Гистология 1 рк 1- жасуша емес құрылымдар – симпласт және жасуша аралық зат жасуша туындылары ретінде. Синцитий



бет3/14
Дата20.11.2022
өлшемі66,83 Kb.
#51350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Микротүтікшелер
Центриольдер, базальді денешелер, кірпікшелер мен
ширақшалар бірге қарастырылады, себебі, олардың
барлығы да микротүтікшелерден құрылған
органеллалар.
Құрамы: Ақуыздар мен тубилиннен тұрады.
Қызметі: жасушаның пішін қалыптастыру, тұтас
жасушаның және қимылдарын, заттардың бағытты
тасымалдануы, цитоплазмада органоидтардың орын
ауыстыруын қамтамасыз ету.
Жасушалық орталық (центросома)- центриольдерден және олармен байланысқан
микротүтікшелерден-центросферадан тұрады. Центроильдердің атқаратын қызметі:
митоз ұршығын қалыптастыру орталығы-екі еселенген центроильдердің әрқайсысы
жасуша полюстеріне ажырап,өздерінен микротүтікшелерді өсіріп, шығарып отырады.
Нәтижесінде, олардың арасында митоз ұршығы пайда болады. Кірпікшелер мен
ширақшалар- қимыл-қозғалыстың арнайы органеллалары. Жарық микроскобымен
қарағанда бұл құрылымдар жасушаның жіңішке ӛсінділері сияқты кӛрінеді.
Кірпікше- ұзындығы 5-10 мкм, қалыңдығы 0,2 мкм, ішінде аксонемасы бар жасуша
плазмалеммасының ӛсіндісі. Ол тыныс алу жолдарының және жатыр
түтігінің эпителийлі жасушаларында жақсы дамыған.
Атқаратын қызметтері:
-кеңірдек пен бронхтарда кілегеймен қоршалған бӛгде заттарды сыртқа қарай итеріп
шығару;
-жатыр түтігінде аналық жасушаны жатыр қуысына қарай итеріп шығару;
-жасушалар бетінде сұйықтық ағынды қалыптастыру.
7-Жасуша аралық қатынастардың жалпы сипаттамасы. Жіктелуі. Жасуша аралық байланыс тар ,қарапайым байланыс, саңырау арқылы байланыс, сынап синапстық байланыс.

Көп жасушалы жануарлар организмдерінің органдары мен ұлпаларының құрамындағы жасушалардың өзара байланысы жасушааралық байланыстар деп аталатын күрделі арнаулы құрылымдар құрайды.


Жасушааралық байланыстардың бірнеше түрлерін ажыратуға болады: жай жасушааралық байланыс (құлып және саусақ тәрізді байланыстар), десмосомалық, тығыз байланыстар, лента тәрізді десмосомалар, саңылау тәрізді байланыс.
Жай жасушалық байланыстар. Қабат кұрайтын жасушалар ерекше құрылымдарды құрамастан өзара байланысады. Бұндағы жасушалардың байланысы жай байланыс арқылы қамтамасыз етіледі. Екі жасушаның плаз-малеммаларының арасында 15-20 нм жасушааралық кеңістік болады Жай байланыстан басқа жасушаларды өзара байланыстырып бекітетін арнаулы құралдар болады Ол «құлып» деп аталатын кұрылым. Бұл әдісте бір жасуша-ның плазмалық мембранасы екінші жасушаның мембранасының ойысына сәйкес келетін өсінді құрайды. Құлып тәрізді немесі тісті байланыс эпителиальдық ұлпаларда көп кездеседі.

Тығыз байланыс. Екі көршілес жасушалардың плазмалық мембраналары мейлінше жақындап, бір-біріне жабысып, қалыңдығы 2-3 нм бір жалпы қабат құрайды. Байланыстың аймағы макромолекулалар мен иондарды өткізбейді. Тығыз байланыс жасушаның апикальдік жиегінде болады.


Десмосомалар – эпителиалдық жасушалардың көбіне тең. Десмосома ара-қашықтықтары 30-50 мкм екі көршілес жасушалардың плазмалық мембра-наларының диаметрі 0,5 мкм-ден екі дөңгелек немесе сопақша участок-терінен түзілген. Мембрананың астында жасушаның ішінде орналасқан тоно-фибриллалар бекитін тығыз пластинка бола­ды. Жасушааралық кеңістікте кейде цементтеуші зат байқалады. Тонофибриллалар тірек қызметін атқарады. Көпшілік жағдайда жанасатын жасушалардың десмосомалары бір-біріне тығыз беттеспейді, арасында сұйық ағатын жасушааралық кеңістік болады. Электрондық микроскопта десмосома аймағы көршілес жасушалар-дың плазмалық мембраналарында орналаскан күңгірт дақ болып байқалады. Десмосомалардың функциясы – жасушаларды өзара бекіту.
Саңылау тәрізді байланыс немесе нексустар. Жасушадан жасушаға химиялық заттарды тікелей жеткізуге қатысатын құрылым. Байланыстың бүр түрінде екі көршілес жасушалардың плазмалық мембраналарының арақашық-тықтары 2-3 нм-ден аспайды.
Көршілес жасушалардың мембраналары коннексондар деп аталатын құрылымдармен байланысқан. Коннексон – ортасында ені 2 км каналы бар, молекулалық массасы 20 мыңдай коннектин белогінен тұратын цилиндр тәрізді агрегат.
Саңылау тәрізді байланыстың зоналарында жасушалардың функциялық ерекшелігіне байланысты 10-20-дан бірнеше мыңға дейін плазмалық мембрананы тесіп өтетін коннексондар болады. Көршілес жасушалардың плазмалық мембранасындағы коннексондар бір-біріне дәл қарсы орналасып біртұтас жүйе құрайды.
Коннексондар иондар мен төменгі молекулалық заттардың бір жасушадан екінші жасушаға өтетін жасушааралық каналдардың міндетін атқарады. Саңылау тәрізді байланыс арқылы белоктар мен нуклеин қышқылдары өте алмайды.

Синапстық байланыс (синапстар):


Байланыстың бұл түрі нерв ұлпасына тән. Екі нейронның арасында және нейрон мен рецептор немесе эффектор арасында кездеседі. Нейрондар арасындағы бұл байланысты 1897 жылы Шеррингтон ашып, оны синапс деп атаған. Бір элементтен екінші элементке қозуды немесе бөгеуді біржақты өткізуге мамандалған екі жасуша байланысының участогі.
Плазмодесмалар. Клекааралық байланыстың бұл типі өсімдіктерде кездеседі. Плазмодесмалар көршілес екі жасушаны байланыстыратын жіңішке түтік тәрізді цитоплазмалық каналдар. Осы каналдарды шектейтін мембрана көршілес жасушалардың плазмалық мембраналарына ауысады. Плазмодесма-лар жасушаны бөліп тұратын жасушалық қабырғаны тесіп өтеді. Сонымен, кейбір өсімдік жасушаларында плазмодесмалар көршілес жасушалардың гиало-плазмасын байланыстырып тұрады. Плазмодесмалардың маңызы зор. Құра-мында қоректік заттар, иондар және басқа қосылыстар бар ерітінділердің жасушааралық ағысын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге плазмодесма арқылы жасушаларға өсімдіктер вирустары да таралады.

8-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет