Бауыр жасушалары, немесе гепатоциттер. Бауырдың 60%-тейігепатоциттер. Бұл жасушалардың қызметі өте күрделі, әрі маңызды. Гепатоциттер дм. 20-25 мкм, пішінсіз, көбінесе көп бұрышты болып келеді. Адам бауырында гепатоциттердің 20% екі ядролы. Мұндай гепатоциттердің саны ағзаның қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Гепатоциттердің ядросы дөңгелек пішінді, көлемі 7-16 мкм болып келеді. Бұл гепатоциттердің полиполоидтылығын білдіреді. Жасқа байланысты (қартайған шақта) мұндай ірі, ядролы жасушалардың саны көбейеді (80%). Гепатоциттердін цитоплазмасы РНП-нің көп болуымен ерекшеленеді. Жасуша органеллаларының барлық түрлері, оның ішінде көптеген митохондриялар мен эндоплазмалы торлар баршылық. Гепатоциттердің цитоплазмасында жасуша қосындылары, гликоген, липидтер көптеп кездеседі. Бұл қосындылардың мөлшері бауыр жасушаларының атқаратын қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Тағамды қабылдағаннан кейін 3-5 сағаттан соң гликогенннің бөліну мөлшері жоғарылайды. Көптеген ауруларда гепатоциттердің цитоплазмасына май жиналып, патологиялық өзгерістер пайда болады (алкоголизмде, мидың жарақаттану кезінде, сәулелі ауруларда). Бауырдың қызметі тәулік ритмі бойынша, күндіз өтті, ал түнде гликогенді синтездеп шығарады.
Өт жолдары мен өт қапшығы. Өт жолдарына жататындар: бауыр ішіндегі және сыртқы өт өзектері болып табылады. Бауыр ішіндегісіне бөлік аралық өт өзегі қатысса, ал сыртқысына оң және сол жақтағы өт өзектері мен жалпы бауырдан шығатын өт қапшығы жатады. Бауыр ішіндегі өт өзегі бауыр триадасы немесе бауыр үштігімен бірге орналасады. Бөлік аралық өт өзегінің қабырғасы бір қабатты куб тәрізді, ал ірі өзектерінде цилиндр пішінді эпителиймен тысталған. Бауырдан шығатын сырткы өт жолдарының құрылысы бір-біріне ұқсас. Бұлар диаметрі 3,5-5 мм-дей болып келген қабырғасы жұқа түтіктер. Қабырғасында үш түрлі қабығы бар. Олар: кілегейлі, етті және сыртқы адвентициальді қабықтары болып табылады.
Өт қапшығы. қабырғасы 1,5-2 мм, сыйымдылығы 40-70 мл болып келген қапшық, қабырғасында үш қабығы бар. Кілегейлі қабығының меншікті пластинкасында альвеолярлы түтікшелі бездер орналасқан. Ет қабығы тегіссалалы миоциттерден тұрады. Сыртқы адвентициальді қабығы –тығыз талшықты дәнекер тіні.
Өт қабының қызметтері:
- Өттің депосы (өт жиналады).
-Өттің құрамындағы сұйықты сорып концентрациясын реттейді.
-Шырышты бөледі.
-Өт жолдарының бітелуінен (ісік, тастардың пайда болуынанпаразиттердің болуы) өт гемокапиллярларының қысымы күрт өсіп, өт қанға өтіп кетеді, бұл" механикалық сары ауруға" әкеп соғады.
Клиникасы:Бауыр циррозы – дәнекер тінінің диффузды пролиферациясына байланысты бауыр құрылымының бұзылуы.
Қызметі: Қор жинақталу, зат алмасу.