Гистология 2-аралық бақылау ескерту аманатқА Қиянат жасамаңыз материалды таратуғА ӨҢдеуге қатаң тыйым салынады


Клиникасы: Пеллагра стоматиті ұрттың шырышты қабықшасында күлдіреуік шығуы. Қ ызметі



бет12/18
Дата26.12.2023
өлшемі45,49 Mb.
#143400
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Гистология рк 2 аралық бақылау

Клиникасы: Пеллагра стоматиті ұрттың шырышты қабықшасында күлдіреуік шығуы.
Қ ызметі: Асты механикалық өңдеу.

Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың байланысқан тұсындағы кілегейлі кабығында көптеген лимфоидты тіндердің жиынтығы орын алады. Лимфоидты тіндердің көптігі сонша, бұлар ауыз қуысының түбінде лимфо- эпителиалды жұтқыншақ сақинасын түзеді. Сақинаның ең ірісін - миндалиналар дейді.


Ағзада мұндай миндалиналар сыртқы ортадан келіп түскен микробтарды залалсыздандырып қорғаныс, сүзгілік, барьерлік қызмет атқарады.
Миндалиналар антигенге тәуелді емес Т,В лимфоциттердің дифференциялануына және тағамның микрофлорасының жай-күйін бақылайтын цензорлық қызметтерге қатысады. Миндалиналар бірнеше топтарға жіктеледі: таңдай, жұтқыншақ және тіл миндалиналары болып табылады. (Пирогов сақинасы деген атқа ие).
Тандай миндалиналары кілегейлі қабықтың қатпарларындағы меншікті пластинкада орналасқан лимфоидты түйіндер (noduli lympathici). Миндалиналардан тандайды терендей 10-20 крипталар орналасады. Крипта эпителилерінің құрамында тіршілігін жойған лимфоциттер кездеседі. Миндалина құрамындағы микробтарды лимфоциттер фагоцитоз әдісімен жойып, өздері инфильтрацияланған ошақтарға айналады.
Клиникасы: Тонзиллит – таңдай миндалинасының инфекциялық – аллергиялық ауруы.
Қызметі: қан түзу қызметі, қорғаныс.
1 0-апта.Ас қорыту жүйесінің ортаңғы бөлімі: асқазан, аш ішек,тоқ ішек. Жас ерекшеліктері.

А сқазанның қабырғасы шырышты немесе кілегейлі қабықтан, кілегей асты негізден, бұлшық етті және сірлі қабықтан тұрады.


Асқазанның кілегейлі қабығының беті тегіс емес. Мұнда: қатпарлар, аймақтар және шұңқырлар болады.
Асқазан қатпарлы (plicae gastricae) кілегейлі қабық пен кілегейлі асты негізден түзіледі. Асқазан аймақтары болып (areae gastricae) кілегейлі қабықтағы борпылдақ дәнекер тінінің перделері арқылы бөлінген, бездер тобынан түзілетін құрылым. Бұлар көпбұрышты, ені 1-16 мм болатын аймақтар. Асқазан шұңқырлары (foveolae gastricae) болып эпителийдін кілегейлі қабығының меншікті пластинкаға енген шұңқырлары болып табылады. Мұндай шұңқырлар асқазанның бүкіл бетінде кездеседі. Саны 3- млн-дай. Бұлардың тереңдігі асқазанның әр бөлігінде әртүрлі.
Асқазанның шұңқырлары мен асқазанның бетін тыстайтын эпителиі бір қабатты призмалы. Эпителийдің жасушаларында қарама-карсы беткейлерінің базальді және апикальді полюстері болады. Апикальді полюсі шырышты секреттің көпіршіктеріне өте бай. Жасушалар базальді бөлігімен базальді мембранаға бекінеді де, мұнда көптеген синтетикалық процеске катысатын органеллалары орналасқан. Асқазанды тыстайтын эпителиоциттерінің ең маңызды қызметі-шырышты секрет түзу болып табылады. Бұл тағам бөліктерінің механикалық әсерінен ғана емес, сонымен бірге, асқазан сөлінің химиялық ықпалынан да қорғайды. Асқазан сөлінің құрамындағы шырыштың мөлшері оған тітіркендіруші заттар (алкоголь, қышқыл, т.б.) түскен жағдайда күрт көбейеді.
Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында асқазан бездері орналасқан. Асқазанның он екі елі ішекке өтер тұсында лимфа түйіндер де кездеседі. Кілегейлі қабықтың етті пластинкасы тегіс салалы бұлшық ет тінінен түзілген: ішкісі мен сыртқысы айналмалы, ал ортаңғысы тік бойлық қабаттан тұрады. Асқазанның ет пластинкасы кілегейлі қабықтың қозғалғыштығын қамтамасыз етеді, сонымен бірге сөлдің асқазан бездерінен бөлінуіне септеседі. Асқазан бездері оның әр бөлімінде әртүрлі. Осыған байланысты асқазандағы бездердің үш түрін ажыратады; олар: меншікті, пилорикалық және кардиальдік бездер. Саны жағынан асқазанның меншікті бездері өте көп. Олар асқазанның денесі мен түбінде орналасады (фундальді). Кардиальді және пилорикалық бездер асқазанның аттас бөліктерінде жатады. Асқазанның меншікті бездері бәрінен көбі. Адамда бұлардың саны жағынан ең көбі: құрылысы жағынан қарапайым тармақталмаған, түтікшелі бездер болып келеді. Бір бездің ұзындығы шамамен - 0,65мм. d=30-50 мм дей. Әр безде; бездің түбі, денесі, мойыны ажыратылады. Денесі мен түбі секреторлы бөлігі де, ал мойны секрет шығарушы өзегі.
Асқазанның меншікті бездерінде безді жасушалардың бес түрлері болады, олар: басты, париетальды экзокриноциттер, шырышты мойын мукоциттері, эндокринді және аз маманданған эпителиоциттер болып табылады. Эндокриноциттер бездің түбі мен денесінде орналасады, пішіні дөңгелек, апикальді және базальді бөліктері бар. Апикальді бөлігінде белокты секреттің көпіршіктері байқалады. Ал, базальді бөлігінде жақсы жетілген синтетикалық аппараты орналасқан. Апикальді бөлігінде қыска микробүрлері де болады. Негізгі (басты) эпителиоциттер профермент (зимоген) -пепсиногенді бөледі. Пепсиноген тұз қышқылының қатысуымен пепсинге айналады. Сүтті ыдырататын химозин де басты эпителиоциттерден түзіледі деген болжам да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет