Клиникасы: Дуоденит - он екі елі ішектің шырышты қабықшасының қабынуы.
Қ ызметі: асқорыту, қорғаныс, қорытылған асты сіңіру, механикалық, химиялық зақымдауы әсерлерден қорғау.
А ш ішектің қабырғасы; кілегейлі, кілегей асты негізден, етті және сірлі қабықтардан түзіледі. Ішектің рельефі тегіс емес. Онда айналмалы қатпарлар, бүрлер мен крипталар бар. Крипталарішек бездері. Мұндай құрылымдар ішектің қызметін күшейтеді. Бүрлер мен крипта ішектің құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі. Қатпарлар кілегейлі қабықпен кілегей асты негізінен түзіледі. Ішек бүрлері саусақ және жапырақ тәрізді кілегейлі қабықтан пайда болған өсінділері. Бұлар ішектің қуысына бағытталған. Бүрлердің саны өте көп. Ең көбі он екі елі ішекпен, аш ішекте (22-40 бүрлер 1 мм²). Ішек крипталары немесе бездері кілегейлі қабық - эпителиінің көптеген түтікшелер түрінде меншікті пластинкасына енген жері. Бұлардың өзегі бүрлердің арасында орналасады. Әрбір криптаның ұзындығы 0,25-0,5мм, d=0,07мм болады.
Кілегейлі қабық құрамында бір кабатты призмалы жиекті эпителиі және меншікті пластинкасы мен ет пластинкасы болады.
Эпителиі - құрамында төрт түрлі жасушалары; бағаналы, бокал - тәрізді, Панета жасушасы мен эндокриноциттер болады. Бағаналы эпителиоциттердің бір түрі М-жасушасы. Осы жасушалардың ізашарлары, криптанын түбінде орналасқан бағаналы жасуша болып саналады.
Ішек бүрлерінің құрылысы беті бір қабатты призмалы эпителиймен тысталған. Эпителийдің құрамындағы жасушалары; бағаналы, бокал тәрізді, экзокриноциттер мен эндокриноциттер болып табылады. Бұлардын ішінде бағаналы эпителиоциттері ең көбі. Пішіні призма тәрізді биіктігі - 22-26мкм, анық білінетін полярлық құрылысы бар; апикальді полюсінде жиегі- микробүрлері (1мкм² 60 тан 90 болады). Бұл микробүрлер жіңішке филаменттер мен микротүтікшелерден тұрады. Ал, бұлар болса тағамды соруға қатысады. Микробүрлердің беті гликокаликс пен тысталған. Гликокаликстің құрамында көптеген ферменттер болады, бұлар тағамды ыдыратып, тасымалдап, сорып-сіңіруге қатысады. Бұл ішектегі қабырғалық сору үрдісі болып табылады. Бұл үрдіс ішек бүрлері (жиегі) арқылы өтіп, сорылған заттар қан мен лимфаға сіңеді. Базальді бөлігінде синтетикалық аппараттары: рибосомалар мен түйіршікті эндоплазмалы тор, Гольджи кешені, лизосомалар орналасады.