Венулалар үш топқа-посткапиллярлық, жинақтаушы, етті болып бөлінеді. Посткапиллярлық венула; d=8-30 мкм, өзінің құрылысы бойынша капиллярлардың веналық бөлігін еске түсіреді, бірақ құрамында перициттері көбірек. Жинақтаушы венула, d=30-50-мкм, құрамында ет жасушалары бар, сыртқы қабығы ерекше көрінеді.
Етті венула, =50-100 мкм, құрамында ет жасушалары көп, сырткы қабығы салыстырмалы түрде жақсы дамыған.
Клиникасы: Тромбоз – қан тамырдың белгілі бөлігіндегі қан ұюынан түзілім пайда болуымен жүретін патологиялық жағдай.
Қызметі: тасымалдау, реттеушілік.
8-апта.Жүрек-қан тамырлар жүйесі. Лимфа тамырлары. Жүрек, оның қақпақшалары. Жүректің өткізгіш жүйесі. Жас ерекшеліктері.
Эндокард-жүректің ішкі қабығы. Қалыңдығы әр түрлі, жүректің сол жак камераларында, әсіресе қарынша аралық бөліктерінде аорта мен өкпе артериясының байланысатын жерлерінде қалың, ал сіңірлік жіпшелерінде жұқа. Жүректің эндокарды құрамында полиганальді жасушалары бар, эндотелиймен тысталған. Бұл жасушалар базальді мембранаға бекінген. Мұның астында дәнекер тінді эндотелий асты және эластинді-етті қабаты болады. Ет жасушалары эндокардпен аортаның байланыскан жерінде жақсы дамыған. Эндокардтың қоректенуі диффузды түрде ішіндегі қаннан қоректік заттарды алу арқылы.
Клапандар. Жүректің клапандары жүрекше мен қарынша арасында, сонымен бірге ірі тамырларда болады. Жүрекше мен қарынша (атриовентрикулярлы) арасындағы клапаны жүректің сол жағындағы екі қақпақты, ал оң жағында үш қақпақты болып келген. Клапандар эндотелиймен тысталған, құрамында тығыз талшықты, дәнекер тінді кұрылымы бар. Қақпақшалардың негізгі затында гликозаминогликандар баршылық.
Миокард - жүректің ет қабығы, тығыз орналасып, бір-бірімен байланысқан көлденең жолақты ет жасушалары кардиомиоциттерден тұрады. Мұндай кардиомиоциттердің арасында борпылдақ дәнекер тіні, қан тамырлары, нервтер орналасады. Кардиомиоцитердің үш түрі бар, олар: жиырылғыш(жұмысшы) ет жасушалары, ал екіншісі жүректің өткізгіш жүйесіне жататын өткізгіш жасушалар, ал үшіншісі- секроторлы немесе эндокринді кардиомиоциттер.
Жүректің жиырылғыш кардиомиоциттерінің өзіне тән құрылымдық және цитохимиялық ерекшеліктері бар, бұл оларды өткізгіш кардиомиоциттер мен канка бұлшық еттерінен ажыратып жатады. Жиырылғыш кардиомиоциттердің пішіні тік бұрышты, ұзындығы 50-120 мкм-ге дейін, ені 15-20 мкм болып келген. Бұлардың ортаңғы бөлігінде 1-2 сопақша немесе таякша пішін ядросы орналасады. Кардиомиоциттердің сыртын плазмолемма мен базальді мембранадан тұратын сарколемма қоршайды. Базальді мембрананың құрамында Са* байланыстырушы гликопротеидтер бар. Кардиомиоциттердің латеральді жағында Т-жүйесі де болады. Жүрек қарыншасындағы кардиомиоциттерде Т-жүйесі жақсы дамыған. Жүрекшедегі кардиомиоциттердің пішіні өсінділі де, мұнда митохондриялар, миофибриллалар, саркоплазмалы жүйе аздау. Бүл кардиомиоциттердің тағы бір ерекшелігі, цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршікті торы мен Гольджи комплексі болады. Осы аталған морфологиялық белгілер жүрекше кардиомиоциттерінде гранулалардың болуымен ерекшеленеді. Бұл грануллалар гормональды пептидтерге бай (натрий уретикалық фактор). Жүрекше кардиомиоциттері бүйректің шумакты аймағында орналасқан жасушалар сияқты артериялық қысымды реттеуге қатысады. Бұлардың тағы бір ерекшелігі сүтқоректілерде Т- жүйесінің каналдары әлсіз, нашар дамиды, бірақ оларда көптеген пиноцитозды көпіршіктер мен кавеолалар болады. Осы көпіршіктермен кавеолалар Т-жүйесінің аналогы болып табылады деген пікір бар. Кардиомиоциттер өзара қыстырма дискілермен байланысады, бұлар препаратта күңгірт жолақ түрінде көрінеді.
Жүректің өткізгіш жүйесіне жиырылғыш кардиомиоциттерге нерв импульсін қалыптастырып, өткізетін ет жасушалары тобы жатады. Бұл жүйенің құрамына жүрекше түйіні, жүрекше мен қарыншадағы түйін немесе Гис шоғыры және оның тармақтары (оң және сол жақтағы) немесе Пуркинье талшықтары жатады. Бұлар жиырылғыш кардиомиоциттерге нерв импульсін өткізіп, жүректің ритмін реттейді. Осы жүйенің әр бөліктерінде ет жасушаларының әртүрлі қатынастағы үш түрін ажыратады; үшінші түрі- секреторлы жасушалары гормон бөліп (ПНФ) жиырылғыш ет жасушасынын қызметіне, артериялық қан қысымына, су мен тұздың алмасуына, несептің бөлінуіне әсер етеді.
Жүректің сырткы қабығы немесе эпикард перикардтың висцеральді жапырақшасы түрінде болады. Эпикард дәнекер тінді, миокардпен тығыз бірігіп кеткен жұқа(0,3-0,4 мкм) пластинка. Оның ашық беті (сыртқы) мезотелиймен тысталған. Эпикардтың 50%-ін құрайтын коллаген мен эластин талшықтары. Жүрек қарыншасы мен жүрекшенің кейбір бөліктерінде коллаген, эластин талшықтары азайып, тіпті болмайтында бөліктері.
Дәнекер тіні перикардта эпикардқа қарағанда жақсы дамыған, онда эластин талшықтар көбірек. Мұндағы кан тамырлардың бойында май жасушаларының жиынтығы кездеседі. Перикардтың аттас қуысқа қараған беті мезотелиймен тысталған. Перикардта нерв ұштары да өте көп.