Гистология 2-аралық бақылау ескерту аманатқА Қиянат жасамаңыз материалды таратуғА ӨҢдеуге қатаң тыйым салынады



бет11/18
Дата26.12.2023
өлшемі45,49 Mb.
#143400
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Гистология рк 2 аралық бақылау

Сызықты өзектері қыстырма өзектердің жалғасы. Диаметрі қыстырмаға қарағанда кең, олар тармақталған, қабырғасы бір қабатты призмалы эпителийден түзіледі. Эпителийдің сыртын немесе екінші қабатын миоэпителиоциттер қоршайды. Эпителиоциттердің цитоплазмасы ацидофильді боялған, апикальді бөлігінде микробүрлері бар, ал базальді полюсінде көптеген митохондриялары болғандықтан бұл бөлігі сызықты пішін береді.
Бөлік аралық өзектері сырты екі қабатты эпителиймен тысталған, өзегі іріленген сайын эпителийдің қабаты қалындап көп қабаттыға айналады.
Жалпы секрет бөлетін өзегі бездің денесінен шығып, шайнау бұлшық етінің арасынан өтіп, ұрттың кілегейлі қабығынан, екінші жоғарғы үлкен азу тісінің тұсынан ашылады. Қабырғасы көп қабатты куб тәрізді эпителиймен тысталған.
Клиникасы: Сиалоаденит – сілекей бездерінің қабынуы.
Қызметі: сілекейді өңдеп шығады, эндокриндік қызмет.




Ұрт. Ұрттың негізі бұлшық етінен тұратын сыртқы терімен, ал ішкі беті кілегейлі қабықпен қапталған мүше. Ұрттың үстіңгі, астыңғы жақтық және аралық аймақтарын ажыратады. Үстіңгі (максилярлы) және астыңғы (мандибулярлы) аймақтарының құрылысы ұқсас, ішкі бетінің кілегейлі қабығы көп қабатты мүйізделмеген эпителий және оның астында дәнекер тінді меншікті пластинкасынан аласа еміздікшелер шығады. Осы меншікті пластинкада көптеген ұрттың сілекей бездері орналасқан. Олардың өзектерінің көпшілігі әрбір жақтағы тіс түбірлерінің тұсында және жақ еттерінің арасынан ашылады. Ұрттың аралық бөлігі кең, ені 10 мм, ауыздың бұрышынан төменгі жақ сүйегіне дейін созылып орналасқан. Бұл бөлігінде сілекей бездері болмайды. Эмбриондар мен нәрестенің дамуының бірінші жылында ұрт эпителиінде бүрлер де болады.
Қызыл иек, жоғарғы және төменгі жақ сүйектерін жауып жаткан кілегейлі қабық. Ол көп қабатты жалпақ эпителийден, меншікті дәнекер тінді пластинкадан тұрады. Бұл пластинка тіс аралық қызыл иекте биік емізікшелер түрінде болса, ал пластинканың сүйекке бекінген аймақтарында аласа пішінге ие болады. Жақ сүйегіне бекінген қызыл иектің кілегейлі қабығының ет пластинкасы болмайды. Тіс мойынындағы қызыл иектің эпителиінде бос жаткан нерв ұштары көп. Ал дәнекер тінді меншікті пластинкасында тін базофильдері, гликозаминогликандар де кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет