажыратып тұрушы. Оның арасында принуклеарлық кеңістік бинарлық мемберналық жүйе бар. Ядроның мұндай құрылысы оның әртүрлі орталармен әрекеттесуіне мүмкіндік жасайды. Олар ішкі мембернасы интегралды ақуыздары арқылы лиминаға бекітілсе, ал сыртқы мембернасы ЭПТ-ның мемберналық жүйесімен тұтасып бірігеді. Сонымен қатар ядролық қыбық ядро мен цитоплазма арасындағы молекеулалардың тасымалдауына кедергі жасайтындықтан онда арнайы теіктер ядролық поралар болады. Олардың саны жасуша белсенділігіне байланысты өзгеріп отырады

12



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет